Сабақ 1*2 Сабақ тақырыбы Қазақ отбасының дәстүрлері



бет6/222
Дата27.02.2023
өлшемі45,28 Mb.
#170336
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   222
Байланысты:
00121a88-02216692

Тілдік мақсаттар

төр- почетное место
қария- старик, старец, пожилой человек
қонақ-гость
төрлетіңіз- проходите, пожалуйста
үлкендер- взрослые, пожилой человек

Құндылықтарды дарыту

Үлкенді кұрметтеуге, отбасылық дәстүрлерді ұғынуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өзін - өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Кескіндер, суреттер

Бастапқы білім

Отбасы дәстүрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Кіріспе:
3 мин.

2-мин.

Жаңа сабақ
5-мин.

10 мин


Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

Амандасу.
Күннен , жерден нәр алған
Біз - өмірдің гүліміз.
Бүгінгі күннің сәтінде
Сәтті болсын күніміз -деп оқушылармен сабаққа бейімдету психологиялық ахуал жасалды.
Ыстық орындық әдісі арқылы үй жұмысын тексеру
3 түсті стикерлерді сыныпқа таратамын, сол түскен стикері бойынша сабақ соңында сабақты өздері қалай түсінгендерін білдіреді.
Сабақтың критериалды бағалау түрлері тақтада ілініп тұрды.
Суреттерді тақтаға шашыраңқы түрде іліп қоямын. Көру арқылы оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын анықтап аламыз.




Суреттерді талдай отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)
Оқылым дағдысы.
1- тапсырманы кезекпен оқып, аударып шығады. Тапсырманың соңында сұрақтар беріледі, сол сұрақтарға оқушылар оқылған тапсырма бойынша жауап береді.
Төр
Төр қонақ бөлменің жоғарғы жағы. Ол жасы үлкен адамдар Қонақтар отыратын сыйлы орын. Қазақ үйге келген қонақты «төрлетіңіз» «төрге шығыңыз» деп отырғызып құрмет көрсетеді. Қазақ халқында дастарханға үлкендерден бұрын отыру ұят болып саналатын. Себебі алдымен ақ сақалды ата мен ақ шашты әжені сыйлап төрден орын береді .Үлкен кісілер көпті көрген сыйлы кісілер. Қазақта төріңнен қарт кетпесін деген сөз бар. Себебі қарт тілегін айтып, батасын береді.
Сұрақтар :
1.Төр қайда орналасқан ?
2. Қазақ халқы үйге келген қонақты қалай қарсы алған ?
3.Қонаққа қалай құрмет көрсеткен?
4.Қазақ халқы төрге кімді отырғызған?
5.Қазақта қарт туралы қандай аталы сөздер бар?
6.Дастарханға кім бата береді?
(Оқушылар ауызша жауап бере отырып, ішкі уәжді арттыра түсенді.)
2-Тапсырма Суреттердің бірін тыңдап, ауызша мәтін құрыңыз.




Мәтінде қазақша амандасу түрлері және ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін қажетінше пайдаланыңыз.


Ұсынылатын сөздер мен сөз тіркестері: шырағым, қарағым, көп жаса, жасың ұзақ болсын, мал-жан аман ба?
Дескриптор
- суреттерге таңдау жасайды;
- сурет бойынша ауызша мәтін құрайды;
- мәтінде қазақша амандасу түрлерін қолданады;
- сөздер мен сөз тіркестерін суретке қатыстырып ұлтық этикет формаларын қолданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет