Сабақ №1 Тақырыбы: Экологиялық туризмнің дамуының мәні мен маңызы Жоспары: 1



Pdf көрінісі
бет3/48
Дата14.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#126583
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Туризм практика

Өзін-өзі бақылайтын сұрақтар: 

1.

 

Туроператорлармен келісім-шарт туралы не білесіз? 



2. Туристік қызметті лицензиялау? 

 

Қолданылған әдебиет тізімі: 



1. Моисеев Н.А. Экономика лесного хозяйства. – М.: 2008.

 

2. Абаева Қ.Т. ҚР Орман шаруашылығын басқару, Алматы, 2012



 

 

 




Практикалық сабақ №4-5 

Тақырыбы: 

Мемлекеттік қорықтардағы экологиялық қызмет 



Жоспары:

  

1. Мемлекеттік қорықтар.



 

2.Туристің



 

міндеттері



 

Мақсаты:

 Мемлекеттік қорықтар туралы жалпы ақпарат беру



 

 

Экологиялық саясат - экологиялық жағдайды және елдің табиғи ресурстарын ұтымды 

жұмсауды  қамтамасыз  етуді  басқару  мақсатында  мем¬лекетпен  қабылданған  арнайы  саяси, 

экономикалық, 

заңнамалық 

және 


өзге 

де 


шаралардың 

жүйесі. 


Мемлекеттік экологиялық  саясаттың  мақсаты  -  экономиканың,  қоғамның,  табиғаттың 

үйлесімді, тепе-теңдікте дамуын қамтамасыз ету. Экологиялық саясаттың жалпы мемлекеттік 

саясаттың 

құрамдас 

бөлігіне 

айналуы 


(әскери, мәдени, әлеуметтік, 

ғылыми-


техникалық, ақпараттық және  т.б.  сияқты)  дамыған  елдерде 1970-1980-шы  жылдары  жүзеге 

асты және ол экология саласында дағдарысты құбылыстардың артуымен байланысты болды. 

Кез  келген  мемлекеттің  экологиялық  саясатының  негізін  ресми  қабылданған  экологиялық 

мәселелерді  шешудің  жал¬пы тұжырымдамасы құрайды.  Бұл  тұжырымдама  тікелей 

мемлекеттік  экологиялық саясаттың сипатын  және  билік  органдарының  елдің  әлеуметтік-

экономикалық дамуы кешенінің экологиялық қырларына тәсілін айқындайды. 

Экологиялық  саясаттың  негізгі  принңиптері,  міндеттері  және  шаралары  заңнамалық 

актілер, "қоршаған ортаны қорғау туралы заң", үкімет бағдарламалары және т.б. анықталады. 

Экологиялық саясаттың жүзеге асырылуына маңызды ықпал ететін жағдайлар: 

 



нақтылы мемлекеттің аумағындағы экологиялық мәселелердің ұшығуы; 

 



экологиялық  жағдайлардың  ушығуынан  туындайтын  әлеуметтік-экологиялық 

мәселелердің сипаты; 

 

экожүйе  қызметінің  бірқатар  аса  маңызды  мәселелерін  шешуде  ғылыми 



екіүштылықтың болуы; ресурстық, оның ішінде қаржылық шектеулер; 

 



ресурс  жинақтаушы  және  табиғатты  қозғаушы  технологиялардың,  оның  ішінде, 

қалдықтарды жою мен қайта өңдеу мәселелерінің нақ¬тылы шешілу деңгейі; 

 

өндірістің  экономикалық  тиімділігі  және  экологиялық  таза  өнімнің  бәсекеге 



қабілеггілігі; 

 



халықтың әлеуметтік жауабы; 

 



халықаралық міндеттемелер. 

Қазақстан  Республикасының  күзетiлетiн  табиғи  аумағын  ұйымдастыру  мен  оның 

қызмет  етуiнiң  заңдылық  және  нормативтiк-құқықтық  негiздерiн  жетiлдiру  мақсатында 

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қазақстан Республикасының 

мемлекеттiк  қорықтары  туралы  Уақытша  Үлгi  ереже  (қоса  берiлiп  отыр)  бекiтiлсiн. 

Қазақстан  Республикасының  Премьер-министрi  Қазақстан  Республикасы  Министрлер 

Кабинетiнiң  1994  жылғы  5  шiлдедегi  N  753  қаулысымен  Бекiтiлген  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттiк  қорықтары  туралы  Уақытша  Үлгi  ереже  Негiзгi  қағидалар 

         1.  Кәдуiлгi,  сирек  кездесетiн  немесе  бiрегей  ландшафттар  мен  олардың 

құрамындағылардың  табиғи  болмысын  сақтау,  олардағы  табиғи  процестер  мен 

құбылыстардың  жаратылыс  өзгерiлiмiн  зерделеу  және  табиғатты  қорғаудың  ғылыми 

негiздерiн  айқындау  мақсатында  ерекше  табиғатты  қорғаушылық,  ғылыми,  экологиялық-

ағартушылық және эстетикалық маңызы бар олардың шегiнде орналасқан табиғи кешендер 

мен объектiлерiн түгел алғанда жер, жер қойнауы мен су кеңiстiгiнiң учаскелерi мемлекеттiк 

қорықтар деп жарияланады. 

2.  Қорықтың  табиғи  ресурстары  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттiк  меншiгi 

болып табылады. 



      Мемлекет меншiгiндегi қорық жерiне құқықтық ашықтан-ашық немесе жасырын 

түрде бұзу әрекеттерiне тыйым салынады. 

3.  Мемлекеттiк  қорықтардың  жер,  жер  қойнауы,  суы,  табиғи  ресурстары  мен 

объектiлерi  шаруашылық  пайдаланымынан  алынады  да  қорықтардың  иелiгiне  бiржолата 

берiледi.  Олар  табиғатты  қорғау  мақсатындағы  жерлерге  жатады,  оны  қандай  да  бiр 

мемлекеттiк, жеке және қоғамдық мұқтаж үшiн пайдалануға немесе жалға беруге болмайды. 

Мемлекеттiк қорықтар жер мен басқа да табиғи ресурстар үшiн төлемдерден босатылады. 

4.  Биосфералық  топқа  жатқызылатын  қорықтар  кең  ауқымды  экологиялық 

мониторингті жүзеге асыратын биосфералық резерваттардың халықаралық жүйесiне кiредi. 

5. Мемлекеттiк қорықтар заңды ұйымдар болып табылады. Олардың ғылыми-зерттеу 

институтының филиалы санатына теңестiрiлген табиғатты қорғау жөнiндегi ғылыми-зерттеу 

мекемелерiнiң  мәртебесi  болады,  олар  мемлекеттiк  бюджет  есебiнен  қаржыландырылады 

және дербес баланста тұрады, олардың Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленiп, 

өз  атауы  қазақ  және  орыс  тiлдерiнде  жазылған  мөрi  болады,  олар  Қазақстан 

Республикасының банк мекемелерiнде шоттар, соның iшiнде валюталық шоттар да ашады. 

6. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарлары мен 

перспективаларын,  жерге  орналастыру,  аудандық  жоспарлау  сызбаларын,  табиғатты 

қорғаудың  кешендi  сызбаларын  әзiрлеу  кезiнде  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақ  ретiнде 

мемлекеттiк қорықтар ескерiлетiн болады. 

7.  Мемлекеттiк  қорықтар  өздерiнiң  өкiлдiктерi  жүретiн  аймақтағы  (Аймақтық 

жүйедегi) табиғатты қорғаудың ғылыми-әдiстемелiк орталықтары болып табылады. Олардың 

қарамағында, соның iшiнде құрылымдық бөлiмшелер ретiнде қорық шекарасынан тысқары 

орналасқан қорғалатын табиғи аумақтың өзге де түрлерi (қорғалымдар, табиғи ескерткiштер 

және басқалары) болуы мүмкiн. 

8.  Негiзгi  аумақта  қорықтық  режимдi  қамтамасыз  ету,  қорғалатын  экологиялық 

жүйеге шаруашылық қызметiнiң залалын азайту мақсатында қорық аумағын айналдыра енi 

кемiнде  екi  километрге  созылатын  күзет  аймағы  құрылады.  Қорғалатын  аймақтың  аумағы 

негiзгi жер пайдаланушылардан қайтарылып алынбайды. 

Қорғалатын аймақ маңында табиғи объектiлер мен қорық кешендерiне зияны тиетiн 

шаруашылық және өзге де қызмет атқаруға тыйым салынады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет