§ 27. Атмосфералық қысымды өлшеу Атмосфералық қысым



Дата25.12.2021
өлшемі1,64 Mb.
#105419
Байланысты:
7 сынып.Атмосфералық қысым.

§ 27. Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу

Атмосфералық қысым

  • Атмосфералық қысым
  • Қалыпты атмосфералық қысым
  • Сынапты барометр
  • Барометр – анероид

Сендер

  • Атмосфералық қысымның бірліктерін білетін боласыңдар;
  • Атмосфералық қысымның табиғатын түсінетін боласыңдар
  • Атмосфералық қысымды қандай құралдармен өлшейтінін білесіңдер;
  • Барометрлердің жұмыс істеу принципін түсін­діре аласыңдар

Атмосфералық қысым

  • Атмосфералық қысым деп Жердің ауа қабығының Жер бетіне және ондағы денелерге түсіретін қысымын айтады.

Э. Торричелли


1 мм сын. бағ. = 133,3 Паскаль.

760 мм сын. бағ. =

 

Қалыпты атмосфералық қысым


Атмосфералық қысымды өлшеу құралы


Сынапты барометр.

Торричелли түтігі негізінде жасалған сынапты барометр ең қа-рапайым барометр болып табылады.


Барометр-анероид.


1— барометр корпусы;

2— ішінен ауа-сы сорылған беті иректелген (гофрленген) металл қорап;

3— шыны;

4— сынапты ба-рометр көмегімен градуирленген қысымдар шкаласы;

5— қорапшаны қабыстыруға мүм-кіндік бермейтін металл пластина;

6 — ба-рометрдің тілі;

7— ось.

Атмосфералық қысымды өлшеу үшiн қауіпсіз барометр-анероидтар (грекше анероид – сұйықсыз) кеңiнен қолданылады.

Атмосфералық қысымды өлшеу

Альтиметр,Манометр,Сфигмомонометр

  • Биіктікті көрсететін анероид альтиметр деп аталады.

  • Альтиметрлерді ұшақтарға, тікұшақтарға орнатады. Ұшқыштар альтиметр көмегімен қандай биіктікте ұшып бара жатқанын бақылап отырады.
  • Табиғатта атмосфералық қысымнан жоғары немесе төмен болатын қысымдар жиі кездеседі.Мұндай қысымдарды манометр көмегімен өлшейді.
  • Адам қан қысымын өлшейтін құрал сфигмомонометр деп аталады. Адам қан қысымының төменгі бағаны 70-80 мм сын.бағ. Жоғарғы бағаны 110-120 мм сын.бағ.

Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі

  • Атмосфера-Жердің ауа қабаты.
  • Атмосфераның құрамы: 78%-азот, 21%-оттегі, қалған 1% көмірқышқыл газы, аргон т.б. газдар

Атмосфералық қысым әр 12 м биіктікте 1мм.сын.бағ.-на азаяды.Бұл жергілікті жердің үстіндегі атмосфералық ауа бағаны салмағының кемитінімен түсіндіріледі, яғни ауа сирейді.

  • Атмосфералық қысым әр 12 м биіктікте 1мм.сын.бағ.-на азаяды.Бұл жергілікті жердің үстіндегі атмосфералық ауа бағаны салмағының кемитінімен түсіндіріледі, яғни ауа сирейді.

Мысалы, таудың биіктігін өлшеу үшін тау етегіндегі қысымды және оның басындағы қысымды өлшеп, қысымдардың айырмасын тауып, 12 м-ге көбейтеміз.

Есептер

 

  • Оқулықтан 115-118 беттерді оқу.
  • Онлайн мектептегі тапсырмаларды орындау.
  • Видеоны мұқият қарау,тыңдау.


Үйге тапсырма

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет