берiлген күзет қызметiнiң штаттағы қызметкерлерi қамтамасыз етедi. Қорықты күзету
штатына: күзет бастығы (бас орманшы), күзет инженерi, аға инспекторлар, инспекторлар мен
Күзет бастығы, күзет инспекторы және директордың орынбасарлары - қорықтың
36. Табиғатты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар құқығын Қазақстан
37. Қорықтың аумағын қорғау жөнiндегi шараларға қорықтың келiсiм бойынша
айналадағы табиғи ортаны қорғау мен пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк бақылау
азаматтар мен лауазымды адамдардың жеке куәлiктерiн және қорықтың аумағында
кiнәлi адамдарды ұстауға, қорық режимiн және табиғатты қорғау заңдылықтарын
бұзғаны туралы оларға хаттамалар жасауға;
азаматтар мен лауазымды адамдардың табиғатты қорғау заңдарына қайшы келетiн
қызметiн тоқтатуға;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес табиғатты қорғау заңдарын бұзуға күдiктi
адамдардың заттарын, көлiк құралдарын қарауға, аулау, ату құралдарын, сондай-ақ
олжалаған өнiмдерiн тексеруге;
тәртiп бұзушылардан олжалаған өнiмдерi мен табиғатты заңсыз пайдаланған
құралдарын, сондай-ақ соларға тиiстi құжаттарын тартып алуға;
режим мен табиғат қорғау заңдарын бұзғандарды жеке басын айқындау мен
хаттамалар жасау үшiн iшкi iстер органдарына, өкiметтiң жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
органдарына апаруға;
белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылар туралы iстердi қарауға, лауазымды
адамдар мен азаматтарға айыппұл салуға, басқа да әкiмшiлiк жолмен ықпал ету шараларын
қолдануға;
кәсiпорындарға, ұйымдарға, мекемелер мен азаматтарға келтiрiлген зиянның орнын
толтыру туралы талап қоюға;
заңдарда көзделген жағдайда тәртiп бұзушылықтар туралы материалдарды тергеу
органдарына жiберуге құқы бар.
39. Мемлекеттiк қорықтарды қорғау қызметкерлерi мен табиғатты қорғау жөнiндегi
мемлекеттiк инспекторлар құқығына ие адамдардың қызмет бабындағы мiндеттерiн
орындауға байланысты мүлкiне келтiрiлген зиян сол зиян шектiрген ұйымдар мен
азаматтардың есебiнен өтеледi.
40. Қорықты қорғау қызметкерi немесе табиғат қорғау жөнiндегi мемлекеттiк
инспектор құқығына ие адам қызметтiк мiндетiн орындау кезiнде қазаға ұшыраған жағдайда
оның отбасына бiр жолғы жәрдемақы, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарда белгiленген
тәртiппен асыраушысынан айырылғандығы жөнiнде зейнетақы төленедi.
41. Қорықты қорғау қызметкерлерi пiшiмдi киiм-кешекпен, айырым белгiлерiмен,
радио байланысы құралдарымен, көлiкпен қамтамасыз етiледi.
42. Қорықтарды қорғау қызметiнiң қызметкерлерiне өз мiндеттерiн атқару кезiнде
iшкi iстер органдарының рұқсатымен табельдi атыс қаруын алып жүруге құқық берiлген.
43. Мемлекеттiк қорықтардың аға инспекторлары мен инспекторларына жұмыс
кезiнде қызметтiк үй-жайлары (кордондар) берiледi.
44. Қорықтарды қорғау қызметкерлерi ауыл шаруашылығы мен өзге де жұмыстарға
қатысу үшiн қызметiн тастап бара алмайды.
45. Қорықтарды қорғау қызметiнiң қызметкерлерi қорық режимiн немесе табиғатты
қорғау заңдарының бұзылу фактiлерiн ашатын болса, оларға сол тәртiп бұзушылық үшiн
белгiленген тәртiппен өндiрiлiп алынған қаражаттың бiр бөлiгi есебiнен сыйлық берiледi.
Экскурсиялық-ағартушылық қызмет
46. Қорықтардағы экскурсиялық-ағартушылық қызмет ғылыми-танымдық және
экологиялық экскурсияларды, сондай-ақ табиғатты қорғау мен қорық iсi мәселелерi жөнiнде
оқу-насихаттық, көрмелiк, мұражайлық, мәдени-ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру
жолымен жүзеге асырылады.
47. Қорық қызметкерлерiнiң экскурсиялық-ағартушылық қызметiне қатысты
мiндетiне:
табиғатты қорғау, қорық iсi мәселелерi жөнiнде баспасөзде материалдар жариялау,
радио мен телевизия арқылы сөйлеу, лекциялар оқу, әңгiмелер өткiзу;
табиғат және экологиялық соқпақтар мұражайларына келушiлерге қызмет көрсетудi
ұйымдастыру;
қорықтың экскурсиялық объектiлерiн күтiп ұстау және безендiру жөнiндегi шаралар
кешенiн әзiрлеп, жүзеге асыру енедi.
48.
Мемлекеттiк
қорықтар
тиiмдi
экскурсиялық-ағартушылық
жұмыстар
ұйымдастыру және қажеттi материалдар мен қаржы қаражатын тарту үшiн қорық қызметiн
басқарушы мемлекеттiк органмен келiсе отырып, бөгде ұйымдармен шарттар жасай алады.
49. Қорықтағы экскурсиялық-ағартушылық жұмысты осыған уәкiлдiк алған
қызметкерлер жүргiзедi.
50. Қорықтың экскурсиялық-ағартушылық жұмысында пайдаланылатын бағалау
нарқы келiсiмдi болады.
Достарыңызбен бөлісу: