82
II Бөлім. Туа біткен иммунитет
байланысады, бірак кейбір жағдайларды тану үдерісі кезінде косымша
нәруыздар катысады. Мұндай тануға мысал ретінде Л ПС-дін ТЬК4-пен
байланысуын келтіруге болады, себебі бұл байланыска екі косымша
нәруыз МД-2 мен ерігіш липид байланыстырушы нәруыз (Л БН) ыкпал
етеді.
Мономерлі ЛПС сарысулык липид байланыстырушы нәруыз кө-
мегімен бактериялардын мембранасынан алынады. Липид байла-
ныстырушы нәруыз мономер-Л ПС-ті фагоциттердің мембранасындағы
Сй14
нәруыздык молекуласының липид байланыстырушы аймағына
тасымалдайды. С014 ЛПС-тін ТБК4 — МД-2 кешенімен (МД-2 —
дегеніміз ТЬЯ4-тің жасушасыртылык доменімен ассоциапияланған
нәруыз) байланысуна ыкпал етеді. ЛПС-тің ТБЯ4 — МД-2 кешенімен
байланысуы белгінің ТЬЯ4-тен жасуша ішіне берілуіне әкеледі. Бұл
үдеріс кесте түрінде 6.2-суретте бейнеленген. Нейтрофилдер мен
макрофагтардың бетіндегі СӘ14 нәруызын генетикалык немесе мо-
ноклонды антиденелердің көмегімен тежесе, аталған жасушалардын
бактериялы ЛПС-ке
сезімталдығы төмендейтіні
экспериментте
көрсетілген.
Жасушасыртылык лигандалармен байланысатын Толл-тәріздес ре-
цепторлар жасушаның плазмалык мембранасына кіреді, ал жасуша
ішінде түзілетін лигандалармен байланысатын ТБЯ жасушасыртылык
мембраналармен байланыскан. Мысалы, бактериялар мен саңы-
раукұлыктардың жасушалык кабырғасының компоненттерін тани-
тын ТБЯ (ТБЯ2, ТБЯ4, ТБЯ5, ТБЯ6) туа біткен иммунитет жасуша-
ларының бетінде орналасқан, ал вирусты және микробтык ну-
клеин кышкылдарын танитын ТБЯ (ТБЯЗ, ТБЯ7, ТБЯ8, ТБЯ9)
Достарыңызбен бөлісу: