Әр бүтін сандық тип не таңбалы signedнемесе таңбасыз unsigned ретінде анықталуы мүмкін (үнсіздік бойынша signed). Екі тип арасындағы айырмашылық –ішкі жариялаудың үлкен бит интерпретация ережесінде. signed спецификаторы ішкі жариялаудың үлкен биті таңбалы ретінде қабылдануын талап етеді; unsigned ішкі жариялаудың үлкен биті бұл жағдайда таңбассыз болып есептелетін жарияланатын сандық мәннің кодына кіретінін анықтайды. Үнсіздік бойынша, префикс ретінде unsignedкілттік сөзінің болмауынан, кез келген бүтін тип таңбалы болып есептеледі (signed). Сөйтіп, signed префиксін char, short, int, long қызметтік сөздерімен бірге қолдану артық. "Таңбалылықтың" белгілеулерін (спецификациясын) жекелеп қолдану рұқсат етілген. Сонымен қатар, signed signed int-кеэквивалентті; unsigned unsigned int-ке эквивалентті. Айнымалыны с ипаттау. Әр айнымалы программада қолданылуы алдында сипатталуы керек, яғни, айнымалы үшін жады бөлінуі керек. Айнымалы үшін бөлінетін жады аумағы және құрамының интерпретациясы айнымалыны сипаттауда көрсеілген типіне байланысты.
Айнымалыны сипаттаудың қарапайым түрі:
тип айнымалының _атының _тізімі; мұндағы айнымалының аты – бұл тізімде үтірмен бөлінетін, программист таңдаған идентификаторлар; тип – типтердің біреуі.
4. Қарапайым программаның құрылымы мен компоненттері Препроцессор Препроцессор – программа мәтінін оның компиляциясына түрлендіретін транслятордың арнайы компоненті.
Препроцессорлы өңдеудің ережесін программист препроцессор дерективасы көмегімен анықтайды. Препроцессордың әр дерективасы '#' символынан басталады. Программаның әр жолында тек бір ғана деректива болады. Препроцессор программаның мәтінін түрлендіру әрекетін анықтайтын дерективаны іздеп программаның негізгі мәтінін "сканерлейді".