1. Қасақана плагиаттық жасау – нақты сілтеме берместен өзінің ойын немесе сөзін қолдау.
2. Өзіне өзі плагиаттық жасау - бұрын жазылған өз жұмысын рұқсатсыз қайта қолдану.
3. Тыныс белгілерді дұрыс қолданбай плагиаттық жасау - өзгелердің сөзін арнайы тыныс белгілерсіз (тырнақшасыз) қолдану.
4. Абайсызда плагиаттық жасау – материалға сілтеме беруді, тыныс белгілерін қоюды, парафразаға сілтеме жасауды ұмытып кету.
Плагиаттықтан сақтану жолдары
Плагиаттық жасамау жазып отырған тақырып туралы толық мәлімет алуға, ойды қорытындылауға, жүйелеуге тақырыпты талдауға үлкен ықпалын тигізеді. Плагиаттықтан сақтану үшін өзге еңбектерден алынған басқа авторлардың сөзіне, оларға жасалған қорытындыға және парафразға қашанда талапқа сай сілтеме берілуі қажет.
Сол себепті, плагиат жасамау үшін мына амалдарды орындаған абзал:
Сілтеме жасау - басқа бір автордың пікірін қолдану үшін үнемі сол авторға сілтеме жасауды ұмытпау керек. Сілтеме дегеніміз - өзге автордың ойын немесе сөзін алған әдебиетті, яғни материалды көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |