IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
Шығармашылық тапсырмалар.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
4-жаттығу. (43-бет)
28-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем және құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты: а) Құрмалас сөйлем туралы батапқы түсінік беру.Құрмалас сөйлемнің
құрылымдық бөліктерімен танстыру.
ә) Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын ұғындыру.
б) Қатесіз, таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, жаттығу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру, қорыту.
III. Жаңа сабақ
-Жай сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
-Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Мақалды оқыту.
Тұрлаулы мүшелерін тапқызу.
2-жаттығу.
Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу.
-Құрастырған әңгімелеріңнен құрмалас сөйлемдерді табыңдар.
3-жаттығу
Жұмбақты шеш, жатқа жаз.
Бейнесі суда дірілдейді,
Қармаққа бірақ ілінбейді. ( су )
4-жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Мазмұнын әңгімелетіп, өз сөздерімен жазғызу.
Арсында құрмалас сөйлем болуын қадағалау.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
Шығармашылық тапсырмалар.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
5-жаттығу. (44-бет)
29-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі.
Сабақтың мақсаты: а) Құрмалас сөйлемдердің құрамында кем дегенде екі жай сөйлем болып,
олар өзара үтірмен ажыратылатынын түсіндіру.
ә) Құрмалас сөйлемдерді дұрыс екпінді ырғақпен оқуға жаттықтыру,
сауаттылықтарын арттыру.
б) Оқушыларды тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жаттығу, практикалық.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген материалды тексеру, қорыту.
Жай сөйлем
|
Құрмалас сөйлем
|
Бір ғана ойды білдіреді.
|
Бірнеше ойдан құралған күрделі ойды білдіреді.
|
Сөйлем мүшелері: бастауыш, баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер.
|
Кемінде 2 сөйлем немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралады.
|
III. Жаңа сабақ.
1.Сурет бойынша жұмыс.
Оқушылар сюжеттік суреттер бойынша әртүрлі құрмалас сөйлемдер құрастырады.
2.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерді анықтап, тыныс белгісіне назар аударту.
Сөйлем мүшелеріне талдау арқылы әр жай сөйлемнің бастауышы, баяндауышы болатынын пысықтау.
Толық талдау жасағаннан кейін оқушылар әр сөйлемнің арасында кідіріс жасалатынын және олардың арасына үтір қойылатынын өздері қорытындылап айтады.
! Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады.
Мысалы: Бүгін сынып оқушылары жиналып, мектеп алаңында футбол ойнады. Күз түсті, жапырақтар сарғайды, құстар жылы жаққа ұшып кетті.
2-жаттығу.
Өлеңді жатқа оқу.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табу.
Құрмалас сөйлемдер арқылы «Туған күн» деген тақырыпта мәтін құрастырып жазу.
3-жаттығу
Тиісті тыныс белгісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазғызу.
5-жаттығу.
Төмендегі сызба бойынша сөйлем құрастырып жазу.
1. , .
2. , .
3. – , – .
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
Шығармашылық диктант.
Ұйқасын тап.
Үні ғажап,
Дүлдүл,
Бақта сайрар ... (бұлбұл)
Бәрі бірдей жұмысқа,
Шығатын кім? ... (құмырсқа)
Шешуі болған сөздерді қатыстырып, құрмалас сөйлемдер құрастырып жазу.
Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдату.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
4-жаттығу. (46-бет)
30-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем мүшелері, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер туралы алған
білімдерін пысықтау.
ә) Сөйлем ішінен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді сұрақ қою арқылы таба
білу дағдыларын арттыру.
б) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жаттығу, практикалық.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген материалды тексеру, қорыту.
Шығармашылық тапсырма.
«Кім тез тауып оқи алады?»
Төмендегі сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
1.Баға өте пен Мұрат әдебиет алды жақсы алгебрадан.
( Мұрат әдебиет пен алгебрадан өте жақсы баға алды.)
2.Жайында баяндама біз өмірбаяны тыңдадық Абайдың.
(Біз Абайдың өмірбаяны жайында баяндама тыңдадық. )
3. Шұлық арнап жылы тоқыды әжесі немересіне.
( Әжесі немересіне арнап жылы шұлық тоқыды. )
III. Жаңа сабақ.
Тақтаға сөйлемдер жазу:
1.Жаңбыр жауып тұр. Аспанды бұлт қаптады. Марат інісіне қамқор болып жүр. Мұнай шықты. Әжем атамды жолға қамдады.
*Оқушылар сөйлемдерді оқып, жалаң сөйлемдерді бір бөлек, жайылма сөйлемдерді бір бөлек көшіріп жазады.
-Жалаң сөйлем дегеніміз не?
(Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. )
-Жайылма сөйлем дегеніміз не?
(Тұрлаулы мүшелерден басқа, тұрлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған жай сөйлемнің түрі жайылма сөйлем деп аталады.)
Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін еске түсіру:
1.Сөйлем мүшесі белгілі бір сұраққа жауап береді.
2.Толық мағыналы сөз немесе күрделі сөз сөйлем мүшесі болады.
3.Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалады.
2.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Сөйлемді көшіріп жазу.
Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сызу.
-Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын алып тастап, оқып көрейікші. Не байқадыңдар?
-Тұрлаусыз мүшелердің өздері сөйлем бола алмайды. Сөйлемдегі ой әр уақытта тұрлаулы мүшелер, яғни бастауыш пен баяндауыш арқылы білінеді.
2-жаттығу.
Жұмбақты көшіріп жазу. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қою.
Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды. (күн)
Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны. (теледидар)
3-жаттығу
Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгіле.
5-жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді атату.
-Ол сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болады?
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
«Кім жылдам?»
Бос тұрған торкөзге жазылмай қалған әріптерді тауып, сөз құраңдар. Осы сөздердің бәрі де зат есім болсын.
|
|
р
|
т
|
|
|
р
|
т
|
|
|
р
|
т
|
|
|
р
|
т
|
|
|
р
|
т
|
|
|
р
|
т
|
|
|
р
|
т
|
|
|
р
|
т
|
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
4-жаттығу. (47-бет)
31-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды сөйлемнің дара және күрделі мүшелерімен таныстыру.
Құрамында күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастыра білуге үйрету.
ә) Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін тиянақтау, дамыту.
б) Дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, салыстыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген материалды тексеру, қорыту.
Шығармашылық тапсырма.
III. Жаңа сабақ.
-Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін еске түсірейік.
-Сөйлем мүшесі неше сөзден жасалады?
-Сөйлем мүшесі қызметіне қарай қандай болып бөлінеді?
2.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Сөйлемді көшіріп жазу.
Екі қатардағы қарамен жазылған сөздерді салыстыру, сөйлемнің қандай мүшесі екенін тапқызу.
! Сөйлем мүшесі дара сөзден де, күрделі сөзден де жасалады.
Жеке (немесе бір) сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің дара мүшесі деп аталады.
Мысалы: Айгүл мектепке барды.
Екі немесе бірнеше сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің күрделі мүшесі деп аталады.
Мысалы: Айгүл мектепке бара жатыр.
2-жаттығу.
Мәтінді көшіріп жазу
Сөйлемдердегі күрделі мүшелерді тауып, астын сызу.
Қырғыз елінде; Керімсаз жайлауында; арғы жағынан; бергі тұстан; әнші, балуан, ақындар; көргім келді.
3-жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Қарамен жазылған сөздер сөйлемнің қандай мүшесі екенін сұрақ қойып талдату.
5-жаттығу.
Жұмбақтар.
Тігіп алып көк шатыр,
Қызыл күрең доп жатыр. (қызылша)
Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол ұзыны,
Оны сен де танып ал. (керік)
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
-Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері зат есім, сын есім, сан есім, етістіктерден жасалады.
Тапсырма:
1.Құрамында дара және күрделі мүщелері бар сөйлемдер құрастырып жазу.
2.Дара мүшелі сөйлемді күрделі мүшелі сөйлемге;
3.Күрделі мүшелі сөйлемді дара мүшелі сөйлемге айналдыру.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
4-жаттығу. (49-бет)
32-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды сөйлемнің дара және күрделі мүшелерімен таныстыру.
Құрамында күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастыра білуге үйрету.
ә) Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін тиянақтау, дамыту.
б) Дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, салыстыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген материалды тексеру, қорыту.
-Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір.
-Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
III. Жаңа сабақ.
1.Шығармашылық диктант.
1. ... ... ғасырда қазақ ішінде Абылайдың аты ерекше дүркірей шықты. 2. Ханшайымның қолындағы ... ... тасы бар сақина жарқ ете түсті. 3. Ага – бойы ... ... см болатын алып бақа. 4. Ақ аюлар суда аулаған жемтігін мұз үстіне ... ... . 5. Ертегілердің ақырында ..., ... жеңеді.
Керекті сөздер: жиырма бес, сүйреп шығарады, он сегізінші, әділдік, шындық, мөлдір көк гауһар.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазып, осы сөздер сөйлемнің дара мүшесі болса, бір сызықпен, күрделі мүшесі болса, екі сызықпен сызу.
2.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Құрыш құю – үлкен өнер. Асқар әжесін сағынып қалыпты. Далада қызыл ала гүлдер өсіп тұр. Сайысқа он бес елдің өнерпаздары келді. Бибігүл теледидар көріп отыр.
-Күрделі мүшелерді тауып, олардың қай сөзден жасалғанын табыңдаршы.
2-жаттығу.
Мәтінді мәнерлеп оқыту.
Күрделі сөйлем мүшелерін теріп жазғызу.
Өз жемін, күн сәулесі, тығылып жатады, естіп қояды.
3-жаттығу.
Сөйлемдерді оқыту.
Сын есім мен сан есімнен жасалған күрделі сөздерді тапқызу.
Он екі, ұзын бойлы, мұздай суық, он бес, қара ала.
4-жаттығу.
Екі бағандағы сөздерді қатыстырып, мақалдар құрастырып жазу.
Еріншектің ертеңі бітпейді.
Қоянды аяғы құтқарады.
Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.
Өнеге от басынан.
-Күрделі мүшелерді тауып, сұрақ қояйық.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
Сұрақ-жауап, топшама арқылы бекіту.
«Зат есім бе, етістік пе?»
Төмендегі сөздер қай сөз табы? Зат есім бе, етістік пе? Бұларды сөйлем ішінде келтіріп, қандай мағына беретінін ажыратыңдар.
Қала, мақта, кеспе, ою, құймақ, айтыс, жарыс, бас, шаш.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
5-жаттығу. (51-бет)
33-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Диктант.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың білімдерін тиянақтау, сауатты жазу дағдыларын меңгерту.
ә) Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін тиянақтау, дамыту.
б) Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: қайталау, талдау
Сабақтың түрі: бақылау
Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
II. Негізгі бөлім.
Диктант
Үкі.
Үкі – ірі жыртқыш. Оның арқасы сарғыш ала немесе сарылау, құрсағы қара ала жолақты, тамағы ақ. Имек тұмсығы мен тырнақтары қара. Оның басында құлаққа ұқсас қауырсындар бар. Ол қауырсындары үлкендеу болады. Ұяларын жерге орналастырады. Ұяға бір-екі жұмыртқа салып, оны бір айдан аса уақыт басады.
Күндіз қураған ағаш немесе томардың үстінде отырады. Ал қараңғы түсісімен үкі қорегін аулауға шығады. Қараңғыда жақсы көреді және дыбысты жақсы естиді. Үкі ұсақ кеміргіштермен, құстармен, кейде қоян, құр, тіпті саңырау құрмен де қоректенеді. (78 сөз)
Тапсырма:
1.Сын есімнен жасалған сөздер сөйлемнің дара мүшесі болса, бір сызықпен, күрделі мүшесі болса, екі сызықпен сыз.
2.Соңғы сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
III. Қорытынды.
Сұрақ-жауап арқылы бекіту.
Топшамамен жұмыс.
VI. Үйге тапсырма.
Ережелер қайталау.
34-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелер.
Сабақтың мақсаты: а) Бірыңғай мүшелер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Бірыңғай
мүшелердің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру. Сөйлем ішінен
бірыңғай мүшелерді таба білу, бірыңғай мүшелердің қай мүшемен
байланысатынын анықтай алуға үйрету.
ә) Сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді сөйлеу кезінде пайдалана білу
дағдыларын дамыту.
б) Еліміздің тарихын танып білуде археологтар тапқан көне заттардың
маңызының қаншалықты екенін ұғындыру. Тарихи жәдігерлерді
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жаттығу, практикалық жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткенді қайталау.
Ережелер сұрау.
Топшамамен жұмыс.
III. Жаңа сабақ.
-Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
-Тұрлаулы, тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
2-3 сөйлемді сөйлем мүшесіне талдату.
-Сөйлем мүшесі болу үшін белгілі бір сұраққа жауап беріп, сөйлем ішінде белгілі бір қызмет атқару керек екен.
Бірыңғай мүше.
*Бір оқушының партасының үстіне құралдарын жайып қою.
*Оқушының дәптерін, кітабын, қаламын, сызғышын, қарындашын көрсетіп, бұл заттардың бәрі
Айгерімнің заттары екенін аңғарту.
*Оқушыларға сөйлем құрату.
Мысалы: Айгерімде кітап, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш бар.
-Сөйлемнің құрамында неше сөз бар?
-Бастауышты табыңдаршы?
-5 сөз бірдей не? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш болып тұр. Бұлардың сұрағы бірдей болғандықтан, олардың сыртқы тұлғалары да бірдей болып келеді.
2.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Әр топтағы сөздерді оқытып, сұрақ қойғызу.
Қай сөз табы екенін анықтату.
Артық сөзді тапқызып, ол сөздің неге артық екенін дәлелде.
2-жаттығу.
*Сөйлемдерді оқытып, көшіріп жазғызу.
*Бірдей сұраққа жауап беретін сөздер сөйлемнің қай мүшесімен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсету.
*Бірыңғай бастауыш, бірыңғай баяндауыш, бірыңғай тұрлаусыз мүше болып тұрған сөзді тапқызу.
-Олардың арасына қандай тыныс белгі қойылған, неліктен?
! Бірдей сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып тұрған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.
Мысалы : Әсемнің әжесі мейірімді, кеңпейіл, ақкөңіл жан.
Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
3-жаттығу.
Мәтінді оқып, көшіріп жазу.
Бірыңғай мүшелердің астын сызу.
-Бірыңғай мүшелерге сұрақ қой.
-Олардың арасына қандай тыныс белгі қойылған?
4-жаттығу.
Сурет бойынша сөйлем құрап жаз. Сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер болсын.
-Сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесі болып тұр?
-Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер неге бір ғана сөйлем мүшесі болып тұр?
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
Сұрақ-жауап, топшама арқылы бекіту.
Сөз ойла, тез ойла.
Сыөызшаның орнына лайықты әріптер қойып, ұқсас буынды сөз құраңдар.
а) берілген екі әріп бойынша:
– ұ – ы – – ұ – ы –
– ұ – ы – – ұ – ы –
ә) Берілген бір әріп бойынша:
– – – м – – – – – м – –
– – – м – – – – – м – –
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
5-жаттығу. (52-бет)
Отырар қаласы туралы мәлімет табу.
35-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелер.
Сабақтың мақсаты: а) Бірыңғай мүшелердің жеке сөзден ғана емес, сөз тіркесінен де
жасалатынын түсіндіру, сөйлем ішінен сөз тіркесінен де жасалатынын
түсіндіру. Сөйлем ішінен сөз тіркесінен жасалған бірыңғай мүшелерді
таба білу, сөйлем мүшелерінің байланыстарын синтаксистік қызметіне
қарай ажырата білуге үйрету.
ә) Бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер құрастыра алу, оларды сөйлем
мүшесіне талдай алу дағдыларын дамыту.
б) Табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жаттығу, практикалық жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткенді қайталау.
Ережелер сұрау.
Топшамамен жұмыс.
III. Жаңа сабақ.
*Бірыңғай мүшелерді қатыстырып, сөйлемдер құрату.
*Бірыңғай мүшелерге сұрақ қойғызып, олардың қандай сөзбен байланысып тұрғанын, сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын тапқызу.
*Әртүрлі сөйлемдерді талдата отырып, сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерінің кез келгені бірыңғай мүшелер бола алатынын аңғарту.
*Келтірілген сөйлемдердің бірыңғай мүшелері болып тұрған жеке сөздерді сөз тіркесі түрінде айтуға жетелеу.
2.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
*Өлеңді түсініп оқыту.
*Өлеңнің мазмұны бойынша талдау жұмысын жүргізу.
*Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шу сөздеріне сұрақ қойғызу арқылы зат есімнен жасалып, бастауыштың қызметін;
*Таппайтұғын, айтпайтұғын бірыңғай мүшелерінің етістіктен жасалып, баяндауыштың қызметін атқарып тұрғанын айқындау.
! Бірыңғай мүшелер жеке сөзден де, сөз тіркесінен де жасала береді.
Мысалы: Тауда гүлдер, жемістер, өсімдіктер өседі.
Тауда түрлі гүлдер, шырынды жемістер, дәрілік өсімдіктер көп өседі.
2-жаттығу.
*Мәтінді оқып, көшіріп жазу.
*Бірыңғай мүшелердің астын сызу.
-Бірыңғай мүшелер қалай жасалған?
3-жаттығу.
*Көп нүктенің орнына мағынасына сай келетін бір сөзден немесе сөз тіркесінен жасалған бірыңғай мүшелер қосып, жаттығуды көшіру.
5-жаттығу.
*Сөйлемдерді оқыту.
*Бірыңғай мүшелерді сызба арқылы көрсетіп жазғызу.
-Бірыңғай мүшелер қандай жалғаулықтар арқылы байланысқан?
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
Сұрақ-жауап, топшама арқылы бекіту.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
4-жаттығу. (54-бет)
36-сабақ
ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісі.
Сабақтың мақсаты: а) Жалғаулықтар арқылы байланысқан бірыңғай мүшелердің емлесі және
тыныс белгілерімен таныстыру. Жаттығу жұмыстары арқылы бірыңғай
мүшелер жалғаулықтар арқылы байланысқанда қай кезде үтір
қойылатыны, қай кезде қойылмайтыны туралы білімдерін тереңдету.
ә) Тыныс белгілерін дұрыс қоя білу, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.
б) Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, қайталау, жаттығу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы, топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткенді қайталау.
Ережелер сұрау.
Қызықты тапсырмалар.
III. Жаңа сабақ.
-Бірыңғай мүшелер өзара қалай болса, солай тіркесе салмайды, олардың байланысында белгілі бір заңдылық бар.
Мысалы: Біздің аулада қарағаш, терек, емен өсіп тұр.
Біздің аулада қарағаш та, терек те, емен де өсіп тұр.
2.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
*Сөйлемді дауыс интонациясын сақтай отырып оқу арқылы бірыңғай мүшелерді тауып, олардың қандай жалғаулықтар арқылы байланысып тұрғанын анықтату.
*Олардың арасына үтірдің қойылу себебін сұрау.
*Сөйлемді жалғаулықсыз да айтуға болатынын аңғарту.
! Егер да, де, та, те жалғаулықтары сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің әрқайсысымен қайталанып келсе, арасына үтір қойылады.
Мысалы: Клуб ауласынан балалар да, ересектер де, қарттар да көрінеді.
2-жаттығу.
*Бірыңғай мүшелердің әрқайсысының арасына да, де, та, те жалғаулықтарының тиістісін қойып жазғызу.
*Жалғаулықтардың өзгеру себебін үндестік заңдылықтарын естеріне түсіре отырып, өздерінің түсіндірулерін талап ету.
3-жаттығу.
*Бұл жаттығу жұмысында оқушылардың назарын бірыңғай мүшелер мен, бен, пен, және жалғаулықтары арқылы байланысқанда үтір қойылмайтынына және ол жалғаулықтардың бірнеше рет қайталанбайтынына аудару.
! Бірыңғай мүшелер және, мен, бен, пен жалғаулықтары арқылы байланысса, олардың арасына үтір қойылмайды.
Мысалы: Бұлардың артынан Жасұлан мен Бақыт бөлек келеді. Ол – әнші, суретші және ақын.
5-жаттығу.
*Сурет бойынша бірыңғай мүшелерді қатыстырып әңгіме құрастыру.
- Кейбір бірыңғай мүшелерді мен, бен, пен, және жалғаулықтары арқылы байланыстырыңдар.
6-жаттығу.
Бірыңғай мүшелерді қатыстыра отырып, сұрақтарға жауап жазу.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.
Сұрақ-жауап, топшама арқылы бекіту.
*Бірыңғай мүшелі сөйлемді бірыңғай мүшесіз сөйлемге, керісінше, бірыңғай мүшесіз сөйлемді бірыңғай мүшелі сөйлемге айналдыру.
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
4-жаттығу. (56-бет)
Достарыңызбен бөлісу: |