Сабақ Геометрияның негізгі ұғымдары Күні,айы: Мұғалімнің аты-жөні



бет22/67
Дата08.11.2019
өлшемі23,85 Mb.
#51379
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67
Байланысты:
7 ГЕОМЕТРИЯ КМЖ




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

7.1.1. Үшбұрыштар


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қатемен жұмыс Есептер шығару сабақ 30

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.23

теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану;

7.1.1.24

теңқабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолдану;



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: теңбүйірлі үшбұрыштардың анықтамасын, қасиеттері мен белгілерін біледі

Оқушылардың көпшілігі: теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттерін,белгісін есеп шығаруда қолданады және олардың элементтерін пайдалана отырып, салу дағдысы қалыптасады

Кейбір оқушылар: теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін талдайды, дәлелдей алады және күрделі есептерді шығаруда қолдана алады

Бағалау критерийлері

Теңбүйірлі үшбұрышты, оның элементтерін ажыратады.

Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін қолдану арқылы есептер шығара алады.

Деңгейі жоғары дәлелдеу есептерін шығару барысында теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін қолданады.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін жазбаша және ауызша түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Үшбұрыш, теңбүйірлі,теңқабырғалы,әртүрлі қабырғалы, үшбұрыштың элементтері, биіктік,биссектриса,медиана, үшбұрыштар теңдігінің белгілері



Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

1.Қабырғаларының арасындағы қатынастар арқылы анықталатын


үшбұрыштың түрлерін атаңдар.
2. Қандай үшбұрыш: а) әртүрлі қабырғалы; ә) теңбүйірлі; б) теңқабырғалы деп аталады?
3. Теңбүйірлі үшбұрыштың қандай қабырғалары бүйір, ал қайсысы
табаны деп аталады?
4. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштар туралы не айтуға
болады?
5. Теңбүйірлі үшбұрыштың белгісін тұжырымдаңдар.


Құндылықтарды дарыту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы


Пәнаралық байланыстар

Тарих(пирамидалар),география(орналасқан жері)

Бастапқы білім


Үшбұрыш,үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін, биіктік,биссектриса,медиана туралы ұғымдарын біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.


5 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу,түгендеу, топқа бөлу.

Оқушыларды геометриялық фигуралар және олардың элементтерін жинақтау арқылы 3 топқа бөлемін.

I топ –Үшбұрыш(биіктік, биссектриса,медиана)

II топ – Шеңбер(диаметр,хорда,радиус)

III топ – Төртбұрыш(ұзындығы,ені,бұрышы)

Өткенді қайталау. « Сұрақ-жауап» арқылы.

- Қандай фигура үшбұрыш деп аталады?

-Үшбұрыштар теңдігінің белгілері

- Үшбұрыштың медианасы дегеніміз не?

-Үшбұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?

-Үшбұрыштың биіктігі дегеніміз не?

-Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не?


ҚБ: мұғалімнің мадақтауы арқылы
Ой қозғау: (Диалог)

-Екі қабырғасы тең болатын үшбұрышты кескіндеңдер.

-Транспортирдің көмегімен оның үшінші қабырғасына іргелес
жатқан бұрыштарды өлшеңдер.

-Бұрыштар тең бола ма?

-Бүгінгі сабағымызда нені біліп шығуымыз керек?

Жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды жаңа білім қабылдауға және игеруге белсендіру,тақырыпты ашу.



«Проблема айқындау» тәсілі арқылы оқушыларды жаңа білім қабылдауға және игеруге белсендіру. « Не білемін?» , «Не білгім келеді?» , Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай?» деген сұрақтарға жауап береді.

Оқулық,


геометриялық фигуралар бейнеленген суреттер

Сабақтың ортасы

12 мин
12 мин

2 мин

3 мин


7 мин


1.Тақырыппен,сабақ мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстыру.

Әдіс: «Ойлан.Бірік.Бөліс»

Тапсырма: Әр топ өзіне берілген тақырыппен танысып, постер қорғайды.
1-топ. Үшбұрыштың түрлері және 1-теорема (табанындағы бұрыштың теңдігі туралы).

2-топ. 2-теорема (теңбүйірлі үшбұрыштың белгісі).

3-топ. 3-теорема (биссектрисасы, биіктігі, медианасы)
ҚБ:

Топтар


1-топ бас бармақ,

2-топ смайлик,

3-топ бағдаршам арқылы әр топ бірін-бірі бағалайды.
2.Оқулықпен жұмыс

Әдіс: «Пилот және штурман»
1) а = 3см, в = 4см, с = 6см Р =? Р = 13 см
2) Δ АВС теңбүйірлі табаны 3 см, бүйір қабырғасы табанынан 3 см ұзын. Үшбұрыштың бүйір қабырғасын және периметрін тап.
3) Теңқабырғалы үшбұрыштың Р=39см, қабырғасы қанша?
4) Теңқабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 12 см, Р=?
5) АВС үшбұрышының АВС бұрышының биссектрисасы ВК. АВК бұрышының градустық өлшемі — 15˚. АВС бұрышының градустық өлшемін тап.
6) Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрі 25 см. Бір бүйір қабырғасы 7см. Үшбұрыштың табанын тап.
7) Теңбүйірлі үшбұрыштың периметрі 15 см. Бір бүйір қабырғасы табанынан екі есе ұзын. Үшбұрыштың бүйір қабырғасын тап.
8) Теңбүйірлі үшбұрыштың п
ериметрі 16 см. Табаны бүйір қабырғасынан екі см қысқа. Үшбұрыштың әр қабырғасының ұзындығын тап.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет