Сабақ 1*2 Сабақ тақырыбы Қазақ отбасының дәстүрлері



бет81/93
Дата16.01.2020
өлшемі42,98 Mb.
#55973
түріСабақ
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   93
Байланысты:
ҚМЖ 5 орыс


Кері байланыс

Сабақтың аяғында мұғалім оқушылармен рефлексия жүргізеді.



Слайд №3



Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.
Оқушының барлығымәтіннен есімдіктерді таба алады..

Оқушылардың көбісі хат жаза алады.

Кейбіреулері өзіндік стильде жаза алады.


Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.
Жұмыс нәтижесі жетістік критерийлері арқылы бағаланады.

Пәнаралық байланыс – тарих, география.

Отбасы құндылықтары.

Отан – отбасынан басталады.

Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады.



Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік танытты.

Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері жүзеге асты.
Келесі сабақта креативтілік принципін қолдануға болады. Оқушылар отбасындағы қандай заманауи дәстүр мен мерекелерді енгізуге/өзгертуге болады деген сұрақ төңірегінде ойланады.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.Мәтіннен есімдіктерді таба алды.

2. Хаттың жазылу ерекшелігін түсіндірді.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.Сөздік қорларын дамыту

2.Хат стилін терең меңгеру.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Оқушыларға сабақта қажет болатын сөздердің тізімін жасау.





САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

142-143

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Сабақтың тақырыбы

Бір атаның балалары

Сабақтың түрі

Дағдыларды дамыту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.

Сабақ мақсаты

- Барлық оқушыларға қолдау көрсету бағыттаушы сұрақтар арқылы жұмыстарын жүзеге асырады.

- Оқушылардық көбі мәселеге қатысты ойларын жеткізе алады, бағалайды,

- Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айтады, астарлы мағынаны таниды және бағалауда нақтылық көрсетеді.


Бағалау критерийлері

  • Мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіре алады.

  • Тақырыпқа қатысты сөздерді қолдана алады.

Дескрипторлар

1. Көтерілген мәселені талдай алады

2. Өз көзқарастарын (ойларын) 3-5 сөйлем арқылы жеткізе алады.

3. Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолдана алады.


Тілдік мақсаттар

Бірлік, татулық, ынтымақ, татулық, ұлттар достастығы, бауырмалдық, тәуелсіз ел, тірлік, ынтымақ, байлық, қанжардай, көршілес, жатырқамау, ерекшелену, ұлт өкілдері т.б

Осыған дейінгі меңгерілген білім

Алдыңғы тақырып бойынша тілдік дағдыларды дамыту, байланыстыру

Құндылықтар

  • Адами қасиет, тәлім-тәрбие, мейірім;

  • Достық қатыр-қатынас, ынтымақтастық;

  • Зерттеген мәселе бойынша өмірлік ұстаным;

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, әдебиет

АКТ дағдыларын дамыту

Үйге берілген тапсырма бойынша акт дағдыларын дамыту

«Көпұлтты мемлекет» тақырыбында 1-беттік презентация жасау



Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Дерек-

көздер

Сабақтың басы

2 мин


5 мин

Оқушылардың қызығушылықтарын ояту. Сабаққа назарларын шоғырландыру

Сабақтың тақырыбын анықтау.



Б

С

Й

Б

Р

О

К

Ж

Қ

У

К

О

Қ

Ө

Т

С

И

А

Ү

Ы

А

М

Д

Л

Э

А

Е

А

Л

Е

М

І

Д

І

У

Ы

Я

Д

А

С

И

Г

З

А

Ү

Ғ

Л

Б

Сабақтың тақырыбын ең бірінші боп болжап, таба алған оқушыны сыйлықпен марапаттау (жеміс немесе тәттілер)

Әр оқушылар осы сурет таратылады.

Суретті тақырыппен байланыстыра отырып, 2 мин уақыт ішінде қолдардың тұсына ұлттар достастығына қатысты ұғымдар (сөздер, сөз тіркестері) жазып шығуы керек.

Белгіленген уақытта

8-9 сөз жазған оқушылар 1 топ;

6-7 сөз жазғандар 2-топ;

4-5 сөз жазғандар 3-топ

Оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен танысады.


Кестелер

Слайд 2

Слайд 3

Слайд 4-5



Сабақтың ортасы

10 мин


10+10 мин


Оқушылар топта өзара ақылдаса отырып, осы тақырып бойынша өздері жазған ұғымдардан 3 кілтті сөз таңдап, А3 парағына маркермен үлкейтіп жазып, тақтаға іліп қояды. Тақтаға 3 топтан 9 сөз қатар ілінеді.

Мұғалім тақырып бойынша кездесетін және оқушы жұмысына қажет болып қалар деген тағы бірнеше жаңа сөздер ұсынады.

БАУЫРМАЛ, ТІРЛІК, БАЙЛЫҚ, ЫРЫС, ҚАНЖАРДАЙ, ЖАТЫРҚАУ, ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ, ЕРЕКШЕЛЕНУ, КӨРШІЛЕС

Сөздердің мағынасы түсіндіріледі.

Мұғалім оқушылардың жаңа сөздерді қаншалықты есте қалғанын анықтау үшін «Допты ұста» әдісін пайдаланады.

Мұғалім өзі бастап допты бір оқушыға лақтырады, допты алған оқушы сөзді еске түсіреді. Және сол сөзді қатыстырып,кез келген сөйлем құрастырып айтады. (М. Мұғалім: бауырмал, менің анам өте бауырмал адам. Допты келесі оқушыға лақтырады.Осылай барлық сөздер айтылып болғанша доп лақтыру жалғасады)



Тапсырма. Берілген мәтіндердегі көтерілген мәселелерді талдап, көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

Оқушылар тапсырманы топта талқылап бірлесіп орындайды.



Дескрипторлар басшылыққа алынады.

1. Көтерілген мәселені талдай алады

2. Өз көзқарастарын (ойларын) 3-5 сөйлем арқылы жеткізе алады.

3. Тақырыпқа қатысты сөздерді ұтымды пайдалана алады.



1-топқа мақал-мәтелдер

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады»

«Бірлік болмай, тірлік болмас»

«Татулық табылмас байлық»

«Байлық байлық емес, бірлік – байлық»

«Күш – бірлікте»

2-топқа өлеңнен үзінді

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,


Қазақ осы- «Өнер алды - тіл» дейтін.
Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқаудыбілмейтін.

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,


Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

3-топқа әңгімеден үзінді

Біздің мектепте қазақ тілі пәнінен сабақ беретін ұстазымның бір әңгімесі әлі есімде. Ол кісі біздің ауылға көршілес орналасқан Жылымды ауылында туып өсіпті. Жылымды ауылына Ұлы Отан соғысы кезінде басқа ұлт өкілдері жер ауып келген екен. Көбінесе соғыстың ауырпалығын көтеріп, алғаш соққы алған белорус, украйн елдерінің азаматтары болыпты.Үйі белорустар жанұялары тұрған көшеде тұрыпты. Сол көшенің шеткі үйінде өзімен бірге бір сыныпта оқыған, өзімен барлық балалық шағын өткізген Ланцейвич Витя деген досы болыпты. Осы ұлт тумасынан ақкөңіл, мейірімділігімен ерекшелінетін халық. Витя да мейірімді, қолы ашық, сыпайы бала болыпты. Үйінің адамдары мен мұғалімнің жанұясы да бір жанұяның адамдары сияқты тату болыпты. Ауылдарында Люх Андрей деген неміс азаматы дүкенде сатушы болып жұмыс істепті. Әйелі Ельвира Ивановна дәрігер болыпты. Ельвираны ел сыйлап, жақсы көріпті, өйткені түн болса да, күн болса да әрқашан көмекке келіп тұрады екен. Осы Андрей деген азамат тек таза қазақ тілінде сөйлеп қана қоймай, сонымен қатар мақалдап сөйлегенде, талай қазақты орнында қалдырған жан болыпты.

Әр топқа сөз беріліп, ойларын орта салады.


А3 форматы

маркерлер

Тараптпа материалдар


Сабақтың соңы

Бағалау

5 мин

Топтар бір-бірінің жұмысын дескрипторларға сүйене отырып, алтын теңгелер арқылы бағалайды. (әр топ максималды 3 алтын теңге алуға тырысу керек)

Мұғалім топ жұмыстарын кері байланыс береді. Ұтымды тұстарды атап көрсетеді.



Алтын теңгелер

Кері байланыс

3 мин

«Баланс шеңбері» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жасалады.





  1. Маған ұнаған әрекет

  2. Маған қиындық тудырғаны

  3. Ұсынысым бар

  4. Менің көңіл-күйім

Кері байланыс парағы

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс




Дифференциация оқушыларды топқа бөлгенде көрініс табады.

  • Оқушылар қолдау көрсету бағыттаушы сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.

  • Оқушылардың көбі мәселеге қатысыт ойларын айтады, бағалайды,

  • Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айтады, астарлы мағынаны таниды және бағалауда нақтылық көрсетеді.

Сабақта бағалау критерийлеріне негізделген жүйеде бағаланады.

  1. Мұғалімнің кері байланысы

  2. Топтардың бірін-бірі бағалауы

Әдебиет, өзін-өзі пәндерімен тақырып арқылы байланысады.

Сабақта АКТ үйге тапсырма кезінде қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет