Өрен, тату-тәтті, сұрапыл соғыс, шаңырақ, мәжбүр ету, бауырмал, құшақ жая қарсы алу, тағдыр, игі іс, тірек және т.б.
Құндылықтар
Отанын сүю, сыйластық
Осыған дейін меңгерілген білім
Ырыс алды – ынтымақ
Жоспарланатын уақыт
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Дереккөздер
Сабақтың басы
5 мин
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім оқушыларға суретті көрсетіп, сұрақтар қояды.
Б ұл не?
Адамдар оны не үшін пайдаланады?
Хатты қалай жібереміз?
Қазіргі күні хатты не арқылы жіберуге болады?
Сіз кімдерге хат жазасыз?
Мұғалім шәкірттерді оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырады.
Слайд №1-2
Сабақтың ортасы
10 мин
20 мин
Мағынаны тану. Бос орынға қарамен берілген сөздерді тиісті орнына қойыңыз. Асты сызылған сөздердің қолданылу ерекшелігін назар аударыңыз.
Мен, сіздердің, біз, осы, менің, біздің, оларды, оның, олар Құрметті соғыс ардагерлері!
..... Қазақстан елінің жас өренімін! Бүгінде Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бір кезде сұрапыл соғыс .... адамдарды қазақ жеріне әкеліп, бір шаңырақтың астында өмір сүруге мәжбүр етті. Бауырмал қазақ халқы .... құшақ жая қарсы алып, мейрімділік танытты.
Мен жуырда Зигфрид есімді бала туралы шығарма оқыдым. ....... басынан өткен оқиғалар маған қатты әсер етті. Онда соғыстан кейінгі балалардың тағдыры бейнеленген. Осыдан соң еліміздегі барлық балалардың бақытты екеніне .... көзім жетті, себебі .... бейбітшілікте өмір сүруде.
Болашақта мен елімнің үлкен азаматы болып өсетініме сенімдімін. Себебі мемлекетіміз .... үшін көп игі істер жасауда. Жақсы білім алып, еліміздің тірегі болу .... парызымыз. Біз .... үміттеріңізді ақтау керекпіз.