Рефлексия. «Бес саусақ» тәсілі. Сұрақтар бойынша толтырады. Бас бармақ – ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек – мен топта қалай жұмыс жасадым. Кімге көмек бердім?
Ортан терек – мен бүгін қандай білім алдым?
Шылдыр шүмек – сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек – мен өзімді сабақта қалай сезіндім?
жасыл, сары, қызыл түсті стикерлер.
Қосымша мәлімет
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс(тәрбие элементі)
Сабақ жоспарлауда оқу мақсаттарына жету үшін, оқушыларға тапсырмалар әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы сараланып берілді. Оқушылар мәтінді тыңдайды және таныс емес сөздермен жұптасып сәйкестендіру жұмысын істейді.
Тыңдалым дағдысын дамыту үшін «Төрт сөйлем» әдісін қолдандым. Бұл әдіс тыңдаған материалдан қажетті ақпаратты іріктеп алуға дағдыландырады. Сыни көзқарсын білдіруге, оны дәлелдеуге жетелейді. Бұл әдіс оқушыларды топ болып жұмыс жасауға,бірін- бірі тыңдауға септігін тигізеді.
Айтылым дағдысын дамыту үшін «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін қолдандым. Оқушыларға «Не себепті ақын «Болашақ» деген елге қандай сый-сияпат апарамыз деген сауалды айтты?» сұрағының төңірегінде ойланып, жұптасып, талқылады. Автордың ойына тамаша пікір, жақсы айтылған, орынды пікір, өкінішті, маған ұнамады/ ұнады сөздерінің бірін қолданып, баға берді.
Жазба жұмыстарында «Сиқырлы қобдиша» әдісін қолдандым. Таңдаған афоризмдерді тиімді қолданып, шағын ой-талқы мәтінін жазады. Оқушылардың білімдерін ары қарай дамыту мақсатында кейбір тапсырмалар сараланып берілді. Көпшілігі көтерілген мәселеге өмірден мысал келтіреді, қорытынды шығарады. Кейбірі ой-талқы мәтінінен етістікті сөз тіркестерін өзгелік етіс тұлғасына айналдырады. Сараланып берілген тапсырмалардың баршасы, мақсатқа қол жеткізудің бірден- бір жолы деп есептеймін.
Оқушылардың білімін тексеру барысында қалыптастырушы бағалау әдістерін қолдандым: бағалау критерийлері арқылы топтық бағалау, жұптық бағалау, «Бағдаршам әдісі» және уәждеу.Тыңдалымның соңында бағалау парағында критерийлер арқылы топтық бағалау жүреді.
Айтылымның соңында шығарманың идеясы мен автордың ойын бағалануы «Бағдаршам әдісі» арқылы жүргіздім.
Жазылымның соңында критерилер арқылы жұптық бағалау жүргіздім. Мақсаты - оқушылар афоризмдерді тиімді қолданып,орындаған тапсырманың дұрыс істегенін, жіберген қателерін анықтау және түзету жолдарын бағыттау үшін қолдандым. Бұл әдістер оқушының білімдерін толықтырып, ары қарай жетелейді.
Сабақ тақырыбы Өзін-өзі тану пәнімен тығыз байланысты. Интербелсенді тақтаны пайдаланып, сабақта «Миға шабуыл» сұрақтарын көрсеттім, өлеңді тыңдаттым. Сабақ тақырыбы оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа баулиды.
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз? Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен? Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?