Балалар, біз жылуды күннен аламыз, отбасымызда ата- анамыздан, мектепте мұғалімнен аламыз. Бүгінгі сабақта сіздерге жылу беретін, білім беретін мен боламын. Менің аты- жөнім- Айдана Кынарқызы. Сіздерден жақсы тәртіп, алғырлық, тапқырлық күтемін. Ал, қазір күнге өз есімдеріңізді жазып, мойынға тағып алыңыздар. Есімдеріңіз қандай әдемі. Сіздермен танысқаныма қуаныштымын. Сабағымызды бастайық.
Сіздердің алдарыңызда семантикалық карта тұр. Берілген дыбыстарға дыбыстық талдау жасаймыз.
Семантикалық картамен жұмыс (ҚБ)
Дыбыстар
Дауысты
Дауыссыз
жуан
жіңішке
қатаң
ұяң
үнді
Б
+
Р
+
Е
+
Ы
+
Қ
+
Ғ
+
Балалар, енді бір- бірімізбен жұмыстарымызды алмастырып, өзара бағалап кетейік. Ешқандай қате кетпесе- жасылды, бір-екі қате кетсе-сарыны, үштен көп қате кетсе –қызылды белгілейсіздер. Ал, дұрыс жауабы тақтада тексереміз. Бағалып болсақ, қане көрсетейік.
Сабақтың ортасы
Жақсы. Балалар, кестеге назар аударайықшы.
Екі бағандағы сөздерді салыстырайықшы. Мысалы бірінші сабақ, екінші бағанда- сабағы. Келесі кім оқиды?
сабақ
сабағы
парақ
парағы
ұршық
ұршығы
жарық
Жарығы
бұлақ
бұлағы
Не байқадыңыздар?
Қ дыбысы ғ дыбысына айналды.
Не себептен қ дыбысы ғ дыбысына айналды?
Ы дыбысы жалғанды. Ы дыбысы қандай дыбыс?
Дауысты дыбыс. Ендеше біз бұдан қандай қорытынды шығарамыз?
Қане, қ дыбысына аяқталатын тағы қандай сөздерді білеміз? Мысық, қалпақ, саябақ.
Енді, ғ дыбысына аяқталатын сөздер айтайықшы. Бар ма?
Иә, ғ дыбысы сөздің соңында жазылмайды.
Балалар, өзіміздің ой қорытуымыз дұрыс па екен? Қане, оқулықтың 51- бетін ашып, ақпартты салыстрайық.
Ережені ішімізден оқимыз. Бір- екі бағалаға оқыту.
Иә, ғ дыбысы сөздің соңында кездеспейді. Қ- ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ – ға айналады.
Тыңдалым. (26- жаттығу)
Балалар, қолды алдыға салайық. Қазір бәріміз мұқият бір мәтін тыңдаймыз.
(Үнтаспадан тыңдату)
Түсіндік пе, балалар? Қане, қайтадан оқып жіберейік. Сіздер мұқият тыңдаңыздар. «Мен саған, сен маған» әдісі қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береміз.
Мәтін не туралы?
Мәтінге ат қой.
Серіктің достары қайда барды?
Тойға Алматыдан кім келді?
Қымбат апай.
Қане, мәтіннен Қымбат апай туралы жазылған жерін тауып көрейікші.
Осы жерде жұртшылық- жұршылығы сөзіне назар аударайықшы.
Жұртшылық деген нені білдіреді?
Көпшілігі дегенді.
Жұппен жұмыс «Сәйкестендіру» әдісі
Балалар, Қымбат апай бізге сұхбаттасуға келсе, қандай сұрақтар қояр едік. Сұхбат дегеніміз не?
Ендеше, жұптаса отырып, алдымыздағы кестеден Қымбат апайға қатысты сұрақтарды сәйкестендіресіздер.
Жақсы. Енді ашық микрофонға кім оқып жібереді?
Балалар, Қымбат апайларыңыз байланысқа шығыпты. Сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді.
(Бейне жазба көрсету.)
Өте жақсы. Енді біраз серігіп алсақ.
Сергіту сәті.
(Бейнежазбаға қарай отырып, қимылдарды қайталау.)
Жазылым
Балалар, 29- жаттығудың берілгенін кім оқып жібереді? Көп нүктенің орнына қ,ғ әріптерінің тиістісін қойып сөйлемді толықтырып Жұмыс дәптеріне жазамыз. Кім бірінші сөйлемді оқиды? Барлығымыз дәптеріміздің 38- бетіндегі 29- жаттығуды орындаймыз.
Кеудемізді тік ұстаймыз. Дәптерімізді көлбеу қойып, көркем жазуға тырысамыз.
29- жаттығу.
Бір қозының ая...ы сынып қалған екен. Қайрат қозыны аяп, үйге алып келді. Атасы оның сыны...ын орнына салды. Кейін қозының аяғы жазылды.
Топпен жұмыс
Балалар, топпен жұмыс жасаймыз. Жұмысты бастамас бұрын топтағы алтын ережелерді есімізге түсіріп алайық.
Бір- біріміздің сөзімізді бөлмейміз;
Кезектесе, бірлесе жұмыс жасаймыз;
Тыныштық сақтаймыз.
Анаграмма 6 топқа беріледі.
қ
а
л
а
қ
қ
ұ
л
а
қ
қ
а
с
ы
қ
қ
ы
р
ы
қ
қ
а
з
а
қ
қ
а
й
ы
қ
Үй тазалығына керекті құрал.
Адамның дене мүшесі.
Ыдыс- аяқтың түрі.
4 ондық
Ұлт
Су көлігі
Анаграмманы кезектесе шешесіздер.
Өздеріңіз қалаған бір сөзге сөйлем құрайсыздар. Дайындықтарыңызға 3 минут уақыт беріледі. Дайын болған топ белгі бересіздер. (үш шапалақ)
Топтық жұмысты мадақтау.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.
Жетістік критерийі:
Қ, ғ дыбыстарының емілесін дұрыс қолданады.
Өзіндік жұмыс
Мадақтау ретінде сұхбат жүргізіледі. Бейнежазба көрсетіледі.
Тақтаға шыққан оқушылардың жұмысына кері байланыс беру.
Топтардың өзара бағалауы. Бас бармақ әдісі.
Бағдаршам әдісі
Жасыл- еш қатесіз орындаған оқушылар.
Сары түс-1 немесе 2 қатесі бар оқушылар
Қызыл түс- 3 немесе одан да көп қате.
Жасыл түспен бағаланған оқушылар қызыл түспен (яғни қолдауды қажет ететін оқушыларға көмектеседі)
Сабақтың соңы
Рефлексия «Сұхбаттасу» әдісі
Балалар, енді мен тілші болайын. Сіздерден бүгінгі сабақ туралы сұхбат алғым келеді.
Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіз?
Қ- ға аяқталған сөзден кейін дауысты дабыс келсе, қ қандай дыбысқа айналады екен?
Бүгінгі сабақтағы көңіл күйімізді көрсетейікші.
Үйге тапсырма: 52- бет, 27- жаттығу кқшіріп жазамыз. Қарамен жазылған сөздерге назар аударамыз.