Памуккале қалай пайда болды?!



Дата30.01.2022
өлшемі14,62 Kb.
#116303
Байланысты:
Памуккале


Памуккале (Мақталы Қамал) травертиндері геологиялық жағдайлардың негізінде жер қыртысының түзілумен және ыстық судың жер қойнауына шығып ауамен араласуынан пайда болған орын. Барлығы табиғи жолдармен пайда болған Памуккале травертиндерінде шипалы судың 17 түрі бар. Тек Түркиядан емес әлемнің түкпір түкпірінен келетін туристтердің келетін орны. Айта кететіні, ыстық сулардың емдік қасиеттері өте мол. Әсіресе ревматизмге қарсы судың пайдасы көп.

Памуккале қалай пайда болды?!

Травертин бір түсті жартастыр (әктасың бір түрі, ол кальций мен оксидтерінің салдарынан) химиялық реакцияның нәтижесінде жартастардың шөгіндісінен пайда болған.

Жобамен 2200 метр ұзындық пен 160 метр биіктікте орналасқан Памуккале травертиндері қатпар қатпар су қойналарының ішінде кальций карбонатының уақыт өте келе өзгеріске ұшыраған халі. Түсінің ашық(аппақ) және жылтырақтығынан 20 км ұзақтықтан көзге көрінеді.



Аймаққа келетін туристтер әлі қатып үлгермеген жартастардың үстін басып жүретіндіктен травертиндерге үлкен қауіп төнуде. Осыған байланысты алдын-алу шаралар қолданылса да әлі толықтай қолға алынған жоқ. Судың температурасы 35 пен 100 градус арасында ауысып отырады. Бұл «ыстық сулар» ежелгі грек-рим патшалығы өмір сүрген дәуірден бері ем үшін қолданылып келеді екен. Аймақтағы ыстық сулар жер астынан шыққаннан кейін травертинлердің «төбесіне» дейін шығады. Яғни тау болып қатып қалған травертиндерге дейін, биіктікке көтеріледі. Сол суларды жалғап тұратын каналдардың ұзындығы шамамен 300 метр.Травертиндердің төбесінде шамамен 6-70 метрдің арасында шөгінділер бар. Ыстық сулар осы жаққа келетін шөгіндіге құйылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет