Конденсатор қосылған тізбектен тұрақты ток жүрмейді,себебі бұл жағдайда тізбек тұйық емес,конденсатордың астарларының арасы диэлектрикпен бөлінген.Бірақ конденсаторды айнымалы кернеу көзіне қосса, ол үнемі қайта зарядталып отырады да тізбек арқылы ток жүреді.
u = Umcosωt; q= qmcosωt; i= q’;
i= q’=UmC sinωt = UmC cos(ωt+π/2);
Im= UmCω; ;
Бұл алынған екі теңдеуді салыстыра отырып, мынадай қорытындыға келеміз: тізбектегі ток күшінің тербелістері кернеу тербелістерінен фаза бойынша π/2-ге озады.
Сәйкес векторлық диаграмасын саламыз.
3.3. Айнымалы ток тiзбегiндегi индуктивтiк катушка.
Айнымалы ток тізбегінде индуктивтік катушка қосымша кедергі тудырады, мұны өздік индукция құбылысымен түсіндіруге болады.
; R=0; ;
; ;
;
;;;;;
Теңдеулерін салыстыра отырып, мынадай қорытындыға келеміз: катушкадағы ток күшінің тербелісі кернеу тербелісінен фаза бойынша π/2 -ге артта қалады.
Индуктивтік кедергідегі ток пен кернеудің сәйкес векторлық диаграмасын саламыз.
3.4.Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы
Бір-біріне тізбектей жалғанған индуктивтігі L катушкадан,сыйымдылығы С конденсатордан және кедергісі R резистордан тұратын тізбектің қысқыштарына u = Umcosωt кернеутүсірейік.Ток полюстеріндегі лездік кернеу оның жеке бөліктеріндегі кернеудің лездік мәндерінің қосындысына тең U = UR+UL+UC ;
U=URmcosωt+UCmcos(ωt-π/2)+ ULmcos(ωt+π/2)
Түсірілген кернеудің Umамплитудасын векторлардың қосындысы ретінде табуға болады, яғни U=URm+UCm+ ULm ;
;
;
;
; ;
; ; ;
;
Достарыңызбен бөлісу: |