Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



бет30/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

Ситуациялық есептерді шығару.

1. 25 жастағы науқас қол саусақтарындағы, әсіресе суыққа, ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.

Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?
2. Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.

Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

3. Д., 68 жаста, созылмалы гепатитпен және бауыр циррозымен ауырады, шемендіке сұйықтықты шығару үшін іш қуысына түтік салынды. 15 минуттың ішінде 5 л сұйықтықты сорып алған соң науқас басының айналғанына, жүрек айнуына, әлсіздікке шағымданды, сұйықтықты сору жалғаса берді. 1,5 л сұйықтықты алғаннан кейін науқас есінен танды. Жедел жәрдем көрсетілгеннен бірнеше минуттан соң есін жиды, дегенмен науқаста әлсіздік, бас айналуы, жүрек айнуы толастамады.

Сұрақтар:

1. науқасқа жасаған әрекеттерінде дәрігер қандай қате жіберді?

2. шемендік сұйықтықты сору кезіндегі естен танудың даму тетіктері қандай?

3. осындай жағдайда мыйдағы қанайналымы бұзылыстарын қалпына келтірудің мүмкіндік тетіктері қандай?

4. не себепті науқастағы қанайналым жүйесінің бейімделу тетіктері әсерсіз болды?

4. 56 жастағы науқас тез шаршағыштыққа, тоқтағаннан кейін басылатын, бірақ жүргенде қайталанатын балтыр бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, аяғының жансыздануына, «жыбырлауына», тыныштықта шаншитынына (парестезия) шағымданды. Науқас шылымды көп шегеді. Қарап тексергенде аяқ басының терісі бозғылт, құрғақ, ұстағанда салқын, тамыр соғысы тек екі аяқ басының үстіңгі бетінде ғана анықталса, артқы балтыр артерияларында анықталмайды. Алдын ала қойылған аңғарымы – «Бітелген (облитерирующий) эндартериит».



  1. Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуға болады?

  2. Науқаста шеткері қанайналымы бұзылысының даму тетіктері қандай?

  3. Байқалған белгілерінің патогенезі қандай?

  4. Қандай жағымсыз салдарлары болуы мүмкін?

ӘДЕБИЕТТЕР



Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 247 - 265.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с. – 404-435

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. С. 87-92, 195-197

  4. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар /Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен , аударған М.Б.Байбөрі. – Алматы.: «Эффект», КазНМУ, 2007.- С. 96 -110

  5. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 162-194.

  6. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с.66-82

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 372-381.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 182-200.

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 161-181

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 195-214.

  5. Типовые нарушения микроциркуляции (внутрисосудистые, сосудистые, внесосудистые). Понятие о капиллярно-трофической недостаточности

БАҚЫЛАУ


Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 96 -110

7 САБАҚ

14 тақырып: ҚАБЫНУ

Сабақтың мақсаты:


  1. Жіті және созылмалы қабынудың этиологиясы мен патогенезін меңгеру

  2. Теориялық білімді есептер шығарғанда қолдану

  3. Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдысын қалыптастыру

  4. Тәжірибелік жануарлармен машықтық дағдыны қалыптастыру

  5. ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қабынуды үлгілеуде қолдану


Оқыту міндеттері:

  • жіті және созылмалы қабынудың этиологиясы мен патогенезін, организм үшін маңызын зерттеу

  • теориялық материалды талдағанда медициналық атаусөздерді қолдана білу

  • алған теориялық білімін ситуациялық есептерді шығарғанда қолдануды үйрену

  • ерте жастағы балалардағы қабынудың ерекшеліктерін зерттеу

  • бақа шажырқайында жіті қабынудың үлгісін алу (Конгейм тәжірибесі) және қанайналымның өзгерістері мен лейкоциттердің эмиграциясын зерттеу

  • ірінді жалқықтың морфологиялық көрінісін және фагоцитоз сатыларын анықтауды үйрену

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қабыну, анықтамасы, этиологиясы. Әлтерация туралы түсінік. Қабыну кезіндегі алғашқы және салдарлық әлтерация.

  2. Қабыну ошағында зат алмасудың өзгерістері. Олардың патогенезінде жасушалар мен жасушаішілік құрылымдар мембраналары бүлінуің маңызы. Қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістер, олардың патогенезі, салдарлары.

  3. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну дамуындағы маңызы. Қабынуды шақыратың және қабынуға қарсы цитокиндер туралы түсінік

  4. Қабыну ошағында қанағымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі.

  5. Экссудация, анықтамасы, даму жолдары. Жалқықтың түрлері. Ірінді жалқықтың құрамы мен қасиеттері.

  6. Лейкоциттердің эмиграциясы, анықтамасы, сатылары және олардың жолдары.

  7. Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздің жеткіліксіздігі және оның қабынудағы маңызы.

  8. Пролиферация, оның тетіктері. Пролиферацияның түрткілері мен тежегіштері.

  9. Қауырт қабынудың жергілікті және жалпы белгілері, олрдың патогенезі.

  10. Созылмалы қабыну, этиологиясы, патогенезі, қауырт қабынудан айырмашылықтары.

  11. Қабынудың организм үшін маңызы. Ауыз қуысы мен жақтардағы қабынудың ерекшеліктері.

  12. Қабыну үрдісін алдын алу және емдеудің жалпы ұстанымдары.

  13. Жақ-бет төңрегіндегі қабыну үрдісінің ерекшеліктері.


Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша студенттер арасында оқытушының қатысуымен және бақылауымен пікірсайыс, тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау, ситуациялық есептер шығару, тәжірибелер орындау, сөзжұмбақ, есептер шешу, тест өткізу.



Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, тәжірибе нәтижелерін, сөзжұмбақ және есептерді тексеру, тест жүргізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет