Резуанова ғалияпану кабиевна


қараламады  (М.Әуезов).  Өмір бойы кімге кездессе де ылғи тарқап кеткен  базардың



Pdf көрінісі
бет19/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

қараламады 
(М.Әуезов). 
Өмір бойы кімге кездессе де ылғи тарқап кеткен 
базардың 
соңына 
ілінумен өткені ме? Өткен соң базар, қайтқан соң ажар... Сен едің 
базарым 
(Абай). Осы үзіндідегі 
қараламады 
деген етістік 
метафоралық тәсілмен өзінің тікелей мағынасынан шығып, стилдік 
жаңа ұғымда жасалған. Метафораның ең басты стилдік ерекшілігі 
бейнелілігі, ойды бейнелі жеткізетіндігі (Ол сондықтан да көркем 
әдебиет стилінде жиі қолданылады). 
Ал ғылыми, кеңсе, ресми-іс қағаздар стилінде метафора дәл 
мұндай дәрежеде кездеспейді» [36, 63]. 
«Сөздерге әр түрлі мән беріп бейнелеп қолдану арқылы ғана 
ақын-жазушылар өмір құбылысын әрі жанды, әрі көркем етіп 
суреттеп бере алады. Сөйтіп олар сол арқылы өздерінің 
шығармаларын оқушылардың тіліне жеңіл, жүрегіне жылы 
тигендей тартымды етеді. Қазақ тіліндегі көптеген сөздер өздерінің 
заттық, атауыштық мағыналарының үстіне ерекше көркем мән 
беретін бейнелі мағына қосып алғандығын көреміз. Мәселен, 
шыжық
 
деген сөз өзінің заттық негізгі мағынасының үстіне 
мехнат, бейнет 
мағыналарында, 
соқыр 

надан, топас 
мағыналарында; 
құзғын 

жалмауыз, тойымсыз 
мағынасында; 
бұлбұл
 

 шешен, тілмар 
мағынасында, 
шалқу 

 тасу 
мағынасында, 
copy 

 аяусыз қанап жеу 
мағынасында, 
қуыру 

 орынсыз жанды қысу, 
тықсыру 
мағынасында бейнеленген түрде қолданылып жүр [20, 49]. 
Р.Садықбеков өзінің зерттеу еңбегінде «Сөздің көп 
мағыналығы (полисемия) мәселесіне тоқтағанда басты міндет 


50 
метафора тәсілімен ауысқан әрбір сөздің жеке автор 
қаламынан туған қолданыс дәрежесінде тұр ма, жоқ әлде жалпы 
халық таныған лексикалық мағына ретінде көрініп тұр ма, міне 
осыны анықтау қажет. Осы тұрғыдан біз сөздердің метафора 
тәсілімен ауыс мәнде жұмсалуын метафоралық мағына және 
метафоралық қолданыс деп саралауды жөн көреміз», - деп 
метафоралық мағына және метафоралық қолданыс дегеніміз не, 
оның пайда болу себептеріне жеке-жеке тоқталған [28]. Түркі 
тілдерінде көптеген сөздер полисемияға лингвистикалық метафора 
жолымен келген. Оған төмендегі мысалдар дәлел болады: 
құлақ 
– 
қазан, кәстрөл, мылтық, малақайдың, 
сондай-ақ 
домбыраның 
шекті тартып тұратын бөлігі, құлағы. 
Бұл сөздің негізгі 
мағынасы – 
есіту мүшесі, 
ал қалғандары сыртқы тұлға не 
орналасуы жағынан ұқсастыққа негізделіп пайда болған. 
Ауыр 
сөзінің негізгі мағынасы 
салмақпен 
байланысты болса, белгілі бір 
салмақтың миға немесе денеге күш түсіруге байланысынан – 
қиындық 
мағынасы келіп шыққан: 
ауыр жүк, ауыр ой, ауыр іс, ауыр 
жағдай, ауыр сөз, ауыр күн. 
Метафоралық мағына негізінен 
мынадай тәсілдер арқылы жасалады: 1. Тұлға ұқсастығы: 
адамның 
көзі, бұлақтың көзі, мылтықтың көзі, иненің көзі, терезенің көзі 
немесе адамның мұрны (тұмсығы), қайықтың тұмсығы, ұшақтың 
тұмсығы т.б..
2 . Бір түрге жататын: 
адамның аузы, қалтаның аузы, 
сөмкенің аузы, құмыраның аузы; қолтық 
– 
адамның қолтығы, 
өзеннің қолтығы.
3. Кейбір зат (нәрсе), процесс бір-бірімен 
өздеріне тән ерекшеліктерімен ұқсасады. Мысалы: 
тұз 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет