Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар
Сергіту сәттерін ұйымдастыру
Пән: қазақ тілі мен әдебиет
|
Сынып: 5 сабақ 150-151
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Әнші құм
|
Оқу мақсаты:
|
Жаңа тақырып аясында берілген қысқа сөйлемдер мен қысқа мәтіндер бойынша жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу. Мәтіндер негізінде оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру.
|
Сабақтың мақсаттары:
|
Барлық оқушылар орындай алады:
а) қарапайым тілдік үлгілер арқылы саяхат жасаудың адам өміріндегі рөлін түсінеді, Қазақстан тақырыбын меңгеру жөнінде ақпарат береді.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
а) тақырыпқа қатысты қысқа сөйлемдерді қолдану арқылы тілді меңгерудің ерекшелігін сипаттайды.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
а) Саяхат жасау туралы мәтін құрай алады.
|
Жетістік критерий- лері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде әнші құмдар жайында ақпарат береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша әнші құмдарды қарапайым сөйлемдер арқылы сипат- тай алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында қазақша сыныптастарымен тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады, әнші құмдар жайлы мәтін құрастыра алады.
|
Алдынғы білім:
|
Алтынемелге бардың ба?
|
Жоспар
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
Басы
(Ой қозғау)
0-10
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) сәлемдесу;
Ә) кезекшімен жұмыс;
Б) оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
Қызығушылықты ояту
Қазақ тілі және көп тіл
Оқушылар қалалар туралы сөздерді орысша, ағылшынша атауларын айтады;
Ой қозғау
Күрделі сұрақтар арқылы тақырыпты ашу. Өз ойларын айтады, тақырыпты ашады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Оқулықтың 67 – бетінде берілген 5-тапсырманың орындалуын тексеру.
|
үлестірме қағаздар
|
Ортасы (Мағынаны тану)
10-25
|
. Жаңа білімді хабарлау
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, сен- дер әнші құмдар туралы білесіңдер ме? Әнші құмдар
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақ- паратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
Б) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындата- ды.
4. Сергіту сәті. «Әнші құмдар» тақырыбында фотоколлаж дайындатады.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға ма- шықтандыру үшін 6, 10-тапсырманы орындатады.
Ә) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындата- ды.
Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 8, 9-тапсырманы орындатады.
1-тапсырма. Мәтінді оқы. Құрамында қос сөзі бар сөйлемдерді дәптерге көшіріп жаз.
Әнші құм Жетісу жеріндегі Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан тауларының қасында жатыр. Құмды төбенің биіктігі – 150 метр, ұзындығы – 8, ені – 3 шақырым. Құмның «Әнші құм» аталуының өз сыры бар. Жел соққан кезде ұсақ-ұсақ құмдар төмен қарай жылжиды. Осы кезде сырнайдың даусына ұқсас әп-әдемі ән құлаққа естіледі. Ал қатты жел соқса, әлгі әдемі үн реактивті ұшақтың дауысына ұқсайды. Жел соққан сайын құм формасын жиі-жиі өзгертіп отырады. Жібек жолының бойында орналасқан «Әнші құмның» даусын есту үшін жолаушылар алысалыс жерлерден әдейі келеді. «Әнші құм» табиғат ескерткіші ретінде мемлекет қамқорлығына алынған. Ол «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағының құрамына кіреді.
2 – тапсырма. «Табиғат» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
3 – тапсырма. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Қажетті сөздер: әншілер, жолаушылар.
4 – тапсырма. Берілген сөз тіркесін жікте
Сөз тіркесі: «Әнші құмға» бару
Айтылым. Өз ойын айтады.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
Оқылым. Жазылым. Сөзжұмбақты шешеді.
Фотоколлаж дайындайды.
Жазылым. Ребусты шешеді, зат есім- дер мен етістіктерді жекеше форма- да жазады.
Оқылым. Жазылым. Мәтіндегі ақпа- раттың дұрыстығын тексереді.
Айтылым. Сөзжұмбақты шешеді, тақпақты жаттайды
|
`
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |