С температурада сүттің бактерицидтік қасиеті үш сағатқа, 15



бет62/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#80676
түріҚұрамы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68
Байланысты:
сүзбе технологиясы

1-2 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Сүт өндіріс орындарының құрал- жабдықтарының санитариялық жағдайын бақылау.
Сабақтың мақсаты: Сүт өндіріс орындарында жүргізілетін санитариялық шаралар жүргізу тәсілдерін үйрену. Сүт қондырғыларының тазалығын анықтауда дезинфекция сапасын бақылау. Жүргізілген санитариялық өңдеудің тиімділігін жұмысшы беткейлердің бетінен алынған жұғындыларда санитариялық-көрсеткіш микроорганизмдердің бар-жоғына қарап анықтаймыз. Жұғындыларды дезинфекциядан кейін, стерильді мақталы тампонмен, өзара перпендикуляр бағытта кем дегенде екі рет сүрте отырып аламыз. Жұғындыны алар алдында тампонды 10 мл стерильді физиологиялық ерітіндісі бар пробиркаға салады. Зерттелінетін беткейді сүртпес бұрын тампонды пробирканың қабырғасына сығып аламыз. Жұғынды алынғаннан кейін тампонды сол пробиркаға саламыз. Жұғындыны алу аумағы 100 шаршы см-ден кем болмауы керек. Ол үшін көлемі 10*10 см төртбұрыштарды белгілеп, оларды 1-2 мин бойы стерильді мақта тампондарымен сүртеміз. Содан кейін тампонды стерильді бейтараптаушы ерітіндіге немесе дистильденген суға салып, бактериалогиялық зерттеу жүргізу үшін лабораторияға жібереді. Сынамалар лабораторияға 2 сағаттан кешіктірілмей жеткізілуі кажет. Лабораторияларда оларды сол күні тексеру қажет. Жалпы бактериалды ластануды анықтауды екі әдіспен жүргізеді: центрифугалық және сұйылту әдісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет