Жарты шеңбер өз диаметрінен айналғанда шығатын фигураны сфера деп атайды.
Жарты дөңгелек өзін шектейтін диаметрден айналғанда шығатын фигураны шар деп атайды
Сфера шар
Шардың беті – сфера.
Сфераның(шардың) кез келген екі нүктесін қосатын кесіндіні хорда, ал центрі арқылы өтетін хорданы диаметрі деп атайды.
Жер шар тәріздес. Жердің ең үлкен қимасының шеңбері экватор, ал қалған кіші шеңберлер параллельдер деп аталады. Жарты шеңберлер меридиандар деп аталады.
Шарды(сфераны) жазықтықпен қиғанда пайда болатын кез келген қима дөңгелек(шеңбер) болады. Бұл дөңгелектің(шеңбердің) центрі шардың(сфераның) центрінен қиюшы жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың табаны болып табылады.
№9-есеп.Берілгені: D = 6 см, шар көлемін табыңдар.