Жорықтарда сондай-ақ улану және ішек инфекциясы болуы мүмкін
.
Бұндайда құсқысы келіп, іші аурады, температура көтеріледі. Егер бұл 3 күн ішінде
басылмасы энтеросептол (2 таблеткадан күніне 4 рет) қабылдайды. Іштің төменгі оң жағы
қатты ауырса (аппендицит) ол жерге суық басып, ешқандай дәрі, сүйықтық, тамақ бермей
жатқызып ең жақын медициналық пунктке жеткізу қажет.
Өртке қарсы қауіпсіздік және алау жанындағы сақтық шаралары.
Кім, бір кезде жорықта болса, сол дамылдау кезінде туристік костер алдында өткізген
сағаттарды ешкашан ұмытпайды. Костер ұшқын шашып көңілді шырт алдайды, өзеннен
салқын леп, судың шылпылы, күлкі естіледі. Қаранғы түседі, жаңадан бір қолтық қурай лап
етеді де отырғандарды костер жарығымен бір минут шарпып жібереді тағы да қаранғылық.
Костер алдында отырған қандай жақсы.
Бірақта, алау жағу кезінде ең алдымен қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Басшының
рұқсатынсыз алау жақпайды, отты өшірмей қалдырмайды, жанып тұрған шырпыны
лақтырмайды, ағаштарды, бұталарды шабуға жол бермейді, ағаш бұталарды шабу үшін лагерь
аумағында әдейі алаң жасайды. Алаңның ортасына қастерді орналастырып, айналасы
қазылады, ұшқын шашып өрт болмауы үшін аулақтау жерге су шашылады. Күрек, шелек т.б.
керекті құралдарды дайындап қою керек.
Жанып тұрған немесе отқа тамақ қойған кезде 100-150 м жердей аулақта ойнау керек.
Оттан тамақ алар кезде арнайы ілмек құралдарымен, ұзын сырық ағашпен алшақтау тұрып
немесе арнайы қолға қолғап киіп алу керек. Отта тұрған суды қайнағанын, қайнамағаның білу
үшін саусағымызды тығып қарауға қатаң тиым салынады. Сөнуге қалған алауды үрлеуге
болмайды себебі от лап етіп жанып бетімізді күйдіріп алуымыз мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |