Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Көтерілген мәселеге өмірден мысал келтіреді, қорытынды шығарады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Жазылған ой-талқы мәтінінен етістікті сөз тіркестерін теріп, өзгелік етістіктің формасына айналдырып жазады.
|
Бағалау критерийі
|
- «Ертең біз жол жүреміз» өлеңінің мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіре алады;
- өлеңнің идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалай біледі;
- ақын өлеңінен афоризмдерді тиімді қолданып ой-талқы мәтінін жазады;
- «Ертең біз жол жүреміз» өлеңі бойынша дәлелдейді, қорытынды шығарады.
- етістікті сөз тіркестерін теріп, өзгелік етістіктің формасына айналдырып жазады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
«Ертең біз жол жүреміз» өлеңінің мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіріп, дәлелдей алады.
Өлеңнің идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалай біледі.
Ақын өлеңінен афоризмдерді тиімді қолданып ой-талқы мәтінін жазады.
«Ертең біз жол жүреміз» өлеңінде көтерілген мәселе бойынша өмірден мысал келтіреді, қорытынды шешім шығарады.
Етістікті сөз тіркестерін өзгелік етістіктің формасына айналдырып жаза алады.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: болашақ, қамдану, тақалар қыс, сый-сияпат, қорқауды, кеселін тигізеді, жат қылық, салмағың.
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Өз көзқарасын білдіру үшін: менің көзқарасым бойынша..., ...деп айтар едім, менің түсінуімше... менің ойымша...
Бағалау үшін: қуанышқа орай,тамаша пікір, жақсы айтылған, орынды пікір, өкінішті, маған ұнады/ұнамады.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Болашақта қандай мамандық иесі боласыңдар?
Ол үшін не істеп қамданып жүрсіңдер?
Болашақта жетістікке жету үшін адамның бойында қандай қасиет болу керек?
Адамгершілікті сақтау дегенді қалай түсінесіңдер?
|
Не себепті ақын «Болашақ» деген елге қандай сый-сияпат апарамыз деген сауалды айтты ?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |