Сабақ Бекітемін: Оқу-ісінің меңгеруші : Сабақтың тақырыбы : 3 сыныпта өткенді қайталау. Дыбыс және әріпті қайталаймыз



бет2/4
Дата29.01.2018
өлшемі0,91 Mb.
#36236
түріСабақ
1   2   3   4

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II. Үй тапсырмасын тексеру.

3-жаттығу.

Сурет бойынша мәтін құрастырып жазу.

-Осыған байланысты қандай мақал-мәтел білесіңдер?


III. Жаңа сабақ

-Адамдарға сөйлеу не үшін керек?

-Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?

-Ауызекі тіл мен жазбаша тілдің айырмашылығы қандай?


Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Мақалдарды түсініп оқы және мағынасын түсіндір.

Тіл қаруы – сөз,

Сөз қаруы – ой.
Сөз – адамның айнасы.
2-жаттығу.

Мәтінді мәнерлеп оқу.

-Алпамыстың тойында қандай тілектер айтылды?
-Тағы қандай тойларды білесіңдер?

-Онда қандай тілектер айтылады?


3-жаттығу.

Жұмбақтар.

1.Ойды аяқтап тұрады,

Жауап сөз қалап тұрады. (Сұраулы сөйлем)
2.Ұранды, шаттықты,

Өкініш, аптықты,

Білдіріп ойын талайдың,

Шарға ине қадаймын. (Лепті сөйлем)


Жұмбақ шешуі болған тыныс белгілеріне екі-екіден сөйлем құрастырып жазу.

4-жаттығу.

Өлеңді жатқа жазу. «Ана тілім».
*Өлең мазмұны бойынша мәтін құрастырып айт.

-Сендер қандай сөйлем түрін қолдандыңдар?


IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

а) Сұрақ-жауап арқылы бекіту.

ә) Топшамамен жұмыс.
V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

5-жаттығу. (22-бет)

Мәтінді түсініп оқу.

Әңгіменің мазмұнын өз сөзіңмен баянда.



12-сабақ

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті.

Сабақтың мақсаты: а) Ойды басқаға тіл арқылы әсем етіп жеткізуге, сөйлемдерді дұрыс айтып

құрастыра білуге үйрету, орынды сөйлеу және тыңдаушыны өзіне тарта

білуге баулу.

ә) Диалогтік сөйлеу дағдысын, өз сөзін орынды айта білуін дамыту.

б) Әңгімелесушіні тыңдай білу қасиетін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II. Үй тапсырмасын тексеру.

5-жаттығу.

-Әңгіменің тақырыбын қалай түсінесіңдер?

-Әңгіменің мазмұнын өз сөзімен кім баяндайды?


III. Жаңа сабақ

«Сәлемдесу» тақырыбын қайталау.



Ата мен баланың амандасуы:

-Ассалаумағалейкум, ата!

-Уағалейкумассалам, шырақ!
Әже мен баланың амандасуы:

-Армысыз, әже!

-Бар бол, балам!
-Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесіңдер?

-Құрдастардың сәлемдесуіне мысал келтіріңдер.


Сюжетті суретпен жұмыс.

(Бақта алма, алмұрт жинап, сөйлесіп тұрған 2 бала)

-Суреттен не байқадыңдар?

-Жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-Екі бала не туралы сөйлесіп тұр? Өз ойларыңды айтыңдар.

-Суретте бейнеленген осы екі балаға ат қойып, екеуінің әңгімесін өзімізше құрастырайық.



Үлгі:

-Асқар, биыл өнім жақсы болды ма?

-Иә, жақсы болды.

-Асқар, алма пайдалы ма, әлде алмұрт па?

-Әли, екеуі де денсаулыққа пайдалы. Екеуінде де дәрумендер көп.
-Балалар, екі не бірнеше адамдардың алма-кезек айтылған сөзі қалай аталады?

-Диалог деп аталады.



-«Диалог» деген терминнің өзі грек сөзінен алынған, қазақша «екі адамның сөзі, сөйлесуі, әңгімесі» деген ұғымды білдіреді.

Диалогтың тыныс белгісі – сызықша.


Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.Ауызша.

1.Егер сенімен сыпайы сөйлессе, өзіңді қалай сезінесің?

2.Өзіңмен немесе достарыңмен дөрекі сөйлескен адамға қандай ақыл айтар едің?

3.Бөгде адаммен қалай танысар едің?
2-жаттығу.

Танысу: сізбен танысуға рұқсат етіңіз, сізбен танысқаныма қуаныштымын, өзімді таныстырайын, есіміңіз кім болады?

Өтіну: төрлетіңіз, үйге кіруге рұқсат етіңіз, ғафу етіңіз, мархабат.
3-жаттығу.

Сурет бойынша тірек сөздерді пайдаланып, «Танысу» тақырыбына әңгіме құрастыру.


4-жаттығу.

Мәтінді рөлге бөліп оқу.

-Мәтіннен Беріктастың өзін таныстырған сөздерін тауып оқыңдар.

*Мәтінді сахналату.


IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

«Сөйлеу мәдениеті» туралы мынадай мәліметтер беру:

а) Анаңнан туа үйренген, яғни ана тілінде сөйле.

ә)Бір қалыпты, асықпай жарасымды тілмен сөйле.

б) Серіктесіңнің сөзін зер сала тыңда, сұрағына жауап бер.

в) Тілің түсінікті болсын деп, өз сөзіңмен сөйле.

г) Жолдасыңның (әңгімелесушінің) пікіріне өзіңнің ойыңды білдір.
V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

5-жаттығу. (24-бет)

Өлеңді түсініп оқы. Өлеңнен тауды таныстырған жолдытауып оқы.

Өлеңнің мазмұнын жаз.




13-сабақ

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Диктант.

Сабақтың мақсаты: а)Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін тиянақтап,

сауаттылықтарын тексеру.

ә)Есте сақтау, көру қабілеттері мен тілдік қорларын дамыту.

б) Сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, жинақтау.

Сабақтың түрі:білімді тиянақтау.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.


II. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  1. Диктантқа қойылатын талаптарға тоқталу.

  2. Мәтінді оқу. «Кесте»

  3. Сөздік жұмысы, талдау-пысықтау.

Кесте.


Қазақ қыздары шымкесте мен бізкесте деген әдістерді қолданады. Шымкесте ақ матаға тігіледі. Шымкестеге гүлдің, жапырақтың, аңның, құстың сұлбасын салады. Оларды орамалдың шетіне, кимешектің жағына, жастықтың тысына, жағаға тігеді.

Бізкесте кергішке кесте тігетін матаны керіп қою арқылы орындалады. Ілмек бізбен жіпті әрі-бері өткізу арқылы өрнектеле тігіледі. Бізкесте тұскиізге, шымылдықтың басына, шапанның өңіріне тігіледі.


Тапсырма.

1. Екінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

2. «Жапырақтың, жастықтың, кергішке, шымылдықтың» сөздерін сөз құрамына талда.

3. «Қою» сөзіне дыбыстық талдау жаса.


III. Қатемен жұмыс.

Өзіңді – өзің тексер.

Шығармашылық тапсырмалар.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

-Диктант не туралы болды?

-Қандай тапсырмалар орындадық?
V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

Ереже қайталау.

Шығармашылық тапсырмалар.
14-сабақ

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға сөздің буынының жуан, жіңішке болуына қарай

қосымшалардың да бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке түрде

жалғанатынын түсіндіру. Сондай-ақ буын үндестігіне бағынбайтын

қосымшалар бар екенін ұғындыру.

ә) Қосымшалардың жалғау, жұрнақ екенін ажыратып, олардың тиісті

белгілерін қойдыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

б) Мамандық таңдауға бағыт беру, табиғатқа қамқорлықпен қарауға

тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. 5-жаттығу.

  2. Ереже қайталау.


III. Жаңа сабақ

Сөйлеу үрдісінде бір дыбыс екінші бір дыбысты, бір буын екінші бір буынды, бір түбір өзіне жалғанатын қосымшаны, бір сөз екінші бір сөзді өзінің соңғы дыбысындай етіп үйлестіруді, қиюластыруды талап етіп тұрады. Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.

Мысалы: қоңырлау білезіктерді

қырандар еліміз


Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Сөздерді буынға бөліп көшіріп жазу.

-Түбір сөзге жалғанған қосымшалардың жуан немесе жіңішке екенін анықтаңдар.


! Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына қарай қосымшалардың да бірыңғай жуан не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі дейміз.

Мысалы: дос-тық-қа, дос-тар-ымыз-ға, би-ші-лер, би-ші-лер-іміз-ге.


2-жаттығу.

Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жалғап жазу.

Табиғат-тың, домбыра-ны, көл-дер, тау-лар, бекіре-нің, қарағай-лы, әже-сінің, домбыра-шы.
Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.

-Сызықша не үшін қойылады?


3-жаттығу.

Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, түбірі мен қосымшасын ажырату.

-Өскенде кім болғыларың келеді? Неліктен?
5-жаттығу.

Түбір сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап жаз.

Әсемпаз, мұрагер, емхана, сәнқой, арбакеш, Жамбылдікі, талапкер.
Бұл сөздердің жазылуын естеріңде сақтаңдар.

! Тілімізде буын үндестігіне бағынбайтын мынадай қосымшалар бар:

-мен, -пен, -бен: қаламен, аспен, сазбен.

-паз: өнерпаз

-қор: еңбекқор

-кер: талапкер

-гер: мұрагер

-хана: дәріхана

-нікі, (-дікі, -тікі): Алматынікі т.б.



IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

Сұрақ-жауап ретінде қайталату.

Шығармашылық тапсырмалар.
V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

4-жаттығу. (26-бет)

Өлеңді түсініп оқы.

Қарамен жақылған сөздерді сөз құрамына талдау.


? Айсберг дегеніміз не?

«Бермуд үшбұрышы» туралы не білесіңдер?



15-сабақ

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі.

Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларға сөздің буынының жуан, жіңішке болуына қарай

қосымшалардың да бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке түрде

жалғанатынын түсіндіру. Сондай-ақ буын үндестігіне бағынбайтын

қосымшалар бар екенін ұғындыру.

ә) Қосымшалардың жалғау, жұрнақ екенін ажыратып, олардың тиісті

белгілерін қойдыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

б) Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. 4-жаттығу.

  2. ? - Айсберг дегеніміз не?

- «Бермуд үшбұрышы» туралы не білесіңдер?
-Айсберг – судың мұз күйі.
Бермуда үшбұрышы немесе Бермуд үштағаны — Атлант мұхитыныңФлорида түбегі, Бермуда және Пуэрто-Рико аралдары аралығындағы су айдыны. Бұл ауданда алып су иірімдері (рингтер), тік бағыттағы жылдам қозғалатын ауа массасы, лезде пайда болып, лезде ғайып болып кететін теңіз құйыны, кәдімгі ақша бұлттан пайда болатын найзағай, ашық аспанның турбуленттілігі, т.б. ғажайып табиғи құбылыстар жиі болып тұрады. Үшбұрыш айдынындағы су ерекше көгілдір және мөлдір. Зерттеулер нәтижесінде 500 м тереңдікке дейін теңіз суы температурасының бірқалыпты болатындығы (180С) анықталды. Тропиктік белдеуден тыс жатса да “Бермуда үшбұрышы” ихтиофаунаға, су балдырларына және маржандарға өте бай. “Бермуда үшбұрышындa” кемелердің тұтас немесе кеме командасының жоғалып кетуі, сондай-ақ, бұл аудан үстімен өткен ұшақтардың апатқа ұшырауы, ғайып болуы көп тіркелген.

III. Жаңа сабақ

- Буын үндестігі дегеніміз не?

- Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды атаңдаршы?
Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Сөздерге тиісті жұрнақтар мен жалғауларды жалғап жазу.
2-жаттығу.

Жаңылтпашты жатқа жазу.

*Қарамен жазылған сөздердің қосымшасын анықта. Олардың қандай ұқсастығы мен айырмашылығы барын айт.
3-жаттығу.

Жуан қосымшалар: Арқарлы, малшылар, қарағайдан

Жіңішке қосымшалар: іздесе, есте.
Жалқы есімдер: Арқарлы, Қарағайлы.

-Жердің аты Қарағайлы, Арқарлы деп аталу себебін түсіндіріңдерші?



?*-Қос жайлаудың аты өзіне сай болу үшін сендер не істер едіңдер?
! Басқа тілден енген кейбір сөздер буын үндестігіне бағынбайды.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: -ов, -ев, -ова, -ева, -ин.



Мысалы: Мұқашев, Елемесов, т.б.
*-Сыныптағықай оқушының фамилиясы буын үндестігіне бағынбайды?

5-жаттығу.

Буын үндестігіне бағынбайтын 5-6 сөз ойла. Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жаз.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

а) Топшамамен жұмыс.

ә) Шығармашылық тапсырмалар.
V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

4-жаттығу. (28-бет)

Сөйлемді көшіріп жазу.

Буын үндестігіне бағынбай тұрған қосымшалардың астын сызу.



16-сабақ

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі.

Сабақтың мақсаты: а) Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуын

дыбыс үндестігі деп айтатынын түсіндіру.

ә) Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыру арқылы зейіндерін және

логикалық ойлауын дамыту.

б) Адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жаттығуларын тексеру.

  2. Ережелер қайталау.

  3. Топшамамен жұмыс.


III. Жаңа сабақ

- Буын үндестігі дегеніміз не?

- Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды атаңдаршы?
Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін қойып жазу.
-Түбір сөздің соңғы және жалғаудың бірінші дыбысы қандай дыбыстар?
! Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуын дыбыс үндестігі деп атайды.

Мысалы: аспаптар, ескектер, т.б.
2-жаттығу.

Суреттгі заттарға көптік жалғауын жалғап жаз.


3-жаттығу.

Жұмбақтартың шешуі:

1.қарлығаш

2.білім
5-жаттығу.

Сөйлемді көшіріп жазу.

-Қарамен жазылған сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырыңдар.



Айтылуы Жазылуы

көрімбейді көрінбейді

жалғызсыратпай жалғыссыратпай

Оразжан Оражжан

Сарыарқа Сарарқа

IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

*Шығармашылық диктант

Жыланбалық – жыламбалық, қашша – қазша, ағүрпек – ақ үрпек, ақ жолақ – ағжолақ, тұтанбау – тұтамбау, құнамбәйге – құнан бәйге, бағбаңға – бағбанға, ата кәсіп – атагәсіп, ала құла – алағұла.


*Сөздерді үлгіде көрсетілгендей жазылуы және айтылуы бойынша жазу.

Үлгі:

Жазылуы Айтылуы

тұтанбау тұтамбау

қазша қашша
V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

4-жаттығу. (29-бет)

Қ, к, п дыбыстарына аяқталатын сөздерге мысал келтірі, оларды III жақта тәуелдеп жаз.

17-сабақ

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі.

Сабақтың мақсаты: а) Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуын

дыбыс үндестігі деп айтатынын түсіндіру.

ә) Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыру арқылы зейіндерін және

логикалық ойлауын дамыту.

б) Адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жаттығуларын тексеру.

  2. Ережелер қайталау.


III. Жаңа сабақ

- Буын үндестігі дегеніміз не?

- Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Екі бағандағы сөздерді оқып, айтылуы мен жазылуын салыстыр.

Айтылуы Жазылуы

жұлдышша жұлдызша

жолбашшы жолбасшы

көмбеді көнбеді

көссіз көзсіз
!Бұл сөздердің жазылуын есте сақтаңдар.
2-жаттығу.

Сөздер жұбынан дұрыс жазылған сөз тіркесін теріп жаз.


Торы ат, ала кел, атың кім, екі қыз.
3-жаттығу.

Айтылуы Жазылуы

көк өрік көгөрүк

ақ ешкі ағешкі

жібек мата жібегмата

құнан бәйге құнамбәйге

он бір омбір

он бес омбес
Сөз тіркестерін қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жаз.
4-жаттығу.

Сөйлемді көшіріп жаз.

-Қарамен жазылған сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.
5-жаттығу.

Сөз құрап, жазылуы мен айтылуы бойынша жазу.



8+көз 1+қазан

сегізкөз – сегізгөз бірқазан – бірғазан

-Сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
*Сегізкөз – құйымшақ омыртқаларының бір-бірімен сүйектене байланысу нәтижесінде түзілген сүйек.

Бұл сүйек адамда сегізкөз, жануарларда құйымшақ деп аталады. Құйымшақты құрайтын омыртқалардың саны әртүрлі жануарларда түрліше болады. Сегізкөз бел және құйрық омыртқаларының аралығында орналасып, омыртқа бағанын құрауға қатысады. Сегізкөздің қан тамырлар мен жұлын жүйкелері шығатын адамда – алдыңғы және артқы, ал жануарларда – жоғарғы және төменгі тесіктері болады. Олардың саны сүйекті құрайтын омыртқалар санына байланысты.


*Бірқазандар – ескекаяқты құстар отрядына жататын құстар. Қазақстанда екі түрі: бұйра бірқазан және қызғылт бірқазан тараған. Олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, Сасықкөл көлдерінің алабын мекендейді. Дене тұрқы 1,8 м-дей, салмағы 13 килограмға дейін жетеді. Тұмсығы өте ұзын, төменгі жақ сүйегінің астында созылмалы тері қапшығы болады. Бірқазан – топтанып жүретін құстар. Олар қоректерін (балықтарды) көбіне су құзғындарымен бірлесіп айлайды. Суда жақсы жүзгенмен, сүңги алмайды, жемін суға басы мен мойнын батырып жіберіп ұстайды. Бірқазан – жыл құстары, наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Судың тереңірек жеріне салған көлемді ұяларына 1-4 жұмыртқа салып, оны қоразы мен мекиені жұптасып басып, 30-35 күнде балапандарын өргізеді. Балапандары 70-75 күн өтісімен ұядан ұшады. Бірқазан 3-4 жасында жұмыртқалай бастайды.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

Топшамамен жұмыс.


V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

Ереже қайталау.




18-сабақ

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Мәтін.

Сабақтың мақсаты: а)Оқушылардың мәтін және оның түрлері туралы алған білімдерін

пысықтау, кеңейту.

ә)Әр мәтін түрінің мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін байқай

білу дағдыларын дамыту.

б) Берілген мәтіндер мен құрастырған мәтіндердің мазмұнына байланысты

адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.


II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жаттығуларын тексеру.

  2. Ережелер қайталау.


III. Жаңа сабақ

-Мәтін дегеніміз не?



-Мәтіннің қандай түрлері бар?
*Мәтін – айтылатын ой-пікірдің, шығарманың не солардан үзіндінің қағазға түскен жазбаша түрі.

Мәтін бірнеше сөйлемнен құралады. Мәтін сөйлемдері бір-бірмен мағына жағынан байланысып тұрады.

*Мәтін – жазба тілдің көрінісі, мәтін көркем шығарма, ғылыми әдебиет те болуы мүмкін.
-Мәтіннің қандай өзіндік белгілерімен таныстық?
1.Мәтіннің атауын тақырып деп атайды. Тақырып мәтінде не туралы айтылғанын көрсетеді.

2.Әрбір мәтіннің басталуы болады. Сондықтан оның қалай басталғанына ерекше көңіл бөлу керек. Сондай-ақ кез келген мәтін аяқталады.

3.Мәтін бірнеше бөлімдерден құралады. Әрбір бөлім абзац деп аталады және жаңа жолдан басталып жазылады.

4.Мәтінге жоспар құру үшін:

-мәтінде қанша абзац бар екенін білу қажет;

-әр абзацтағы негізгі сөзді немесе ойды табу керек;

- әр абзацтағы сол сөзді немесе айтылатын ойды бір сөйлеммен жазу керек.
Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Екі мәтінді салыстырып оқы.

-Қандай айырмашылықты байқадыңдар?


2-жаттығу.

Мәтіндерді оқып, әңгімелеу, пайымдау және сипаттау мәтіндерін тап.

1.Әңгімелеу

2.Сипаттау

3.Пайымдау.

*Әр мәтінге ат қой.

*Әңгімелеу мәтінін көшіріп жаз.
3-жаттығу.

Мәтінді түсініп оқу, көшіріп жазу.

Мұны білесің бе?

*Мәтіннен пайымдау мәтіні екенін білдіретін сөйлемдерді табу.

-Өйткені олар бұтақтан бұтаққа секіріп жүреді, ұшуды білмейді.
Мәтінді әңгімелеу мәтініне айналдырып, көшіріп жазу.
4-жаттығу.

Сурет бойынша әңігмелеу мәтінін құрастыр.


5-жаттығу.

Мәтінді түсініп оқы. «Ана».

-Шығарма мәтіннің қай түріне жатады?

IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

Суретпен жұмыс.


V. Бағалау, мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.


VI. Үйге тапсырма.

5-жаттығу.

* «Ана» тақырыбында пайымдау мәтінін құрастырып жазу.

19-сабақ

ӘБЖ: Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәні: қазақ тілі Өткізілген мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Мәтін.

Сабақтың мақсаты: а)Оқушылардың мәтін және оның түрлері туралы алған білімдерін

пысықтау, кеңейту.

ә)Әр мәтін түрінің мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін байқай

білу дағдыларын дамыту.

б) Берілген мәтіндер мен құрастырған мәтіндердің мазмұнына байланысты

адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, әңгімелеу, жаттығу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы,топшама
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет