3. «Халың қалай?» сауалнамасы Жасөспірімнің түрлі өмірлік құндылықтары үшін әзіл түрінде
басымдылықтарды қарастыру мақсатында қолданылады.
Қатысушылар осы сауалнамаға бланк алады. Қатысушыларға
сауалнамада бар тізімнен екі жұп құндылықтар ұсынылады. Оларға
қайсы құндылық барынша маңызды, ал қайсысы – кем екенін анықтау.
Бастапқы (10) баллға қатысушыларға аса маңызды құндылыққа 1 балл
қосып, ал бастапқы баллдан ең кем құндылықтың 1 балын алып тастау
керек. Әрі қарай жағымсыз белгіге ие болып, кейбір құндылықтар өз
балдарын не азайтады немесе керісінше көбейтеді. Бұл қатысушылар
үшін өміріндегі маңызды көрсеткіштер болып табылады.
Жүргізуші әрбір құндылық бойынша нормаларды оқиды.
Қатысушылар өз көрсеткіштерімен нормаларды салыстырады.