Жылқыны салт міну кезінде туристтің қозғалыстарына қойылатын талаптар.
Мініс жылқыларына отыруда оның жүгенін тартып тексеру керек. Дұрыс байланбаған
жүгенмен жүруге тыйым салынады.
Салт мінуде турист кез келген аллюрада мықты отыру керек, жүгенді жіберіп тастамай,
басқарудың кез келген қозғалыстарын орындауға дайын болу қажет.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау
–туристік топ мүшелеріне қойылатын басты талап.
Апатты жағдайда және жарақат алуды болдырмау үшін туристік жорықтың әрбір мүшесі
төмендегідей талаптарды орындауға міндетті.
Туристік жорықтар кезіндегі апатты және жарақат жағдайларында міндетті түрде
төмендегі ережелерді орындау керек:
Жорыққа әзірлік кезінде:
Туризм техникасының сақтандыру әдіс және жалпы шынығу дайындығы сабақтары мен
жаттығуларына үнемі қатысуы, жол қозғалысы ережелерін, автомобиль және теміржол
көліктерімен өту ережелерін оқып, қатаң сақтап отыру;
Белгіленген маршрутты жан-жақты зерттеп, дәрігерлік байқаудан өтіп және жорыққа
қатысуға дәрігерден рұқсат алу;
-жорық үшін жеке және топтық құрал жабдықтарды мұқият әзірлеу;
Топ жетекшісінің өкімін қолдау, маршруттың апатсыз өтуіне мүмкіндік туғызып
тапсырмаларды шын көңілмен орындау, болмашы жағдайдың өзінде де басшыға баяндап
отыру; топ қатарын тастап кетпей, қалып қоймай, қалып қойғандар туралы тез арада басшыға
хабарлау; лагерьдің аумағын басшының рұқсатынсыз тастап кетпеу; белгісіз
саңырауқұлақтарды, жеміс-жидектерді, су ішу тіртібін қатаң сақтау; басшының рұқсатынсыз
алау жақпайды, отты өшірмей қалдырмайды, жанып тұрған шырпыны лақтырмау; ағаштарды,
бұталарды шабуға жол бермеу, ағаш бұталарды шабу үшін лагерь аумағында әдейі алаң жасау;
сақтану және өзін-өзі сақтандыру ережелерін қатаң мұқият орындау; апат болған жағдайда
жоғары моральдық рухты салты қандылықты, сенімділікті сақтап, тез әрекет жасау, басшының
бұйрығын орындау; жарылу қауіпі бар заттар табылған жағдайда, оған тимеу, басшыға
хабарлау, қауіпті жерді қоршау;
Достарыңызбен бөлісу: |