С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
УНИВЕРСИТЕТІ КЕ АҚ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
БАЯНДАМА
Тақырыбы:Педагогикалық практиканың мақсаты мен міндеттері
Орындаған:Мәліков А.Қ
Группа:ФК-2Б(9)
Тексерген:Мусабаева.Г.В
Өскемен қ,2021
Болашақ ұстаздың мектеп тəжірибесінде оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастыруда, сондай-ақ, жеке пəнді оқытуға педагогикалық ықпал жасауда оның психология ғылымынан алған теориялық білімін практикада қолдануға мүмкіндік туады. Педагогика үшін психологияның негіздерін іс-жүзінде пайдалану, тұлғаның дамуындағы өзіндік заңдылықтарын, баланың жас жəне дербес ерекшеліктерін білу, оқыту мен тəрбиелеудің неғұрлым тиімді əдіс-тəсілдерін таңдауға, оларды іс-тəжірибеде, практикада қолдануға теориялық негіз болады. Педагогикалық практика кезінде сынып оқушыларын психологиялық тұрғыдан зерттеу, болашақ мұғалімнің бала дамуын жəне оның жеке тұлға ретінде қалыптасу барысын дұрыс жобалауға, оған психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дұрыс, оңды ықпал жасауға жəне олармен жұмыс істеудің неғұрлым тиімді жолдарын табуды үйренеді. Студент – педагогикалық практика кезінде жоғары оқу орны қабырғасында алған, жалпы теориялық білім, білік, дағдыларын мектеп іс- тəжірибесінде алғаш қолданады, оны іс-жүзіне асырады.Студенттердің педагогикалық практикасы мынадай негізгі міндеттерге бағытталған: - болашақ мұғалімнің бойында мамандыққа деген бейімділігін қалыптастыру; - студенттің педагогика, психология жəне информатиканы оқыту əдістемесі пəнінен алған теориялық білімдерін практикада шыңдау; - студенттерді педагогикалық қызметке тарта отырып, мектеп оқушыларымен оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда білім, білік, дағдыларын қалыптастыру; - болашақ мамандарды өз бетінше жұмыс істеуін жоспарлауға, ұйымдастыруға, оқушылармен оқу-тəрбие жұмысын өткізуге, тəрбие мен білім берудің өзекті мəселелерін шешуге шығармашылықпен қарауға үйрету; - болашақ мұғалімдерді қазіргі мектеп жағдайындағы озық инновациялық іс-тəжірибелермен таныстыру, озат мұғалімдердің педагогикалық тəжірибелерін талдап қорыту, оларды игеруге дағдыландыру, ғылыми-зерттеу жұмысына (курстық, дипломдық жəне т.б.) байланысты материалдар жинақтау; - студент информатика пəнінің əдістемелік негіздерін жетік біліп үйрену, бейімделу, пəн бойынша дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдар пайдалану; - оқушыларды жан-жақты дамытуда олардың танымдық іс-əрекеттерін, алға қойған мақсатқа жеткізуде дидактикалық ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, оқыту əдістерін дəлдікпен таңдау; - информатика пəнінен өзі өткізген сабақтары мен басқа да студенттердің өткізген сабақтарына ғылыми-əдістемелік тұрғыдан талдау жасай білуге үйрену; - алдыңғы қатарлы мұғалімдердің озық педагогикалық тəжірибелерін зерттеп, оқып үйрену; - студенттің ғылыми-зерттеу жұмысына, сондай-ақ ғылыми-əдістемелік конференцияларға баяндама жасауға материалдар жинау, оны ғылыми жүйеде талдауға келтіру;
- оқушыларды жан-жақты дамыту мен олардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсаттарында информатика пəніне қатысты сынып аралық олимпиада, конкурстар, пəн кештерін ұйымдастыру; - оқушыларды тəрбиелеуде жəне олардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуда күрделі сұрақтар жөнінде пікір алысу; - оқушылардың сабаққа үлгермеушілік себептерін жəне оны болдырмау жолдарын анықтау; - оқушылардың жас жəне дербес психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу; - практикант мектеп гигиенасының талаптарын орындау, оқушылардың дене тəрбиесіне көңіл бөлу, денсаулығын жақсартуға байланысты жұмыстар жүргізу. - оқушының қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, басшылық ету, оқушыларды өнегелікке тəрбиелеуде аға ұрпақ өкілдерімен (халық қаһармандары, өнер адамдары, ақын, жазушылар, спорт шеберлері жəне т.б.) кездесулер өткізу, этикадан əңгіме, пікірталас ұйымдастыру, сынып жиналыстарын өткізу, сынып ұжымының белсенділерімен жұмыс істеу; - өзі өткізген жəне басқа да практикант-студенттердің өткізген ашық тəрбие сағаттарына қатысып, оларға талдау жасау; - сынып жетекшілігі ретінде бөлініп берілген сынып оқушыларының ата- аналарымен жұмыс істеу, яғни, бала тəрбиесі жайында ата-аналармен жеке əңгіме өткізу; - сынып ұжымы оқушыларымен болашақ мамандық таңдауға байланысты жұмыс жүргізу, оларды бағыттау, осы бағытта ата-аналарымен жұмыс істеу, оларға ғылыми негізде жан-жақты мəлімет беру. 1.2 Педагогикалық практиканың мазмұны
Болашақ мұғалім мамандығының иесі – студент педагогикалық практика кезінде педагогтық қызметке қажет практикалық білім, білік, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға жəне дамытуға көңіл аудару керек; сынып жетекшінің жəне жеке пəнді оқытатын мұғалімнің оқу-тəрбие (сыныпта, сыныптан тыс) жұмысын жоспарлай білу; сынып ұжымы оқушылары мен жеке оқушының жас жəне дербес ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттей білу; тəрбиенің өзегі, бесігі болып табылатын халықтық педагогиканың озық үлгілерін басшылыққа алу. Оқу үрдісінде педагогиканың ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, оқушы тұлғасын жан-жақты дамытып, дүниетанымын қалыптастыру. Оқыту оқушыларға тек ақыл-ой тəрбиесін қалыптастыруда білім беріп қана қоймай, олардың танымдық қабілеттерін (байқағыштық, зейінділік, зеректік, есте сақтау, шығармашылық, қиял, сөйлеу, ойлау) қалыптастыруға көмектеседі. Оқыту үрдісінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, олардың рухани дамуын жетілдіру – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
Оқытудың тəрбиелік сипатын күшейту, ең алдымен, оны өмірмен, еңбекпен ойдағыдай байланыстыру, оқушының жүйелі түрде ой еңбегі мен мінезін тəрбиелейді. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыруда, берілетін мазмұны мен оны ұйымдастырудың əдіс-тəсілдерін жəне құралдарын (оқулық, кітаппен жұмыс істей білу дағдыны, диафильм, компьютер, эпидоскоп жəне т.б.) пайдалана білу шешуші рөл атқарады. Бұл орайда практикант-студент жеке тұлға дамуының мынадай негізгі белгілерін (дербестігін, шығармашылық іс-əрекетін, диалектикалық ойлау жəне т.б.) байқап, оқушылармен жеке-дара жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен, сайып келгенде оқытудың негізгі үш функциясын: 1) Білімділік (ғылым негіздерімен қаруландыру); 2) Тəрбиелік (адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру); 3) Дамытушылық (тұлғаның таным қасиеттерін арттыру). Педагогикалық практика кезінде студенттер өз мамандығы бойынша пəн мұғалімі жəне бір сыныптың сынып жетекшісі міндетін басшылыққа алып жұмыс істейді. Педагогикалық практиканың ерекшелігі жоғары оқу орнында алған теориялық білім негіздерінің мектеп тəжірибесінде жүзеге асуы, мағынасының тереңдеуі жəне студенттің өз бетінше жұмыс істеуінің жоғарылауы.Педагогикалық тәжірибені бағалау үшін жетекшілер төмендегі әдістерді қолданады: студенттердің оқу сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстар жүргізу үрдісіндегі қызметін бақылау; жеке сабақтарын талдау; студенттің пән мұғалімі, сынып жетекшісі, мектеп әкімшілігі берген мінездемелерін талдау, студенттердің әдістемелік, ғылыми – зерттеу, басқа да шығармашылық жұмыстарын талдау, студенттің оқытушы ретіндегі жұмысқа даярлығын өзіндік бағалауы, педагогикалық тәжірибе құжаттарын талдау (педтәжірибе мерзіміндегі өзіндік жұмыс жоспары, күнтізбелік жоспар, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының әдістемелік нұсқаулары, психологиялық тапсырмалардың материалдары, күнделіктері, жұмыс есебі). Мақсатты ұйымдастырылған және тиянақты өткізілген педагогикалық практика студенттерді оқыту мен тәрбие жұмысының қазіргі өмірімен байланысын күшейтуге, болашақ ұстаздың балалар және жасөспірімдермен байланысын күшейтуге, болашақ ұстаздың балалар және жасөспірімдермен тығыз қарым – қатынаста болуына және студенттің пән бойынша психологиялық – педагогикалық білімінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Педагогикалық практика барысында, студенттер болашақ қызметінің қыр-сырын тікелей жұмыс орнында танып, психологиялық және кәсіби бейімделуден өтеді. Студенттер практика кезінде өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік алып, мектеп оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне үйренеді. Педагогикалық практика болашақ мамандардың кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақ педагогтардың кәсіби қалыптасуында үлкен және маңызды рөл атқарады. Практикадан өту барысында студенттердің теориялық білімдері тереңдетіледі, кеңейеді, нығайтылады. Студенттердің кәсіби білік-дағдылары мен кәсіби-тұлғалық қабілеттері қалыптасып, педагогикалық ойлауы, шығармашылық белсенділігі мен дербестігі дамиды.
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
УНИВЕРСИТЕТІ КЕ АҚ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
Достарыңызбен бөлісу: |