С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«СТОМАТОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН СИЛЛАБУС
|
I.4. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
№ 1 Сабақ
№ 1 тақырып ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ. ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ.
Сабақтың мақсаты:
Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру
Экспериментті жүргізудің негізгі әдістемелерін игеру, жануарлармен жұмыс істей білу, фукционалдық зерттеу жүргізу
Топта жұмыс жүргізуді қалыптастыру
Клиникаға дейінгі ғылыми зерттеулердің этикалық тәртібінің нормативтік құжаттарын меңгеру.
Жалпы нозологияның негізгі түсініктерін меңгеру.
Оқыту міндеттері:
Жалпы нозологияның негізгі түсініктерін, патофизиологияны негізгі оқулық пән ретінде оның құрылымын және міндеттерін меңгеру.
Экспериментте қолданылатын жануарларда кариес пен пародон ауыруын алу моделдерін әдістемелерімен танысып үйрену.
Тыныс және жүрек-қантамыр жүйелерінің фукционалдық жағдайын тексеруге арналған Мартине, ГенчеШтанте жүктемелік әдістемелерін қолдана білу
Ауру алды жағдайды анықтауға бағытталған экспериментті талқылай және бағалай білу
Сөзжұмбақты шешу нозологиялық негізгі терминдерін дұрыс қолдана білу
Топ ішінде жұмыс істей білу (өз пікірін қорғай білу, алдынғы сапта болуға тырысу).
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Патологиялық физиология пәні. Патофизиологияның жоғары медициналық білім беру саласында алатын орны және маңызы, оның басқа пәндермен байланысы. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері.
Патологиялық физиологияның зерттеу әдістері. Тәжірибелік әдістің маңызы, жануарларда дерттік үрдістердің үлгісін алудың адам ауруларын зерттеудегі жетістіктері мен кемшіліктері. Тіс жегі және пародонтиттің үлгісін алу
Лабораториялық жануарлармен жұмыс жүргізгенде моралдық этикалық ұстанымдарын сақтау. ҚР ДМ 442 «Клиникаға дейінгі зерттеуді медициналық – биологиялық эксперимент пен клиникалық тексеруді Қазақстан Республикасындағы жүргізудің тәртібін бекіту» бұйрығының қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының индустрия мен сауда Министрілігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің № 575 2006 жылдың 29 желтоқсандағы бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына сай зертханалық тәжірибе туралы.
Негізгі қағидаларының тәртіптерін оқып білу.
4. Жалпы нозология, негізгі түсініктері: денсаулық, ауру, ауру алды, біртектес дерттік үрдістер, патологиялық реакция, патологиялық үртіс, патологиялық жағдай
5. Аурудың нышандары. Ауруларды жіктеудің негізгі ұстанымдары.
6. Аурудың өту кезеңдері, олардың сипаттамасы.
7. Өлім - аурудың ақырғы сатысы. Өлімнің түрлері. Өлімнің сатылары, сипаттамасы. Реанимацияның негізгі ұстанымдары. "Тірілтілген организмнің ауруы" туралы түсінік, негізгі даму механизмдері.
Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:
Студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, «Клиникаға дейінгі зерттеулер этикасы» мультимедиялық көрсетілімін көрсету, аз топтарда жұмыс жасау – жедел ойын, тәжірибелер орындау, тәжірибе нәтижелерін талқылау, сөзжұмбақ шешу.
Бақылау әдістері:
Ауызша сұрау, тәжірибе нәтижелерін және есептерді, жедел-ойынды, сөзжұмбақтың толтырылуын тексеру, тестілеу
Достарыңызбен бөлісу: |