Сабақ Тақырыбы: «Мейірімділік» Тақырыбы: «Жеке адам және өзін өзі тәрбиелеу»



Дата01.05.2017
өлшемі118,78 Kb.
#15282
түріСабақ
Оқушыларға арналған тренинг сабақ



Тақырыбы: «Мейірімділік»
Тақырыбы: «Жеке адам және өзін - өзі тәрбиелеу»


Тақырыбы: «Мейірімділік»
Мақсаты: Жеке тұлғаның өзіндік қарым – қатынасын дамыту,
 
бойына жағымды қасиет сіңіру.

Тренинг барысы:

1. Танысу тренингі.

- оқушылар шеңбер бойынша өздерін таныстырады.

2. Сағат тілі тренингі.

- сағат суретін салады.


- жұптасады.
- сұрақ қойылады.
- өз ойларын айтады.

12.00 – Сіздің сынып серуенге шығуға жиналды, бірақ сіздің жан досыңыз ауруханаға түсті де сол күні оған барып шығу керек болды. Сіз ауруханадағы досыңызға барасыз ба немесе сыныптастармен досыңызға барасыз ба?

15.00 – Аялдамада сізбен бір әже сөйлесті. Сіздің сөйлесуге көңіліңіз жоқ. Сіз мейірімді, жылы жүзді болу ниетімен әңгімені жалғастырасыз ба немесе үзіп жібересіз бе?

18.00 – Сіз мысықтың баласын үйге келе жатырғанда тауып алдыңыз. Бірақ ата – анаңыз оны үйге әкелуге рұқсат етпейді. Егер сіз мейірімді болсаңыз, сонымен қатар ата – анаңыздың қойған талабын бұзбай сіз қандай қылық жасаған болар едіңіз?

21.00 – Сіз жек көретін адам сізге мейірімділік жасады. Сіз оның қылығына қалай жауап берер едіңіз?

3.Эмоция тренингі.

- Оқушылар шеңберге жиналып, эмоция түрлерін мимикамен көрсетеді.
4. «Мейірімділік» тренингі.

- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады


- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
 
2. Сергіту сәті.

- өлеңмен танысады.


- өлең жолдарына өз ойларымен әуен, қимыл шығарады.
- топпен айтады.

Біз тамшымыз, біз тамшымыз мұхиттағы


Бір теңіздің , бір теңіздің толқыны
Бізге келіңіз, бізге келіңіз сен және мен
Бәрімізде бір жанұя боламыз

Бір бұтақпыз, бір бұтақпыз бақшадағы


Бір теректің, бір теректің гүліміз
Бізге келіңіз, бізге келіңіз сен және мен
Бәрімізде бір жанұя боламыз

2. Жүректен жүрекке тренингі


- Оқушылар бір – біріне тілек жазып, тілектерін оқиды

----------------------------------------------------------------------------------------------------



Тренинг сабақ
Тақырыбы: «Жеке адам және өзін - өзі тәрбиелеу»



Мақсаты: Жеке адам, адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттер,
 
өзін -өзі тәрбиелеу туралы мағлұмат беру.

Тренинг барысы:

1. Оқушыларға сұрақ қойылады

Жеке адам дегеніміз кім?
Оқушылар өз ойларын айтады.

2. Оқушыларға мұғалім адам ғұмырының кезеңдері туралы мағлұмат береді

Адам ғұмырының 7 кезеңі

0 – 12 жас балалық кезең 

13 жас – 25 жас жастық кезең

25 жас – 49 жас ересек кезең 

37 жас – 49 жас мосқал кезең

49 жас – 61 жас кәртаң кезең

61 жас – 73 жас кәрілік кезең

73 жас - 85 жас қарт кезең

Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында оқу - тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі бір мазмұнға ие болады. Жалпы өзін - өзі тәрбиелеу мақсатында әрбір адам ең алдымен өз бойындағы жағымсыз қасиеттен арылуы тиіс. Атап айтсақ: сараңдық, пайдакүнемдік, екі жүзділік ұстамсыздық, күншілдік, жалқаулық, тәкаппарлық т.б. қасиеттер болуы мүмкін. Сонымен қатар 1 адам өз бойындағы тұйықтықтан , 2 – ші адам орынсыз ұялшақтықтан арылғысы келеді? 
Ал, сіздер өз бойларыңызда жағымсыз қасиеттер бар деп ойлайсыздар ма?

Оқушылар өз бойларындағы жағымсыз қасиеттерді атап, қағаз бетіне түсіреді. Жазған қағазды жағымсыз қасиеттерден арылу үшін ұсақтайды.


3. «Менің бойымдағы құнды қасиеттер» тренингі

Әр адамның алға қойған мақсат – мұраты, тілектері болады. Бойына жақсы адами қасиеттерді дарыта алғандар ғана өмір жолындағы қиыншылықтарға қарамастан шыдамдылық танытып, өзін - өзі тәрбиелеп мақсатына жетеді. Ал адам бойында болуға тиісті 20 құнды қасиет бар. Осы қасиеттердің қайсысы өз бойында бар деп ойлайсыздар . Соны белгілейміз.

Адами құнды қасиеттер Менің бойымдағы құнды қасиеттер


1. Өмірге риза болу
2. Ақылдылық
3. Ұқыптылық
4. Кең пейілділік
5. Қарапайымдылық
6. Әділдік
7. Ашықтық
8. Өз бетінділік
9. Принциптілік
10. Шыншылдық
11. Өзіне сенімділік
 
12. Еңбекқорлық
 
13. Батылдық
 
14. Тұрақтылық
15. Төзімділік
16. Сабырлық
17. Тіл табысушылық
18. Саналылық
19. Бауырмалдық
20. Сыпайылық


4. Жақсы қасиетке иелену, жақсы адам атану өз қолымызда. Сол себепті мен сендерге өзін - өзі тәрбиелеуге арналған бетшелер таратамын.

1.Ерекше сабырлылық, ең болмағанда сырттай сабырлы болу.


2. Сөз бен істе әділ болу
3. Қимыл – қозғалыстың ақылға қонымдылығы
4. Тоқтамға тез келе алу
5. Өзің жөнінде орынсыз бір сөз де айтпау
6. Уақытты мақсатсыз өткізбеу, кездейсоқ іске ұрынбай, тек көңілге алған ісіңмен ғана айналысу
7. Қажетті, не ұнамды нәрсеге ғана бой ұсыну, көрсеқызарлыққа салынбау
8. Әр кез өзің істеген іске мұқият есеп беріп отыру
9. Еш уақытта да өткендегі, не қазіргі, не алда болған ісіңмен мақтанбау
10. Ешқашан біреуге жамандық ойламау

----------------------------------------------------------------------------------------





Тренинг тақырыбы: Мен және менің ортам.


Тренинг мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.

Тренинг міндеттері: 

- адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну; 

- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу; 

- сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу; 

- сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;



Көрнекіліктер: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп.

Тренинг құрылымы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау. 

ІІІ. Негізгі бөлім. 

а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. 

б) «Автопортрет» жаттығуы. 

в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы. 

д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. 

е) «Өрмекші торы» жаттығуы. 

ІV. Қорытынды бөлім. 

а) «Жүйрік ой» жаттығуы. 

б) «Қайта байланыс» жаттығуы.

Тренингтің жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/ 


ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау 

- Сіздер тренингтің ағылшынның «Тот Райн» - ойын, жаттығу деген сөзінен шыққандығын, яғни сабақ емес екендігін білесіздер. Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» 

концепциясын қалыптастыру. Сондықтан тренингке барлықтаыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын. 

ІІІ. Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру. 

- Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді. 

/ Психолог 2-ші слайдтағы жазылған ережелердің әр біреуінің мағынасын қысқаша түсіндіріп өтеді./ 



Топта жұмыс істеу ережесі: 

1. Бір-бірін "Визиткада" көрсетілген есім бойынша, атау. 

2. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды. 

3. Болып жатқанға белсенді қатысу. 

4. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы. 

5. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт. 

6. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу.

ІV. Негізгі бөлім. 

а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. 

Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты қызбын....

б) «Автопортрет» жаттығуы. 

Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді. 

Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б... 

Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады. 

в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы. 

Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады. 

Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруна болады. 



Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу. 

д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. 

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. 

Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады. 



Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын! 

е) «Өрмекші торы» жаттығуы. 



Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек. 

Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию. 

Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.

Тыныштық сәтін ұйымдастыру .

ІV. Қорытынды бөлім. 

а) «Жүйрік ой» жаттығуы

Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/ 

- Маған қажет қасиеттер, мыналар...... 

- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ...... 

- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар ..... 

- Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі ..... 

Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.

б) «Қайта байланыс» жаттығуы 

Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді: 

- Тренингте ең бірінші не ұнады? 

- Не ұнаған жоқ? 

- Өзің жаңадан не білдің? 

б) "Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/ арқылы анықтау. 

в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.



Оқушыларға психологиялықтренинг
Мақсаты: Өтпелікезеңдегі тұлғаның жас жәнежекеерекшеліктерін зерттеп, кездесетінпсихологиялық  сәтсіздіктерін болдырмау

Барысы:


1.Танысу  тренинг

Мақсаты: Азуақыттың ішінде топтың есімдерін есте сақтау. Ойыншылар көздерін жұмып, бөлмеде ақырындап жүре бастайды. Топта барлығы жақсы араласқансоң «тоқтаңыздар» делінеді. Барлығыкөздерінжұмып тұрады. Психологойынды бастайды. Бір  ойыншының есімінатап, иығынан жанапөтуікерек. Ол көзінашып, біреугеқолын тигізіп, оның есімінатайды даойыннаншыға береді. Атыаталған ойыншыкелесі ойыншыны атайды. Сөйтіпойынқатысушылардыңбәрініңесімдеріаталғаншажалғасады.



2.«Қарымқатынастаменқандаймын?»тесті.

Мақсаты:қарымқатынасдеңгейінанықтау.

Нұсқаулық:берілген тесттіңсұрақтарынынтаменоқыпшынайыжәнеашықжауапберіңіз. Берілгенжауаптарды«иә» «жоқ» деген жауап үлгісімендөңгелектеңіз, әрбірсұраққакөпбөгелмеңіз.

1.достарыңкөппе?

А.иә В.жоқ

2.достарыңныңортасындаәңгіменіылғиқолдапотырасызба?

А.иә В.жоқ

3.адамдармен қарымқатынаскезіндетұйықтықпенқысылудыжеңеаласызба?

А.иә В.жоқ

4.өзіңжалғызқалғанкездесағанкөңілсізболама?

А.иә В.жоқ

 5.Танысыңдыкездестіргендебелгілі біртақырыпқасөзқозғайаласыңба?

А.иә В.жоқ

6 өзіңежағымсызадамменкездескенкездеөзіңніңтітіргеніңдіжасырааласыңба?

А.иә В.жоқ

7.Нашар көңілкүйіңдіжақындарыңасездірмейүнеміжасырааласыңба?

А.иә В.жоқ

8.Досыңменренжіскенненкейінеңбіріншіболыпдостасуғақадамжасай аласыңба?

 А.иә В.жоқ

9.Жақындарыңменқарымқатынасташұғылескертулержасауданбастартааласыңба?

А.иә В.жоқ

10.Қарым қатынастамәмілегекелеаласыңба?

А.иә В.жоқ

11.Қарымқатынаскезіндеөзкөзқарасыңдыбілдіреаласыңба?

А.иә В.жоқ

12.Таныстарыңныңсыртынанәңгімеқылғанкездеөзіңдіұстайаласыңба?

 А.иә В.жоқ

13.Егер қызықтыбірнәрсеестісеңоныдостарыңаайтуғатырысасыңба?

А.иә В.жоқ

Нәтижелердіөңдеу: «Ия»- 3ұпай, “жоқ»-1ұпай.



30-39ұпай: Жақындарымен,   таныстарымен  және  бейтаныс  адамдарменқарым–қатынас кезінде өтеүлкен ляззаталатын, араласуға дайын адам. Қарым  -қатынаста өтеқызықты,бәріненбұрын (қоғамжаны),достарыментаныстарынтындап,түсініп,кеңесбереалатыныүшінбағалайды.Өзмүмкіндіктерінжоғарыбағалайды.Серіктесінезейінді,өзісәрекетінбақылапотырады.

20-29ұпай:өзшамасынақарайараласатынадамбірақарымқатынастакейбірқиыншылықтардыбастанкешіреді.Достарыаз,таныстарымен үнеміортақтілтабысабермейді.кейдеәңгімебарасындаөзінөзіұстайалмайқызбаланыпкетеді.Өзсеріктестерінешынайы,ілтипатты,қайырымдыболғанжөн.Соныменқатар,өзініңкейбірсенімсіздіктерінжоюғатырысқанжөн.

20-дан аз ұпай:Ұялшақ,тұйықадамтаныстарыныңортасындаүндемейотырып,адамдарменқарымқатынастажалғызболғандықалайды.Бірақолоныңдостарыментаныстарымүлдежоқ дегенсөземес.Оларсенітыңдағаны,түсінгені жәнекешіргеніүшінбағалайды. Алегер, өзініңкөзқарасынеркінайтқысыкелсе, бәріменбірдей сөз таластырғысыкелсе, қызықты серіктес болғысыкелсе, ондаөз ұялшақтығын жою қажет, пікірталаста шынайы болып, әңгіменібелсендітүрдеқолдап отырғандұрыс.

3. « Жест  таңдау» жаттығуы

Мақсаты: әрбіртоп мүшесіүшінжест жүйісініңмәнерін қалыптастыру. Шарты: балалар шеңбер құрыптұрады. Әрбір қатысушыға тапсырма беріледі, 3-5минутішінде  өз басынанөткен бір қызықты, бір қиыноқиғаныестерінетүсіріп баяндап беру. Бұл жерге әңгімені баяндаудағы мәнерлілік  пен  қызықтыру шартты қойылады. Талдау: Қай оқиғаны баяндау оңайболды? Қайоқиғаныбаяндау қиынболды? Жаттығу несімен ұнады?



4. “Кездескенше»  жаттығу

Шарты:  барлығымызшеңбер құрып тұрамыз. Менің қолымда кішкентай жіпбар. Ол сіздерге  жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншіліксыйлайды. Сіздер оны бір-бірлеріңізге беріп, тренингтеналған әсерлеріңіз туралыпікір білдіріп, осымен бірге, әріптеріңіздің атына өз тілегіңізді айтасыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет