23
Көпшілік мектеп оқушыларының таңдауы кездейсоқ болып
табылады, қиялшыл сипатқа ие, шынайы қабілеттіліктері мен
мүмкіндіктеріне мүлде сәйкес келмейді. Мектеп бағдарламасы
балаларға адамдар, оның қабілеттері туралы толық білім бермейді, яғни
кәсіп таңдауға үйретпейді және оған сай білім бермейді. Түлектердің
еңбек нарығы және сұранымға ие кәсіптер туралы, оларды алу
мүмкіндігі бар білімнің түрлері туралы құралдары жеткіліксіз.
Мектеп оқушылары өмірлік жоспар құру үшін қажетті білімдерге
ие емес. Оларда қоршаған әлеуметтік әлемнің толықтай ғылыми
суреттемесі жоқ, ол туралы білімі жеткіліксіз және қарапайым.
Көптеген оқушыларда өзін өзі әрі қарай дамыту қажеттілігі
қалыптастырылмаған, сапалы кәсіби білім алу үшін күш салуға тұрақты
уәждемесі жоқ. Осының барлығы оқушылардың кәсіби және өмірлік
жолын таңдау жағдайына аса назар аудару қажеттілігін анықтайды.
Көбіне болашақ студенттер ақпаратқа ие болмай тұрып, болашақ
мамандығын қате таңдайды. Біреулер өз таңдауын:
- отбасындағы дәстүр;
- қаржылық тарап;
- сол кәсіптің танымалдығы;
- досым сол ЖОО-на оқуға барады, менде сонда барамын деген
сияқты уәждер жасайды.
Мамандық таңдаудың тағы көптеген өлшемдерін айтуға болады,
бірақ әрбір жас адамға (жас бала, қызға) мамандықтар әлемін білу
қажет екенін, әрі қарай дұрыс таңдау жасау үшін онда жақсы
бағдарлану керек екендігін нақты бекітіп айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: