Серуен кезінде аттарды күтіп қарау
.
Аттарды тазарту. Аттарының терісінің жағдайы мен тазалығы оның денсаулығымен
жұмыс істеу қабілетіне әсер етеді. Сондықтан жануарлардың денесін тазалауды жүргізу керек,
бұл бір жағынан денеге массаж ретінде пайдалы. Жылқы денесін тазарту өзіндік
ерекшеліктермен әдіс тәсілдер бойынша жүргізіледі. Мысалы нағыз жылқы малы аттың сол
жағын оң қолмен тазартпайды, міндетті түрде сол жақ қолмен. Сондай-ақ оң аяғын оң қолмен
емес, сол қолмен көтереді тазарту жүргізу құралдарды әр жылқының тек өзіне ғана тиесілі
болады. Онда аттың есімі жазылады. Бұл құралдарға басқа жылқыны күту тазалау кезінде
пайдалануға тиым салынады. Тазалау құралдарын әрқашан таза ұстау қажет атты тазарту
жұмыстарын ашық аспан астында жүргізіледі. Тазалау, тазарту жұмысын жүргізгенде алдымен
жылқыны шылбырын қысқа етіп, бағанға, қазыққа байлайды, тазалауды басының сол жағынан
бастайды. Шөткені сол қолға алып, ат тарақтың тісшелерін жоғарғы қараған күйінде оң қолға
алады. Содан соң оң ортаңғы саусағымен ноқтаны аттың құлағынан жақ бөлігіне дейін тартып
байлайды. Бас бөлігінің желке тұсынан, құлағымен көзінің айналасын жағарыдан төмен қарай
тазалайды. Шөткемен абайлап жұмыс істеу қажет, себебі жылқының көзіне зақым келтіріп алу
әбден мүмкін. Жылқының сол жағын тазалап болған соң, мойнына сосын тұла бойын бойлап
артқы санымен аяқтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |