көз, мұрын, ауыз, бет т.б.
сөздер дене
мүшесін білдіруі жағынан бірігеді. Мұндай топтарды тақырыптық
топ деп атаймыз.
Көз
және
a m
десек, лексикалық мағына
жағынан байланыспайды.
Тілдің лексикалық жүйесінде тақырыптық топтамамен қатар
сөздердің ғылыми-терминдік топтары болатынын айтуымыз керек.
Ғылымның дамуымен байланысты термин сөздер де тілімізде
күннен-күнге көбейіп келеді. Мәселен,
әуен, альта, сапрана, дуэт
т.с.с.
сөздер музыкалық ұғымды білдіріп, осы саладағы білім
терминологиясына жатса,
грипп, фаренгит,астма, феервекс, аспирин-
упса т.с.с.
сияқты сөздер түрлі ауруды, сондай-ақ олардың алдын
алу немесе оларды емдеу үшін қолданылатынын дәрі атауларын
білдіреді. Бұл сөздер, әрине, медициналық терминге жатады.
Демек, лексикалық мағына сөздерді белгілі бір зандылық
бойынша лексика-семантикалық топтарға (ЛСТ) біріктіреді.
Э.В. Кузнецова лексикалық жүйе үшін сөздер тобының негізгі
түрі лексика-семантикалық топ болып табылатынын айта келе оған
өзінше сипаттама береді [13, 75]. Белгілі ұқсас құбылыстардың
тарауы және арақатынасы белгілене отырып, бір топқа енетін
сөздер тек қана лингвистикадан тыс факторлармен бірікпейді.
Сондай-ақ олар бірнеше ортақ лингвистикалық сипатта болады.
Біріншіден, бір лексика-семантикалық топтағы сөздердің негізгі
парадигмалық ерекшелігі олардың мағыналарында біркелкі
категориялды-лексикалық семалар болады. Бұл сема
топтардың семантикалық негізін құрап әрбір жеке сөзде
дифференционалды сема арқылы нақтыланады. Мәселен,
илеу
етістігінің мағынасында
«теріні арнайы ерітіндімен босаңсыту
арқылы өңдеу»
дегеннен
«өңдеу»
категориалды-лексикалық
семаны және арнайы нысан өндеу тәсілі –
«босаңсыту»,
құралы
«ерітінді»
дифференционалды семасын бөліп көрсетуге болады.
Бір топтағы сөздердің ерекшілігіне тән өте маңызды
нәрсе,
ол
категориалды
семаларды
анықтаушы
58
дифференционалды
семалар біртектес болып қайталанып
отырады. Категориялды сема, кез келген емес өзінің анықталатын
кейбір белгілі аспектілерін ғана көрсететіндей көрінеді. Бұл
аспектінің шеңберінде типтік дифференционалды
семалар
қалыптасады.
Осыған
орай
әрбір
жеке
ЛСТ-та
дифференционалды семалар жиынтығы спецификалық болып
келеді. Мәселен,
«ауыспалылық»
категориалды семасы етістікке
айналғанда төмендегідей аспектіде нақтыланады:
«бағыт»,
ауысу
құралы, ауысу ортасы, ауысушы мүшелер т.б..
«Бағыт»
аспектісі
жеке
етістік
мағынасында
дифференционалды
белгілерді былай болжайды:
жоғары (ұшу), ішке (ену, кіру),
айдалаға (қашу, секіру, жүзу) т.б.. «Құрал»
аспектісіне мына
сияқты дифференционалды семалар кіреді:
аяқ арқылы (жүру,
жүгіру, жүзу), транспорт құралы көмегімен (апару, жүргізіп
бару), қанат арқылы (ұшу).
Екішіден, біртектес қайталаушы
семалар топқа енуші барлық сөздерді белгілі оппозицияда
байланыстырып тұрады. Барлық оппозициялық байланыстың
жиынтығы бұндай топтардың ішкі парадигмалық құрылысын
қалыптасырады. Топтардың барлық элементтері-сөздер – негізгі
тіреуіш архисемалық сөзбен байланысты болғандықтан, құрылыс
иерархиялық сипатта болады. Зерттеу практикасы көрсеткендей
топтардың семантикалық бірлігін бейнелейтін және осындай
анықтаушы қасиетке ие негізгі сөз ЛСТ-ға тән. Тәртіп
бойынша олар жиі қолданылады. Бұл берілген топтағы басқа
етістіктердің қолданысын неғұрлым асыра түседі.
Жай әншейін байланысқан қандай да бір сөздерді біз басқа
лексика-семантикалық топта да кездестіреміз. Мысалы,
жылжу
етістіктер тобында:
жылжу – жүру – адымдау; ұшу – сепелеңдеу;
жүру – қаңғыру –
сенделу т.б..
Жүйелі байланысқан оппозицияда сөздердің мұндай тізбегі
сөздердің ЛСТ-ның ішкі құрылысына көпсатылы иерархиялық
жүйе ұсқынын береді. Сондай-ақ сөздердің мұндай типтері жалпы
лексикалық жүйе құрылысы үшін де маңызды. Жалпылау
мағыналы және неғұрлым нақты мағыналы сөздер бірін-бірі
анықтай отырып, өзара бірлікте өмір сүреді. «Негізгі сөзсіз
лексика-семантикалық топтың жалпы семантикалық идеясы
берілмес еді, ал туынды сөзсіз ол кедейленер еді»,- деп
көрсетеді Ф.П. Филин [15, 525]. Үшіншіден, бір лексика-
семантикалық топқа енетін сөздердің ұқсастығы, олардың синтагмалық
59
сипаттарының біртектес болуымен сипатталады. Сөздердің
лексикалық
мағынасының
құрамында
ортақ семантикалық
компоненттердің болуы жағынан дәрежелі единицалар сөйлем
құрамында олардың қызмет атқару тәсілін көрсетеді. Қызметтің бір
қалыптылығы ұқсас семантикадағы сөздердің синтагмалық қасиетінің
біркелкілігін тудырады. Әсіресе етістікті лексикада айқын көрінеді.
Төртінші, бір ЛСТ-ға жататын сөздердің ұқсастығы варианттылық
қатынастағы олардың екінші байланысы дәрежесінде көрінеді. Ең
әуелі бұл ұқсастық ұдайы семантикалық жақтан ұқсас сөздердің
негізгі мағынасы арқылы екінші мағынаның дамитын көп мағыналық
құбылысында көрінеді. Тілдегі сөздердің әр түрлі лексика-
семантикалық топтарының болуы, нақты бір тілдің лексикалық
құрамында бір сөздің мағынасы екінші бір сөздің мағынасымен
байланысты болуы негізінде тілдің лексикасының семантикалық
жүйесі құралатынын көрсетеді. Тілдің фонемалық жүйесі жөнінде
зерттеу мәселесінде байқалғандай және грамматикалық жүйені
қарастыруда белгілеуге болатындай лексикалық мағына төңірегінде
олардың белгілі байланысы, тіл жүйелілігі көрінеді. Тілдің лексикасын
ЛСТ-қа біріктіруші сөздердің мағыналық байланысының болуы, тілдің
лексикалық байлығын пайдалануға жеңілдік келтіреді. «Лексика-
семантикалық топ дегеніміз екі немесе одан да көп сөздердің
мағынасына қарай тобы» [15, 230]. ЛСТ-ның ішінде грамматикалық
бірыңғай, бір тектес, бір ғана сөз табына жататындары да бар.
Олар өзінің лексикалық мағынасының жақындығы негізінде
топтастырылады. Егер сөздер қарама-қарсы мағынасына қарай
біріктірілсе – антонимдер тобын алуға болады. Ал егер топтау
негізіне мағына ортақтығын қойса, онда синонимдік, тақырыптық
қатар, семантикалық өрісті аламыз. Практика тілінде көп мағыналыққа
жоғарыда айтылғандай бір-біріне жақын, төркіндес, туыстас
мағыналарды білдіретін сөздер енсе, омоним сөзге білдіріп тұрған
мағыналарында бір-біріне ешқандай жақындығы жоқ, бірақ бірдей
дыбысталатын сөздер жатады. Жалпы, ЛСТ-тағы сөздер өзара бір-
бірімен қиылысып, шиырласып жатады. Бұл жөнінде Ю.Д.
Апресян былай деп көрсеткен болатын: «Незамкнутых и многократно
пересекающихся семантических группировок, любые две из которых
связаны, как и отрешаемый ими мир вещей, процессов и идей,
непрерывной цепью посредствующих семантических звеньев,
независимо от того, насколько далеко друг от друга отстоят
семантическом пространстве языка эти группировки» [40, 255].
60
Негізінен, лексикалық жүйе күрделі құбылыс: «Сложность
лексической системы языка объясняет возможность существования
разных моделей, различного членения и выделения разных
группировок в одном и том же материале» [41, 89]. Сөйтіп, тілдің сөздік
құрамындағы сөздер де, әр түрлі лексика-семантикалық топтар да бір-
бірімен тығыз байланысып, өзара қиылысып, қиюласып жатады дедік.
Бұл байланыс лексикалық топтардың бәріне тән болғанмен де, көп
мағыналы сөздердің басқа лексикалық топтармен байланысы мықтырақ
болады. Өйткені көп мағыналы сөздердің мағыналарының арасындағы
байланыс үзілу барысында омоним сөздер жасалса, полисемиялы
сөздердің құрамына енген мағыналардың әрқайсысы синонимдік,
сондай-ақ антонимдік қатарды молайтуға өз септігін тигізуі де мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |