Тақырып: Ультра дыбысты, радиоизотопты ЯМРТ,КТ зерттеу әдістері
Ультра дыбысты диагностика – ультра дыбыс көмегімен ағза мүше және ткандерінің патологиялық өзгерістерін анықтау болып табылады.
Эхолокация принципіне негізделген – жіберілген сигналдарды қабылдап, әр түрлі акустикалық қасиеттерге ие тканді орта бөлік беткейі бейнеленеді. УДЗ (эхография, сонография) – ионизирлемейтін тексеру әдісіне жатады. Ыңғайлы, қолайлы, зиянсыз және жоғары деңгейде ақпараттандыруымен клиникалық практикада кең тарала бастады. Кей кезде диагнозды толық қою үшін ультра дыбысты зерттеужеткілікті болып жатады. УДЗ арнайы дайындықты талап етпейді. Құрсақ қуысының мүшелерін тексеруді таңертең ашқарынға, ал әйел жыныс мүшелерін, құрсақ үсті безі, қуықты тексеруді қуық тола кезінде жүргізу ұсынылады. УДЗ әр-түрлі қан-тамыр патологиясын ажырату үшін маңызды болып табылады. Эхографияны жүрек ауруларының диагностикасында қолданады. Ультра дыбыс көмегімен жүректің систололық көлемін, миокард, гемодинамикалық көрсеткіштерді, жүрек ақауларын және де перикардты анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |