Қорықтық режим
27. Мемлекеттiк қорықтардың режимi күзетiлетiн аумақтағы табиғи кешендер мен
объектiлердiң барлық биологиялық әртүрлiлiгiн сақтайды және табиғи жағдайы мен
тұтастығын қалпында ұстауды қамтамасыз етудi көздейдi.
Қорықтар аумағына оның мақсатына қайшы келетiн кез келген шаруашылық,
демалыстық және өзге де қызметке тыйым салынады.
28. Қорықтар аумағында (экваториясында) мыналарға:
жер мен суаттың гидрогеологиялық режимiн өзгертетiн iс-әрекетке;
iздестiру жұмыстарына, пайдалы қазбаларды игеру мен шығаруға, жер қыртысына
зақым келтiруге, минералдар шығаруға, тау жыныстарын аршып тастауға;
орманды пайдаланудың барлық түрiне, мал жаюға, оны айдау мен суаруға, шөп
шабуға, омарта мен бал араларының ұяларын орналастыруға, орманды ластау мен онда
қалдықтар тастауға, айқындағыштарды, белгiлердi бүлдiру мен сындыруға, шайыр, ағаш
шырындарын, жемiс, жидек, саңырауқұлақ, тұқым, гүл, тамыр, жуа, дәрiлiк өсiмдiктер мен
техникалық шикiзат дайындауға, сал ағызуға, орман заңдарын бұзу болып табылатын
орманды пайдаланудың өзге де түрлерiне;
қорықтардың қызметiн қамтамасыз етуге арналғаннан басқа өнеркәсiп және ауыл
шаруашылығы кәсiпорындарын, жекелеген объектiлердi, үйлер мен ғимараттарды, жол мен
жол құбырларын, электр желiлерi мен өзге де коммуникациялар салу мен орналастыруға;
осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа
жағдайда аңшылықтың, балық аулаудың барлық түрiне, жан-жануарлар дүниесiн өзге де
пайдалану түрлерiне минералдық тыңайтқыштарды, орман мен топырақты қорғаудың
химиялық құралдарын қолдануға;
күзетiлетiн аймақты қосқанда, оларды бейiмдеу мақсатымен өсiмдiктер мен
жануарларды жерсiндiруге;
бөгде адамдар мен көлiктердiң арнайы рұқсатсыз келуiне, жүруi мен өтуiне; бөгде
көлiк құралдарының жалпы пайдаланылатын жолдар мен су жолдарынан тысқары өтуiне;
қорықтың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларында көзделгеннен басқа
зоологиялық, ботаникалық және басқа да коллекциялар жинауға; қорық дирекциясының
келiсiмiнсiз ұшақтар мен тiкұшақтардың аумақтың үстiмен 2000 метрден төмен ұшып өтуiне
(жануарларды қорғау немесе есеп жүргiзу мақсатында оның аумағын авиапатрульдеуден
басқа);
қорықтарға жүктелген мiндеттердi орындауға байланысы жоқ және Қазақстан
Республикасының табиғат қорғау жөнiндегi заңдарына қайшы келетiн табиғи кешеннiң
жағдайына тiкелей немесе жанама зардабы тиетiн өзге де қызметтерге тыйым салынады.
29. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбы бойынша ғылыми мақсатта жабайы
аңдарды аулауға, өсiмдiктердi жинауға табиғи ресурстарды қорғау мен пайдалану жөнiндегi
Мемлекеттiк бақылау органдарының рұқсатымен жол берiледi.
30. Мемлекеттiк қорықтарда белгiленген тәртiппен мыналарға:
антропогендiк әсер етудiң салдарынан өзгерiске ұшыраған табиғи кешендердi
қалпына келтiру мен өзгерiстерiн жою жөнiндегi шараларды өткiзуге, сондай-ақ бұрын
тiршiлiк етiп, жоғалып кеткен сирек кездесетiн өсiмдiктер мен жануарларды қайта жерсiндiру
мен жасанды жолмен көбейтудi қосқанда, қорықтың ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау
үшiн;
адам мен жануарларға аса қауiптi жұқпалы ауруларды жою жөнiндегi өртке қарсы,
санитарлық, мал дәрiгерлiк шараларды өткiзуге, кiрiптар жағдайға ұшыраған жабайы
аңдарды құтқару жөнiндегi шараларды өткiзуге жол берiледi.
31. Экологиялық, ғылыми-танымдық экскурсиялар қорықтардың қызметiн басқарушы
мемлекеттiк органмен келiсiлген тәртiппен арнайы бөлiнген экологиялық бағыттарда
өткiзiледi.
32. Арнайы бөлiнген учаскелерде (көп ретте күзетiлетiн аймақта) аумақты
орналастыру жобасына сәйкес қорық қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының
Экология және биоресурстар министрлiгi белгiленген тәртiп пен нормалар бойынша
табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлерiне рұқсат берiлуi мүмкiн.
33. Қорықтың табиғи кешендерiне және оның күзетiлетiн аймағына тiкелей немесе
жанама келтiрiлген зиян кiнәлi адамдардан, ұйымдар мен мекемелерден белгiленген
тәртiппен қолданылып жүрген таксаларға және зиянды есептеу әдiстемелерiне сәйкес
есептелiнiп, өндiрiлiп алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |