айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім
дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады.
Сөздің семантикалық құрылымы мен функциясы.
Сөздің семантикалық құрылымы мен функциясы.
Сөздің негізі – аннотативті (білдіру, түсіндіру) қызметі болып табылады. Психологияда
Л.С. Выготский бастап сөздің бұл функциясын заттарды толықтыру, елестету қызметі ретінде түсіндіреді.
Сөз белгілі бір затқа сілтеу ғана бермейді, сонымен бірге қосымша ассоциоцияларды да білдіреді. олай болса, әрбір сөздің өзіндік «семантикалық өрісі» бар деп айтуға болады.
Сөйлеудің қалыптасуы бірнеше кезеңдерден өтеді:
Сөйлеудің қалыптасуы бірнеше кезеңдерден өтеді:
• фонетикалық кезең (2 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, ол кездебала әлі сөздің дыбыстарын дұрыс меңгере алмайды);
• грамматикалық кезең (3 жасқа дейінгі аралық, дыбыстарды меңгеренң мен айтылудың құрылымдық заңдылықтарын ұйымдастыру меңгерілмеген кезең);
• семантикалық кезең (3 жастан кейінгі аралық, түсініктітерді ұғыну жүзеге асыралады).
Сөйлеудің функциялары. Адам өмірінде сөйлеу көптеген қызметтер атқарады:
1) Коммуникативті қызмет бойынша сөйлеу қарым-қатынас қызметі ретінде қарастырылады. Бұл күрделі іс-әрекет өз алдына бөлек, бірақ бір-бірімен тығыз байланыстағы екі ерекше форма түрінде көрінеді. Оның бірі қарым-қатынастағы сөйлеу қызметіне субъектінің қатысуын қамтып эксперссивті сөйлеу формасында болса, екінші сөздік хабарлауды қабылдаушы субъектінің импрессивті сөйлеу формасында қатысуын қарастырады.
2) Сөйлеудің түсіністік қызметі әрбір айтылған сөздің мағыналыболып, абстрактылы ойлау құралы ретінде көрінуін білдіреді. Сөйлеудің көмегімен ақпаратты талдау мен жалпылау ғана емес сондай-ақ қорыиындылау мен талқылау әрекеттері де жүргізіледі.
3) Сөйлеудің реттеушілік қызметі сөздің көмегімен әр түрлі ағзалар жүйелері мен мүшелердің іс-әрекетін реттеуді жүзеге асырып отырады. Сөздік тітіркендіргіштер ағзаның ішкі қызметін зат алмасу процесін қарқындылығын өзгертеді, сондай-ақ бұлшық ет жүйесі мен сенсорлы жүйелеріне де әсер етеді. Сөз өзінің тікелей мазмұнымен физиологиялық белсенді фактор ретінде ықпал етеді.
Сөйлеудің объектіні сөзбен көрсетуімен байланысты үш формада көрінуі мүмкін: акустикалық, оптикалық және кинестезиялық.
Сөйлеудің акустикалық формасы дыбыстық сигнал түрінде танылады, оларды қабылдау үшін сөздік ағымдар бөлшектеніп беріледі. Сонымен қатар жекеленген бөлшектер сөздік ағымда бірігеді. Акустикалық форма фөйлеудің коммуникативті қызметін жүзеге асырудың негізі болып табылады.
Сөйлеудің оптикалық формасы жекеленген сөздік-әріптік тітіркендіргіштерді талдау мен біріктіруді қамтамасыз етеді және сөйлеудің симаоликалық функциясын жүзеге асырады. Бас ми қыртысының көру бөлімі зақымдалған кезде тек әріптерді ажырату мүмкіндігі бұзылып қалмай, көп жағдайда символикалық функциясы да жиі бұзылады.
Сөйлеудің кинестезиялық формасы сөйлеудің дыбыстық айтылуын жүзеге асыруға көмектесетін фртикуляциялық мүшелердің бұлшық ет қысымы дыбыстық сөздің айтылуы болмаған кезде де жоғары болады. Физиологиялық тұрғыда ол ойлау процесі кезіндегі сөйлеу мүшесінің жұмысынан байқалады.