С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет92/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу 
Кеуде клеткасы шеңберін өлшеу үшін жұмсақ сантиметрлік лентаны 
қолданады.Өлшеуді қалыпты тыныс алғанда, барынша демді ішке алу мен шығару кезінде 
өлшейді (сурет 39).
Шараның орындалуы: 
1. Науқасқа кеудесіндегі киімдерді шешуін өтінеміз.
2. Науқастың қолын сәл жанына көтеруін сұраймыз. 
3. Сантиметрлік лентаны артынан – жауырын бұрышынан төмен,алдынан – төстің IV 
қабырғадеңгейіне (емшек ұшы маңы тұсында) қояды.
4. Үлкен сүт бездері бар әйелдерде лентаны төстің үстінен терінің сүт безіне өтетін 
аралыққа қояды. 
Сурет 39 
Кеуде шеңберін өлшеу 
Кеуде клеткасы шеңберін демді ішке алу мен шығару кезінде өлшегендегі 
айырмашылық саны кеуде клеткасының қозғалысын көрсетеді және тыныс алу кезіндегі 
кеуде клеткасының экскурсиясы 
деп аталады
.
Дене салмағының индексі 
http://mebelmed.ru


106 
Дене салмағының индексі (бой-салмақ көрсеткіші, Кетле индексі)

адамның дене 
салмағының бойына сәйкес келу дәрежесін бағалайтын көрсеткіш. Дене салмағының 
индексін (ДСИ) білу арқылы семіздікті немесе дене салмағының жеткіліксіздігін
анықтауға 
болады. ДСИ есептеу формуласы
:
ДСИ = дене салмағы (кг)
бойы (м)
2
Қалыпты ДСИ - 18,5 - 25.

егер ДСИ < 18,5 – дене салмағы жеткіліксіз,

егер ДСИ 25-29,9 – дене салмағы артық (семіздіктің алды),

егер ДСИ > 30 – семіздік. 
Майдың іш аймағында жиналуы денсаулыққа қауіпті, себебі жүректің ишемиялық 
аурулары, артериалық гипертония, қантты диабет және т.б. жиі кездеседі. Әлем 
статистикасы бойынша әйелдердің 30-40%, ал еркектердің 10—20%-ы семіздікке жиі 
ұшырайды.
Семіздіктің 3 түрі бар: 
- әйелдерге тән түрі (гиноидты семіздік) – тері асты май сан және жамбас аймағына 
жиналады (сурет 40 а); 
- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы 
(сурет 40 б); 
- аралас түр. 
Сурет 40 
Семіздік түрі а – әйелдерге тән, б – еркектерге тән 
Дене салмағының индексін анықтау дене салмағы артық адамдарда семіздікті ерте 
диагностикалауға және жүрек-тамыр ауруларының даму қауіпін болжауға мүмкіндік 
береді. Дегенмен бұл әдістің жеткіліксіздігі де бар. Адамның тамақтану жағдайын 
анықтаудың тура әдісі оның бел айналымы көлемінің сан айналымы көлеміне қатынасын 
анықтау.


107 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет