Салт атпен серуендеу туризмі көп жағдайларда туристтерді далада, түзде жүру мен қону
кезінде өзін өзі қамтамасыз етуін заңдастырады. Бұл дегеніміз маршрут кезінде туристтер
лагерлерді өздері белгілеп, палаткаларды (шатырлар) құрып, тамақтарын өздері жасап, отын
жару, шөпшектеру, қонған, демалған орындарды жинау, қоймадан керек жарақтарды алып-
өткізу жұмыстарын, асханаға кезекшілік қою мен мініс аттарды және әбзелдерін күтіп қарау
белсене қатысуымен араласуы топ ішіндегі тиянақтылықпен жақсы көңіл күй орнатуға жағдай
жасайды. Инструктор көмегімен туристтер өз іштерінен активтерді сайлап, асхана мен аттарды
күтуге кесте құрып жұмыстарды, атқаратын қызметтерін бөліп алады. Бұл кезде топ ішіндегі
әрбір туристтің жеке кәсіпкерлігін, беделі мен жұмысқа деген құлшынысын ескереді.
ережелерді сақтауын қадағалап, аптечканың сақталуымен алғашқы медециналық көмек
көрсету ісін ұйымдастырады.
мәдени шаралар менгерушісі – топ инструкторына мәдени шаралар ұйымдастыру
кезінде көмектеседі.
дене шынықтырушы – топ инструкторымен спорттық шараларды (денешынықтыру,
боулинг, валейболл, футболл, шахмат және т.б) ұйымдастырушы.
аттарды күтіп бағу ісінің кезекшісі аттарды жайылу кезінде қадағалап, оларды архан
жібін өз аяғына, ағаш бұталарға оралаып қалмауын бақылайды кезекшінің жұмысының
таңертеңнен кешке дейін созылады олар барлық аттардың таңертеңнен өз уақытында тазалау
мен ерте жұмыстарында жауапкершілікті мойнына алады. Кезекші аттарды жемдеу жұмысын
туристтер ұйқыдан оянбай тұрып жасайды, бұл топтың жолға шығарда аттардың дайын тұру
үшін қажет. Кезекшілердің өз жұмыстарының бұлжытпай жасауы, жүргізілу межелі жерге
лагерді құру мен жинау, маршруттың жүріс кестесінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Лагерді жинау – жұмысын жылдам, дұрыс ұйымдастыру, маршруттың күндізгі уақытта
ұтымды пайдаланып, жолға тез шығып кету мүмкін болады. Ал лагерді жинау жұмысына көп
уақыт жіберіп алғанда, бұл маршруттардың жүріс уақытын қысқартып, жылдамдығын арттыру
қажет болады, немесе лагерді құрғанша қараңғы түсіп кетеді. Лагерді жинауға кететін
белгіленген уақыт – 2- сағат, бұл ұйқыдан оянғаннан, таңғы асты қоса алғанда жолға шығу
арасы. Бұл топты дұрыс ұйымдастыру мен өзара көмектесуі арқылы іске асатын жұмыс.
Атпен серуендеу кезінде туристтер жалпы туристтік білімдері артып, жақсы
дайындықтан өтеді. Туристтердің саяхат кезінде үйренуге тиісті қарапайым жұмыстарына
мыналар кіреді: Рюкзактардың дұрыс жиналуы мен алып жүруі, шатырларды құру, от жағу,
далалық жағдайда тамақ даярлау, компас пен туристтік схемалармен жұмыс жасай білу т.б.
Мұнымен қоса туристтер туристтік серуен қауыпсіздігін сақтау мен қоршаған ортаны қорғау
ережелерін білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: