3.1.1.3 өз әулетінің құндылықтарын анықтау
3.1.2.3 қоғамда өзін өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: өз отбасыңның құндылықтарын анықтап, өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын сақтай алады;
Көптеген оқушылар: өз түсінігіне сай бақытты өмір сүру жайлы әңгімелей алады;
Кейбір оқушылар:отбасылық бақыттың құпиясын болжай алады.
-Балалар біз өткен сабақта қандай тақырыпты өттік? -Жақсы,ал енді ұшақ құрастырып бір-біріне өткен тақырыпқа қатысты сұрақтар қойыңдар және жауап алыңдар. Кем дегенде ұшақтың ішіне 3 сұрақ жазыңыздар. -Жауабы қанағаттанырлық па?
«Мюссенберг» әдісі арқылы сабақ тақырыбын анықтау
-Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар. Раэлищнтотбасыныңбгвдпщберекесіпдппкқлиужпдбәріненшстжщщқымбатмлищн
- Қандай сөйлем шықты? -Отбасының берекесі дегенді қалай түсінесіңдер? -Қандай отбасының берекелі отбасы деп атауға болады? - Дұрыс айтасыңдар, олай болса, бүгінгі сабағымызда «Отбасының берекесі бәрінен де қымбат» тақырыбын қарастыратын боламыз. -Біз сабақта:
Отбасы құндылығының мәнін түсінеміз;
Бақытты өмір сүру жайлы әңгімелесеміз.
Оқушылар ұшаққа бір-біріне өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады.
Сұрақтарға белсенділік танытып жауап береді.
-Балалар отбасы мүшелерінің арасында қандай құндылықтар болу керек? -Ал келісім дегенді қалай түсінесіңдер? -Келісім сөзін үш тілде білесіңдер ма? Келісім-согласие-agreement
-Жарайсыңдар,тақтадағы кестеге назар аударыңдар: Бақытты өмір сүруге қажеттілерді өз түсінігіңе сай, мәнділігіне сәйкес нөмірле.
-Кім оқиды? -Неліктен солай жаздың? Мұғалім қорытыңдылайды.
-Суреттерге қараңдар. Бұл отбасындағылар бақытты ма? Онда бейнеленген жағдайларды талқылаңдар.