Практикалық сабақ №13-14 Көру және есту анализаторына қойылатын гигеналық талаптар. Көру өткірілігін анықтау. Мақсаты: Көру анализаторы шеткі, өткізгіш және қыртысты бөлімдерден құрылған. Көру анализаторының шеткі бөлімі көз болып табылады. Ол көз алмасынан және қосымша (көмекші) аппараттан тұрады. Көз алмасының ядросы (көз камераларын толтырып тұратын сұйықтық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене және үш қабықшасы фиброздық) талшықты немесе белокты тамырлы және торлы болады.
Көздің көмекші (қосалқы) аппаратына көз алмасының бұлшық еттері, жас бездері, қабақ конъюктива, қас пен кірпіктер жатады.
Өткізгіш бөлім торлы қыбықшадан басталады және төрт нейроннан тұрады. Бірінші нейронға таяқшалар мен құтышалар, екіншіге- мультиполярлы нейрондар жатады. Үшінші нейрондар ми сауытының ішінде қосылып (хиазма) жартылай айқасатын көру нервтерін құрайды. Көру нервісінің талшықтары тек жартылай ғана алмасып айқасады. Бұл бинокулярлық (екі көзбен бірдей) көруді қамтамасыз етеді. Нервтерді айқасқан жерін көру жолы деп атайды. Ол екі түбірге бөлінеді. Түбірлер көру төмпешігінің (таламустың) және латеральды имек дененің клеткаларында аяқталады. Бұлардан ми қыртысының шүйде аймағына баратын төртінші нейрондар басталады.