Реферат тақырыбы: Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау



бет2/3
Дата18.02.2023
өлшемі199,8 Kb.
#169257
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
саясаттану парадигма (копия)
Педагогикалық адалдық – кәсіби абырой, Оку-бағдарламасы Қазақ-әдебиеті 10-11-сынып, Байшуақова Ақтоты СӨЖ 1 ИББ, Саясаттану Сыздықова СМ 2022 емтихан сұрақтары, Острая ревматическая лихорадка
1.Теологиялық парадигма.
Теологиялық парадигма саясаттың және оның проблемаларының табиғаттан тыс ұғымдармен түсіндірілуін қарастырады.Биліктің пайда болуын,биліктің өз іс-әрекетінде жүзеге асыратын заңдары туралы,адамның билікке және биліктің адамға қатынасы туралы мәселелердің діни ілімнің белгілі бір догматтық құрылысы арқылы шешеді.Осы ретте теологиялық парадигма адамдардың жердегі өмірінің жетілмегендігін,оны жақсарту қажеттілігін ескереді.Бұған жетудің негізгі жолы-құдай жазып қойған тағдырға сену.Теологиялық парадигма өзінің ортақ белгілерін сақтағанымен,әрбір әлеуметтік-мәдени ортада өзгеріске түсіп отырады,тиісті өмірлік мазмұнға ие болады.
Сондықтан да,теологиялық парадигма таза абстрактілі,догматтық,мифологиялық көзбояушылық емес,ол сондай-ақ өз уақытының саяси сұрауына жауап беруге ұмтылады.
2.Натуралистік парадигма.
Натуралисттік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын,олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады.Бұл жағдайда ең басты себеп ретінде адамдардың бірлесіп өмір сүрулерінің нәтижесінде пайда болған әлеуметтік факторлар емес,керісінше адамның биологиялық,психофизиологиялық құрылымы мен сондай-ақ қоршаған табиғи ортамен анықталатын табиғи фактор алдыңғы орынға қойылады.
Саяси ойлар тарихында натуралистік парадигма негізінде әрқилы тектегі геосаяси,биосаяси,психологизаторлық концепциялар пайда болып отырды.
Геосаяси идеялар әр түрлі географиялық ортада өмір сүретін мемлекеттік құрылымдарды,халықтардың саяси өмірін салыстыру негізінде пайда болды.Географиялық фактор ретінде климат,жергілікті жердің рельефі,адамдар қауымдастығының өмір сүру ортасы,су бассейнінің болуы сияқты аймақтық ерекшеліктер ұсынылды.
3.Әлеуметтік парадигма
Әлеуметтік парадигма қоғамдық ғылымдарда өте кең тараған.Ол саясаттың шығу тегін,оның мәні мен функцияларын әлеуметтік себептер арқылы түсіндіреді.Оның негізінде қоғамдық ғылымдардың рационалды түрде дәлелденген жүйесі жасалған.
Марксизмде әлеуметтік парадигма әлеуметтік-экономикалыққа өзгереді.Қоғамдық дамудың іргетасы адамдардың материалдық игіліктерді өндіруі болып табылады,ал ол сатылы процесс ретінде,өндірістің ерекше тәсілі ретінде жүзеге асырылып,қоғамның экономикалық базисін қалыптастырады.
Әлеуметтік парадигмалардың қатарына әлеуметтік-экономикалықтан бөлек, патриархалды-тектік құрылыс ыдырап,ол жаңа нормалар мен биліктік құрылымдары бар таптық қоғамға өте бастаған кезде ерекше мәнге ие болған этикалық-нормативті тәсілді жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет