Бағдарламалық қамтамасыздандыруды қорғау үшін айналым жылдамдығы стандарттан төмен дискі жүргізушіні пайдаланады. Деректер жолға жазылғанда баяу айналғандықтан жазу тығыздығы көбейеді. Бұл жолға мəліметтерді көбірек жазуға мүмкіндік береді. Осы мақсаттар үшін əдетте, аса ұзын сыртқы жол пайдаланылады. Егер пайдаланушы оны үйреншікті жылдамдықпен айналдырып, осындай дискіні көшірмелеуге тырысса, онда тағайындалған дискі толық айналымды, бүкіл мəліметтер көшірмеленіп болғанға дейін аяқтайды. Мұндай дискі көшірмесін пайдаланушы алуға тырысқанда негізгі дискінің бас жағы өшіріліп қалады.