110
Сурет 43.
Сынапты термометр
Сынапты
термометр
капиллярдан
тұратын
шыны колба, оның ішінде сынап болады. Оның әсері температура өзгергенде сынаптың
кеңею қабілетіне байланысты негізделген. Сынап бағанасы ысыған кезде жоғары нүктеге
көтеріледі де, суығанда қайта түспейді. Қайтадан бастапқы қалыпқа түсіру үшін,
термометрді сілкілеуіміз қажет.
Артықшылығы:
•
Температураны өлшеудің жоғары дәлдігі (кемшілік жіберуі 0,1°)
•
Температураны өлшеу әдістерінің алуан-түрлілігі (қолтық асты,
ауыз арқылы,
ректалды).
•
Ұзақ уақыт қолданады (егер термометрді түсіріп алмай және онымен абайлап жұмыс
істесе, сынапты термометр сына қоймайды). Сонымен қатар кезеңді түрде батарейкасын
ауыстыруды қажет етпейді.
•
Дезинфекция жасауға еш кедергі жоқ (бірақ қайнатуға болмайды).
•
Термометрдің арзан бағада болуы.
Жетімсіздігі:
•
Термометрдің корпус құрылымы өте
нәзік және осал болғандықтан, тез сынып
қалады және улы сынаппен ластануы және шыны сынықтары шашылуына әкеледі.
•
Температураны өлшеу уақыт ұзақтығы - 10 минуттай.
•
Термометрдің сүйір
пішінде болуы, ректалды өлшегенде «жоғалтып алу» қаупін
жоғарылатады.
•
Кішкентай балаларға ауыз арқылы қолданбағаны дұрыс.
Сандық немесе электронды термометр
Электронды термометр - қалам түріндегі пішінде, арнайы кіріктірмелі сезімтал тетігі
бар, өлшеу нәтижесі сан түрінде шыны құрылғысынан көрінетін пластикалық қондырғы.
Олар қосымша қызметтерімен ерекшелінеді: соңғы өлшеген нәтижені есінде сақтау,
өлшеу
уақыты және нәтижесі туралы дыбыстық сигнал беру, гигиеналық қолдану үшін
ауыстыратын
ұштықтарының болуы, корпусы су өткізбейді және т.б. Электронды
термометрлермен ауыз арқылы, тік ішекте және қолтық астында температураны өлшейді
(сурет 44).
www.baby.ru
111
Сурет 44
Электронды термометр
Артықшылығы:
•
Қолдануда қауіпсіздігі: бұл термометрде сынап
болмағандықтан, сындыру мүмкін
емес.
•
Температураны өлшеу нәтижесін оқу оңай.
•
Температураны өлшеу уақыты өте қысқа, барлығы 30–60 секунд.
Температураны
қолтық астында өлшеу уақыты 1,5–3 минут ұзарады.
•
Белгілі бір уақыттан кейін өзінен-өзі өшеді.
•
Жарығы бар термометрлерді қараңғы кезде де қолдануға болады.
•
Барлық кәзіргі үлгілерінде соңғы өлшеу тарихын сақтайтын есте сақтау қызметі бар
(1-ден 25-ке дейін ).
•
«Цельсий-Фаренгейт» өлшеу ауыстыру шкаласы бар.
•
Өте көп әртүрлі үлгіде, әртүрлі пішінде және ашық түсте немесе емізік түрінде
болады, икемді жарақаттамайтын ұштықтары болады.
Жетімсіздігі:
•
Көптеген үлгілерді, әсіресе арзан тұрмыстық үлгілерін жууға,
залалсыздандыруға
болмайды.
•
Кезеңді түрде батарейін ауыстырып отыру керек.
•
Сынапты термометрлермен салыстырғанда электронды термометрлердің бағасы
қымбат тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: