Төлеу сөз (парафраз) Төлеу сөз – өзгенің сөзін мағынасын сақтай отырып қайта жазып шығу. Бұл академиялық жазылымда «Парафраз жасау» деп аталады. Парафраз көлемі жағынан түпнұсқаға қарағанда кішірек болуы мүмкін. Парафразға да міндетті түрде сілтеме жасалып, беті көрсетіледі.
Төл сөзге қарағанда төлеу сөзге айналдыру студенттер үшінбіршама құнды болып табылады. Себебі, өзгенің сөзін өз сөзбен айналдыру барысында онадығ ақпаратты студент толықтай елегінен өткізеді. Сондықтан, парафраз жазба жұмысында кеңінен қолдануы тиіс. Бұл өз кезегінде жұмыстың жоғары бағалануының септігін тигізеді.
Парафраз жасау барысында мына жайттарды естен шығармау қажет:
Өзге автордың сөзін өз сөзімен (мағынас сөздермен, сөз тіркестерімен) жазу барысында негізгі мағынасын өзгертіп алмау.
Парафраз алынған дереккөзге сілтеме жасауды ұмытпау.
Парафраз сөйлемге немесе параграфқа жасалуы мүмкін.
Төл сөзді қолданғанның орнына парафраз жасап тырысу.