46
сөздердің алыс және жақын мағыналары болады деген. Барлығына
ортақ қолданыстағы сөздердің жақын мағынасы кімге болса да
түсінікті, ал алыс мағынасы мамандарға ғана түсінікті. Мәселен,
ай
сөзінің
«жерге жарық сәуле беруші»
деген мағынасы жақын мағына, ал
ғылыми түсінік бойынша:
жерді, күнді айналып тұратын аспандағы
планета, жер серігі
– бұл алыс мағынасы. Бұл мағынаны анықтаған
кезде оны әрі қарай өрбітсек,
ай
30 күннің ішінде оның әр қырынан
көрінуіне байланысты бірде толысып, екінші бір қырынан қарағанда
жіңішкеріп «туумен» байланысты
жылдың он екіден бір бөлшегін
көрсететін мезгіл атауы
дегенді білдіреді. Сөздің жақын мағынасы
дегеніміз мамандыққа да, кәсіптік көзқарасқа да, бір затқа қарағанда
екінші бір затпен көп жұмыс істеуіне де байланысты емес. Әйтеуір
сол тілде сөйлеуші адамдардың бәріне (балаға да, кәріге де) түсінікті
болатын өзіндік лексикалық минимум. Әрине, адам әр түрлі
сөздердің мағыналарын қарастыра отырып жақын мағына төңірегінде
ғана жетік хабардар болуы мүмкін. Әйтпегенде тіл білімі бүкіл адам
білімділігіне, өзіндік «ғылымның ғылымына» айналар еді.
Сөз көп мағыналы болғанда әр түрлі мағынаның қатысы біркелкі
болмайды. Сол әр түрлі мағынаның ішінде бір ғана мағына басым
болып, басқаларына негіз болады. Полисемияның басты мағынасы
басқа мағыналарына қарағанда ерекше. Басты мағына дегеніміз
контекстке байланысты болмай, өзі тұрып-ақ мағынасы түсінікті
болатын мағына. Мәселен,
тіл
деген сөздің бірінші мағынасы:
жан-
жануардың дәм сезетін, адамның сөйлеу дыбыстарын шығаратын,
ауыз қуысындағы негізгі мүшесі.
Басты мағына тарихи тұрғыдан бірінші
шыққан болуы міндетті емес. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: