1-сабақ
Бекітемін:
Оқу-ісінің меңгеруші:
Сабақтың тақырыбы: 3 сыныпта өткенді қайталау.
Дыбыс және әріпті қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: а/дыбыстар және әріптер туралы 3сыныпта алған білімін еске түсіру;
ә/дыбыстардың түрлеріне,ерекшелігіне қарай қандай түрлерге
бөлінетінін пысықтау;
б/Сөздік қорын дамыту:
Сабақтың әдісі:топпен жұмыс.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Көрнекілігі:дыбыс түрлері көрсетілген сызба плакаттар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Қызығушылықты ояту
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
Дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы қайталау.
Сөйлемдерді ауызша толықтыр:
Дыбыс дегеніміз....
Әріп дегеніміз......
Дыбыстар .....бөлінеді.
Дауысты дыбыстар деп...... айтамыз.
Дауыссыз дыбыстар деп ....айтамыз.
Қазақ тілінде.......әріп бар.
ІІ.Жаңа сабақ.
Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
а/Сурет бойынша жұмыс.
ә/өлеңді оқу.Жуан және жіңішке айтылы тұрған сөздерді тап.
б/өлеңнің мағнасымен байланыстыры отырып,өз мектебің туралы әңгімеле.
Дәптер мен жұмыс.
2-жаттығу.
Әр сөзден жаңа сөз жасап тұрған дыбысты оқысаң,мақал шығады.Ол қанддай мақал?
Оқу түбі тоқу.
Мақалды сызба бойынша жазу.
Өз бетінше жұмыс.
3-жаттығу.
Өлеңді көшіріп жазу.
ІІІ.Қорытынды.
4-жаттығу.
Берілген сурет атттарын жазып,дыбыстық талдау жасау.
Суретте:ою,коньки,портфель,фотоальбом.
ІҮ.Үйге тапсырма.
5-жаттығу.
Қарамен жазылған сөздерді баған түрінде жаз.
ҮІ.Бағалау.
2-сабақ
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі:
Сабақтың тақырыбы:Сөйлем және оның түрлерін қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: а/Сөйлемнің сөзден құралатынын және ондағы әрбір сөздің белгілі
бір мағынасы барын ұғындыру;
ә/Сөздерді дұрыс қолдануға үйрету;
б/Сөйлемді сауатты құра білуге дағдыландыру;
Сабақтың әдісі: топтастыру,қарама-қарсы элементтер, бес жолды өлең
Сабақтың көрнекілігі:сызбалар,кестелер,топшалар
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Балаларды психологиялық сабаққа дайындау.
ІІ.Өткен сабақты пысықтау.
Осы кезге дейінгі сөз туралы білім,біліктерін пысықтау.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1-жаттығу.
Берілген сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдырып жаз.
Қуаныштың анасы қайда жұмыс істейді?
Көгершін қайда ұшты?
Бір жылда неше ай бар?
Альпинистер қандай шыңға шықты?
Тиісті сөздер: қалықтап,зауытта,биік,он екі.
Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемдердің айырмашылықтарын тап.
2-жаттығу.
Өлеңді түсініп оқы.
Нүкте.
Нүкте деген білгенге,
Жай ғана бір ноқат па?
Жоқ онсыз сөйлемде,
Жоқ өлең де,
Жоқ хат та!
Өлеңдегі сөйлем түрлерін ажырат.
Сурет бойынша жұмыс.
3-жаттығу.
Мәтінді түсініп оқы.
Алматының арыстаны.
Тиісті тыныс белгісін қойып,бір сұраулы,бір хабарлы сөйлемді көшіріп жаз.
Соңғы сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып жаз.
ІҮ.Қорытынды.
Ү.Үйге тапсырма
ҮІ.Бағалау.
3-сабақ
Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерін қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: а/тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі ой-пікірдің негізі,тірегі болатындығы,ал тұрлаусыз мүшелердің негізгі ойды толықтап,анықтап,пысықтайтындығын естеріне түсіру.
Б)сөйлемнен тұраулы және олардың байланысын тапқызу арқылы ойларын
дамыту.
Ерлік,батырлық туралы түсінік бере отырып,патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: плакат.
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық.
ІІ.Өткенді қайталау.
1.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері..Ережесін айту.Мысалдар келтіру.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы 1-2-3-4-жаттығуларын орындау.Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап,сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.3.Әр жаттығуға берілген мәтіндерге байланысты ерлік,батырлық,достық,адамгершілік,еңбексүйгіштік туралы әңгіме өткізіледі.
ІҮ.Қорытынды.
1Қосымша жалғанғанда түбірінде өзгеріс болатын сөздер айтқызу.
Ү.Үйге тапсырма.
5-жаттығу.Түбіріндегі дыбысы өзгерген сөздердің астын сыз.
ҮІ.Бағалау.
5-сабақ
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі:
Сабақтың тақырыбы:Сөз және оның мағынасы.
Сабақтың мақсаты: а/Сөйлемнің сөзден құралатынын және ондағы әрбір сөздің белгілі
бір мағынасы барын ұғындыру;
ә/Сөздерді дұрыс қолдануға үйрету;
б/Сөйлемді сауатты құра білуге дағдыландыру;
Сабақтың әдісі: топтастыру,қарама-қарсы элементтер, бес жолды өлең
Сабақтың көрнекілігі:сызбалар,кестелер,топшалар
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Балаларды психологиялық сабаққа дайындау.
ІІ.Өткен сабақты пысықтау.
Осы кезге дейінгі сөз туралы білім,біліктерін пысықтау.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1-жаттығу.
Суретке берілген сөйлемді оқы.
Суретте берілген: ине,кірпі,ағаш,құрылыс
Мен әжеме ине сабақтап бердім.
Кірпіні инесі жауларынан қорғайды.
Ағаштың түбіне топырақ үй.
Құрылысшылыр әсем үй салды.
Дыбысталуы бірдей сөздерді тап.Олардың мағынасын түсіндір.
Өз бетіндік жұмыс.
Өлеңді оқып,көшіріп жаз.
Бір сөз- екі мағына.
Басталды той, Шықсын тер,
Тамаққа той. Алма тер.
Ерттеп ер, Ауырса іш,
Соңымнан ер. Дәрі іш.
Дыбысталуы бірдей,мағынасы әртүрлі сөздердің астын сыз.Олардың мағынасын түсіңдір.
Қосымша тапсырма.
Осындай сөздер жұбын тауып,өлең құрастыр.
3-жаттығу.
Мақал-мәтелдерді оқып,мағынасын түсіндір.
Топтық жұмыс.
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді теріп жаз.
4-жаттығу.
Әр сөз тұсына мағынасы қарама-қарсы сөз тауып,көшіріп жаз.
әдепті- лас-
алыс- жуан-
терең- қалың-
ІҮ.Қорытынды.
Ү.Үйге тапсырма.
5-жаттығу.
Сурет бойынша отбасы туралы бірнеше сөйлемнен тұратын мәтін құрастыр.
ҮІ.Бағалау.
6-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: а) Зат есім туралы 2-сыныпта алған білімдерін еске түсіру. Зат есім
мағыналарының алуан түрлі болатынын аңғарту. Жалпылама мағынаны
білдіретін затттардың ішінен бір затты жеке-дара бөліп көрсете білу.
Зат есімнің құрамы, тұлғасы туралы мәлімет беру.
ә) Сурет бойынша әңгіме құрастыра алу дағдыларын қалыптастыру.
б) Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
5-жаттығу.
-Түбірлес сөздер дегеніміз не?
-Туынды сөздер қалай жасалады?
-Жұрнақ пен жалғаудың бір-бірінен айырмашылығы неде?
III. Жаңа сабақ
-Зат есімге анықтама бер.
-Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
-Түрлерін ата. Мысал келтір.
1-жаттығу.
Әр топқа 3-4 зат есімнен жаз.
-Тағы қандай топтармен толықтыруға болады?
-Осындай топтарға бөлуге байланысты қандай қорытынды жасайсыңдар?
2-жаттығу.
Бейсен, Асан, күн, көше. Асан дүкен, кітап. Бала көше, орындық.
(Оқушылар сөйлем ішінде зат есімдерге қосымшалардың сөз бен сөзді байланыстыру үшін жалғанатынын қорытындылап айтады.)
-Мәтінге ат қой.
-Ассан мен Бейсенге мінездеме бер.
3-жаттығу.
Мәтінді оқып, жалқы есімдерді теріп жазу.
-Жалқы есімдердің жазыылу ережесін айтыңдаршы?
4-жаттығу.
Мына сөздер зат есім де, етістік те болатындай етіп сөйлемдер құрастырып жаз.
-Ол сөздерге сұрақ қой.
Қала, мақта, кеспе, айтыс, жарыс.
Үлгі: Астана – әдемі, жас қала. Кірпішті саңылау қалдырмай қала.
-Осындай зат есім де, етістік те бола алатын сөздер тауып айтыңдар.
6-жаттығу.
Сызбадағы сөздердің бірінші әрпі қалдырылып жазылған. Берілген сөздің барлығына ортақ сол әріпті шеңбер ішіне тауып қой.
ойыл
ерік ағат
С
ай өздік
-Осындай сызба құрастырыңдар.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
а) Сұрақ-жауап арқылы бекіту.
ә) Топшамамен жұмыс.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
5-жаттығу. (13-бет)
7-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Етістікті қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: а) Етістік туралы алдыңғы сыныптарда алған білімдерін қайталау.
Етістіктердің қимылдық ұғымдарды білдіретін мағынасы мен сұрақтар
туралы біліктерін тереңдете түсу. Етістіктің негізгі, туынды, болымды,
болымсыз түрлерін еске түсіру.
ә) Жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін ары қарай жетілдіру.
б) Халық ауыз әдебиетін сүйіп оқуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
5-жаттығу.
-Бұлар құрамына қарай қандай сөздер?
-Негізгі зат есім мен туынды зат есімді салыстырып айтыңдаршы?
-Туынды зат есім қандай жұрнақ жалғану арқылы жасалып тұр?
III. Жаңа сабақ
-Етістік дегеніміз не?
-Етістіктің түрлерін есімізге түсірейікші. Мысал келтіріңдер.
1-жаттығу.
Өлеңді көшіріп жазу. Етістіктерді тауып, сұрақ қою, олардың астын сызу.
1.Өлеңді мәнерлеп оқыту.
2.Өлеңді талдау.
Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік беру. Қазақ халқының тіршілігі төрт түлік малмен байланысты, сондықтан халық ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт жырларының көпшілігі мал туралы екенін еске түсіру.
-Дара, күрделі етістіктер дегеніміз не?
-Өлеңдегі дара, күрделі етістіктерді ата.
Дара етістіктер: жорғалаттым, тақтым.
Күрделі етістіктер: еңіреп бақтым, сидаң қақтым, жылап бақтым.
2-жаттығу.
Күрделі етістікті дара етістікке айналдырып жаз.
Жалпаң қағу – жалпаңдады, жәрдем ет – жәрдемдес, сақ бол – сақтан, қабыл ал – қабылда,
көмек ет –көмектес.
-Дара, күрделі етістіктерді салыстыр.
-Олардың жасалу жолындағы айырмашылығы неде?
*Күрделі етістікті қатыстырып, екі сөйлем құрастыр.
3-жаттығу.
Ауызша орындалады.
1.Өлеңді түсініп оқу.
2.Өлең мәтініндегі болымсыз етістіктерді болымды етістікке айналдырып, өлеңді оқу.
-Болымсыз етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұр.
5-жаттығу.
Сөйлемді көшіріп жазу. Негізгі етістіктердің астын бір, туынды етістіктердің астын екі сызу.
-Туынды етістіктердің түбірін тап. Олар қай сөз табынан жасалған?
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
а) Сұрақ-жауап арқылы бекіту.
ә) Топшамамен жұмыс.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
4-жаттығу. (15-бет)
Сурет бойынша болымды, болымсыз етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрап жаз.
8-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: а) Сын есім туралы алған білімдерінің негізінде білімдерін кеңейту. Сын
есім мағыналарының алуан түрлілігін, зат есіммен байланысын еске
түсіру.
ә) Табиғатты суреттеуде сын есім сөздердің көп қолданылатынына көздерін
жеткізу, теңеу сөздерді орынды қолданып сөйлеу дағдыларын арттыру.
б) Табиғатты сүюге, теңеу сөздер арқылы оның әдемілігін сезіне білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
4-жаттығу.
Сурет бойынша болымды, болымсыз етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрап жазу.
-Етістік дегеніміз не?
-Болымсыз етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
-Негізгі, туынды етістікке мысал келтіріңдер.
III. Жаңа сабақ
1.Сын есімді қайталауға байланысты жүргізілетін жұмыстар.
-Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
-Сын есім құрамына қарай қандай топтарға бөлінеді?
-Негізгі, туынды сын есімдерге мысал келтіріңдер.
Заттың түстері: ақ, сарғылт, көкшіл, т.б.
Заттардың көрінісі: әдемі, қырлы, домалақ, жалпақ, т.б.
Заттардың көлемі: үлкен, кіші, ұзын, аласа, т.б.
Заттардың салмағы: ауыр, жеңіл,т.б.
Заттардың сапасы: жақсы, жаман, бос, қатты, т.б.
Сын есімдер өлеңдерді көркемдеп, жандандырып тұрады.
2.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Қара ала сиыр, қасқа бұзау, терең су, торы ат.
-Сын есімдерге сұрақ қой.
-«Ізім-қайым» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2-жаттығу.
Сын есімдерді пайдаланып, күзгі табиғат көрінісін суреттеп жаз. Сын есімдердің астын сыз.
*1-2шығарманы сын есімдерсіз және сын есімдерді қатыстыра отырып оқыту, салыстыру арқылы қорытынды жасату.
4-жаттығу. Ойлануға берілген тапсырма.
-Еңбек етуге ерінетін адамды бір сөзбен қалай айтамыз? (Еріншек)
-Балалар, егер сын есім сөздері болмаса, бір нәрсені сипаттап айту үшін бірнеше сөзден тұратын бір сөйлем айтуға тура келеді.
5-жаттығу.
Мына сипаттар қай малға тән?
Тебеген...., сүзеген ..., ай мүйізді ..., жібек жүнді..., сүтті ..., үркек ... .
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
а) Сұрақ-жауап арқылы бекіту.
ә) Топшамамен жұмыс.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
1)3-жаттығу. (16-бет)
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Қарамен жазылған сөздердің қайсысы сын есім? Астын сыз.
2) «С»-дан басталатын 8 сын есім ойлап жаз.
9-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Сан есімді қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: а)Сан есімдерге сұрақ қоя білу, олардың зат есімдермен байланысын аңғара
білу, сөйлем ішінен сан есімдерді таба алу дағдыларын арттыру. Сан
есімнің түрлерін, оларға жалғанатын қосымшаларды еске түсіру,
қайталау.
ә) Тез, қатесіз, жатқа жазуға жаттықтыру.
б) Күнделікті өмірде халық өлшемдерін дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
3-жаттығу.
-Сын есім дегеніміз не?
-Қандай сұрақтарға жауап береді?
-Сын есім құрамына қарай қандай топтарға бөлінеді? Мысал келтіріңдерші.
III. Жаңа сабақ
1.Сан есімді қайталауға байланысты жүргізілетін жұмыстар.
-Сан есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
-Есептік, реттік сан есімдер дегеніміз не?
-Реттік сан есімдер қандай сұрақтар жалғану арқылы жасалады?
-ыншы, -інші жұрнақтары қандай дыбыстармен аяқталған сан есімдерге жалғанады?
-ншы, -нші жұрнақтары ше?
-Сан есім қандай сөз табымен байланысты айтылады?
2.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Ауызша.
-Неше саусақ?
-Жалғыз саусақ, екі саусақ, үш, он саусақ.
-Жалғыз деген сөзді қандай сын есіммен ауыстыруға болады?
*Балалар, заттың саны көрсетілгенде, зат бірнешеу болса да, зат есімге көптік жалғауы жалғанбайтынын ескеріңіздер.
Мысалы, он саусақтар деп айтылмайды.
2-жаттығу.
Мәтінді көшіріп жазу. Сөйлем ішіндегі есептік сан есімдердің астын бір сызықпен, реттік сан есімдердің астын екі сызықпен сызу.
*Реттік сан есім жұрнақтары түбір сөз жуан болса, -ыншы, -ншы, жіңішке болса, -інші, -нші түрінде жалғанады.
3-жаттығу.
Екі елі, бір тұтам, жалғыз қарыс, бір құлаш, бір уыс.
Мысалы, үш елі қазы, бір тұтам бой, бір қарыс жер, бір құлаш жылан,т.б.
*Бір табан, бір адым, бір аттам өлшемдерін аяқпен көрсету.
*Халық өлшемдерін жаттап ал.
-Халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографиясының қызықты салаларының бірі болып саналады. Оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшемнегіздерін жасаған.
Халық өлшемдері салмақ өлшемі, көлем өлшемі мен мөлшері, ұзындық, қашықтық, уақыт және мезгіл өлшемдері деп бөлуге болады.
Елі– сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см). Қазы майының қалыңдығы, ою-өрнектің мөлшері, т.б. елімен өлшенген.
Буын– ортаңғы саусақтың ұшынан оның ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық (шамамен 5 – 6 см) бірлігі. Сәулетті сарайлар мен түрлі ғимараттардағы ою-өрнектің мөлшері осы буынмен өлшенген. Ол тігін, киім пішу жұмыстарында да қолданылған.
Тұтам, сынық сүйем – 14,15см.
Қарыс– толықжазғандағы бас бармақ пен шынашақұштарыныңарасынатеңұзындық (шамамен 19 – 20 см) бірлігі. Олтұрмыста, құрылысжұмыстарындапайдаланылған. Мысалы, киізүйдіңуығы он екі – он алтықарысмөлшеріндежасалады.
Қарыстың туынды бірлігі – сүйем, ол кере созылған бас бармақ пен сұқ саусақ ұштарының арасына тең (шамамен 17 – 18 см). Ал бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың арасына тең өлшемді сынық сүйем дейді. Сүйем – шамаменаршынныңширегіне (төрттенбірбөлігіне) тең, 17-18см.
Құлаш – иықдеңгейінесәйкескересозылғанекіқолұшыныңарасынатеңұзындықбірлігі, 1м80см-2м-дей.
Қадам – адамныңбірадымынатеңұзындық (шамамен 60 – 70 см) бірлігі.
4-жаттығу.
Бір – дара, жалқы, жеке.
Екі – егіз, жұп, қос.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
а) Сұрақ-жауап арқылы бекіту.
ә) Топшамамен жұмыс.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
5-жаттығу. (19-бет)
2) Құрамында сан есімі бар мақал жазу.
10-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты: а) Мәтін, оның түрлерін еске түсіру, мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі
ой туралы оқушылардың түсініктерін нақтылай түсу.
ә) Мәтінге ат қою, жоспар құра білуге байланысты білімдерін арттыру.
б) Жалқаулықтан бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
5-жаттығу.
-Сан есім дегеніміз не?
-Қандай сұрақтарға жауап береді?
-Реттік сан есімнің жұрнақтарын атаңдар.
*Құрамында сан есімі бар мақал айт.
III. Жаңа сабақ
-Мәтін дегеніміз не?
-Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?
-Мәтінге жоспар қалай құрылады?
*Мәтін дегеніміз – жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу. Мәтін бірнеше сөйлемдерден тұрады. Мәтін сөйлемдері бір-бірімен мағына жағынан байланысып тұрады.
*Мәтін атауы тақырып деп аталады. Тақырып мәтінде не туралы айтылғанын көрсетеді.
Мәтін бірнеше бөлімдерден құралады. Әрбір бөлім абзац деп аталады және жаңа жолдан бастап жазылады.
Мәтіннің басталуы, негізгі бөлімі және соңы болады.
Мәтіннің 3 түрі болады: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.
*Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады.
*Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады.
*Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады.
1-қатар: әңгімелеу мәтініне
2-қатар: сипаттау мәтініне
3-қатар: пайымдау мәтініне мысал келтіріңдер.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Мәтінді оқы.
-Бұл әңгіме мәтіннің қандай түріне жатады?
-Не үшін сипаттау мәтіні болып тұрғанын дәлелдеңдер.
-Сипаттау мәтінінің басқа мәтін түрлерінен айырмашылығы неде?
-Мәтінге ат қой.
-Мәтінге ат қою үшін, алдымен оның тақырыбын немесе негізгі ойды білу қажет.
*Өздерің тұрған немесе жазғы каникул кезінде болған жердің көрінісі мен есіңде қалған бір оқиғаны қысқаша жаз.
2-жаттығу.
-Мәтінді оқып, түрін анықтаңдар.
Әңгімелеу мәтіні туралы білімдерін пысықтау.
-Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар.
-Автор осы әңгіме арқылы не айтқысы келді? Оқырманды неге үндейді?
-Қозыға қандай ақыл айтар едіңдер?
4-жаттығу.
-Мәтінді түсініп оқы.
*Мәтінге жоспар құр.
-Мәтінді логикалық аяқталған бөліктерге бөл.
-Әр бөліктегі негізгі ойды анықта.
-Оны қысқаша қалай атауға болады?
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
а) Сұрақ-жауап арқылы бекіту.
ә) Топшамамен жұмыс.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
3-жаттығу. (20-бет)
Сурет бойынша мәтін құрастырып жаз. Мәтінге ат қой. Оның қандай мәтін түріне
жататынын айт.
11-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Ауызекі және жазбаша тіл.
Сабақтың мақсаты: а)Сөйлеудің ауызша және жазбаша түрі, олардың ерекшеліктері туралы
білімдерін пысықтау.
ә) Сыпайы, әсерлі, дәлелді сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту.
б) Ана тілін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.
Достарыңызбен бөлісу: |