4. Достардың таңдауының әсерімен мамандық таңдау Біз кәсіпті киім және аяқ киім таңдағандай, өзіміздің
«талғамымыз» және «мөлшерімізге» қарап таңдаймыз. Топ сезімі,
қатарларына қарау – жоғары сынып жасындағы балалардың өте
позитивті ерекшеліктері. Олар қоғамда өзін өзі ұстау нормаларын
игеру, «Мен» образын және өзін бағалауын қалыптастыру үшін керек.
Сондықтан да басқаларға қараған кезде сол немесе басқа обрызын жай
көшірмелемей, өзіңізді достарыңызбен салыстырыңыз.
Достарыңыздан қандай айырмашылығыңыз және қандай
ұқсастығыңыз бар екенін көруге тырысыңыз. Бұл белгілі жағдайларда
шешім қабылдауға көмектеседі. Мысалы, егер Сіздің досыңыз әскери
оқу орнына барса (ал ол – тәуекелшіл адам) – онда Сізге мұны істеудің
қажеттігі болмайды – кәсіп ұнамай қалуы мүмкін (Өйткені Сіз өте сақ
және парасатты адамсыз).