Маршрутта салт атпен жүру кезіндегі жүргізілетін жұмыстар
Атты және ат әбзелдерін дайарлау. Жолға шығар алдында аттардың тағалары жаңа
тағаларға ауыстырылуы керек, егер қажет болмаған жағдайда бұрынғы тағалар қатайтылып,
тексерілуі керек. Жолда жүргенде пайдаланған жарақарды мұқият қарап тексереді. Ерекше
тексеруден: ауыздық, тартпа, айыл, үзенгі әбзелдері өтеді. Тартпа жібінің сөгілуі маршрут
кезінде оның үзіліп, жолда қалдыруы мүмкін. Кемістігі бар жарақтарды жөндеуге береді.
Терліктерді уақытылы жуып, кептіріліп тұруы керек. Жарақтармен жүктерді ат үстіне арту мен
теңей білу, олар байланған жіп арқанының сау және ыңғайлы болуын қарап, алдын ала керек
емес заттарды жинастырып салып қоюы керек. Өйткені серуен кезіндегі ең қарбалас сәт
таңертеңдегі уақыт сондықтан мүмкінділігінше ертерек қимылдауы керек. Жолға шығар
алдында аттың екі жағындағы теңеу жүкартқышты затқа барынша толықтырамыз. Бұл жүрген
кезде салынған заттар қозғалып, салдырамас үшін. Жүкті арту жұмыс рет:
аттың үстін шаң-тозаңнан тазартады.
тартпасын тартып, ерттейді.
ер үстінен теңеу жүк салып, оны байлайды.
алдыңғы және артқы жүк арасын байлайды.
алдыңғы жүк үстін палаткамен жауып, алдыңғы жіпке байлайды.
Жолға шығу командасын күтеді.
Тартпа айылды қайта тартып байлап, байлаудан атты босатып алдыңғы сапқа
тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |