Мағынаны тану кезеңі. Ой шақыру» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Бауыржан Момышұлы кім?
Майданда Бауыржан Момышұлы қандай қызметтер атқарды?
1941 жылы қандай ерлік көрсетті?
Оның қолбасшы ретіндегі таланты қашан ашылды?
Бауыржан Момышұлының ерлігі қай кітапта суреттеледі?
Ол кітап қандай тілдерге аударылды? Әскери әдебиеттің атасы кім? Бауыржан қандай марапаттар алды? 1.Бауыржан Момышұлы Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
2.Бауыржан майданда батальон, полк командирі қызметтерін атқарды, гвардиялық дивизияны басқарады.
3.1941 жылы өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзды.
4. Оның қолбасшы ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.
5. Бауыржан Момышұлының атақ-даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тасжолы» атты кітабында суреттеледі.
6. Ол кітап неміс, чек, еврей, ағылшын, француз т.б. шет тілдеріне аударылды.
7. Бауыржан Момышұлы қазақтың әдебиетінің атасы атанды.
8. Оған «Халық қаһарманы» деген атақ беріледі.
Бауыржан Момышұлы (1910-1982)
Бауыржан Момышүлы - Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, ңазаңтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көл-бастау мекені.
Б.Момышүлы жеті жылдық мектепті бітіріп, ауылда мүғалім болып қызмет істейді. Әскери міндетін өтіп, коман-дир атағын алады. 1941 жылы Үлы Отан соғысы басталысымен, генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясының қүрамында майданға аттанады. Соғыста батальон, полк командирі қызметін атқарып, гвардиялық дивизияны да басқарады.
Б.Момышүлының соғыс кезіндегі, Москва түбіндегі шайқастағы қаһармандың ерлігі аңыз болып жайылған. Бауыржан Мо-мышүлының ерлігі туралы орыс жазушысы А.Бек «Волоколам тас жолы» повесін жазды.
Соғыстан кейін батыр ағамыз әскери-педагогикалың жүмыспен айналысты. Сонымен қатар шығармашылық жүмысын да жалғастырды. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, «Офицердің күнделігі» атты жинақты, «Қанды күндер оқиғасы», «Москва үшін шайқас», «Үшқан үя» атты шығармаларын дүниеге әкелген.
Әскери жазушы Б.Момышүлы - Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының «Халық Қаһарманы».
«Өрмекші» ойыны арқылы автордың толғауларындағы өзінің бейнесін тануына ықпал ету.
РАФТ стратегиясы
Мысалы:
Р-Момыш
А- ХХ! Ғасыр ұрпағына
Ф-өсиет
Т-Отан сүйгіш ұл бол!
Сіздерге алдын –ала үйге өткен сабағымыздағы тақырыптар бойынша тереңдеп зерттеу тапсырмалары берілген болатын , соған орай келесі сөзді баяндау үшін «Автор орындығына» шақырамыз.
Баяндау:
1 Қаһарман батыр- Бауыржан(өмірі туралы)
2.Жазушының шығармалары, еңбектері
3. «Ұшқан ұя» Үзіндісі туралы
Зерттеушілер: Бауыржан қандай тұлға?
Батырдың тегі туралы білеміз бе?
Ұрпақтары кімдер?
Сұрақтар құрастырушылар: 5 сұрақ беріледі.
5 жауап беріледі.
Сілтемелер табушы: «Ұшқан ұядағы» рухани байлық : мақал-
мәтелдер, бата сөздер, ұлттық салт-дәстүрлер,
ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой қозғау.
Бейнелеуші- суреттеуші: «Менің қиялымдағы- Бауыржан»
Сурет салу, суретпен жұмыс
Дәнекер- жазушы Эссе « Ел болам десең ,бесігіңді түзе»
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
«Ақ жүрек болып жолдасың,
адалдық сені қолдасын.
Жақсылық үшін тіресең,
жаныңды арың қорғасын.
Арынды болсын шабысың,
алымды болсын табысың,
Найзадай болсын намысың,
Ер жігітке бәрі сын
Қиындық көрсең, мұқалма,
ауырлық көрсең, жұқарма.
Қамқоршы бол кішіге,
үлкенді үлгі тұт алға!»-деп айтқан бабалар сөзін болашақ өмірімізге өнеге тұтып жүретін еліміздің отансүйгіш
азаматтары сендерсіңдер , жас ұрпақ !