Сіздің тактикаңыз?
Жауабы: 1) Бала жолдасын Абуладзе, Креде-Лазаревич тәсілдерімен шығару.
Есеп №12
Жүкті әйелдің босанғанына 10 мин уақыт өтті. Нәресте жолдасының бөліну белгілері жоқ. Жалпы жағдайы жақсы, қан кету белгілері жоқ.
Акушерлік амал
Жауабы: 1) тағы 10 минут күту;
Есеп №13
Перзентханаға алғашқы босанушы жүкті әйел келіп түсті. Жүктіліктің мерзімі 35-36 апта. Толғақ басталғанына 8 сағат. Қағанақ суы кеткеніне 1 сағат. Әйел күшенгісі келеді.
Диагноз қойыңыз?
Босанудың 2-ші кезеңінің ерекшелігі?
Жауабы: 1) жүктілігі 35-36 апта. Босанудың 2-ші кезеңі.
2)Бөлме температурасы жылы болу керек. Босандыру кезінде бұтаралықты қорғамау, бұтаралықты тілу.
Есеп №14
Нәрестенің басы кіші жамбасқа қондырылған, арқасы солға және алдына қараған.
Диагноз қойыңыз?
Жауабы: 1) нәресте тік басымен орналасқан, 1-ші позиция, алдыңғы вид (түр).
Есеп №15
26 жастағы босанатын әйел перзентханаға келіп түсті. Жамбас сүйегі қалыпты. Күні жеткен жүктілік. Толғақ басталғанына 8 сағаттан кейін, қағанақ суы бүтін. Нәресте тік басымен орналасқан. Жүрек соғысы минутына 130 рет. Толғақ 1 минутта 7-8 минуттан 20-25 сек., әлсіз. Қынаптық зерттеуде: мойны 2 см жайылған, ашылған, қағанақ суы бүтін. Нәресте басы кіші жамбасқа қондырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |