Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.
Білімділік міндеттері:
-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.
-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.
2.Оқыту проблемалары: Ковалентті байланыс 3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ):
1.Фронталды әңгімелесу:(нашар үлгерушілермен жұмыс) Байланыстың қандай типтерін білесіңдер?
Қандай химиялық элемент атомдары арасында ковалентті байланыс түзіледі?
3-4
Жаңа сабақ түсіндіру.
Білімділік міндеттері:
-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;
-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;
- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;
-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;
-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.
Жаңа сабақ материалын түсіндіру: Атомдар өзара әрекеттескенде химиялық байланыс түзіледі: ковалентті байланыс Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс ковалентті байланыс деп аталады. Ковалентті байланыс полюсті және полюссіз деп екіге бөлінеді.. Ковалентті полюсті байланыс электртерістігі бірдей атомдар арасында түзіледі. (Н2О2, С12). Молекуладағы атомдар өзара байланысқанда электрон бұлттары жақындап,өзара қаптасады. Ковалентті байланыстың пайда болуын сутек молекуласының түзілуі арқылы түсіндіруге болады.Н+Н=Н2 Н0=- 436кДж/моль
Атомдар жақындасқанда олардың электрондық бұлттары бүркесіп,ядролардың арасындағы кеңістікте максимал электрон тығыздығы бар электрон бұлттары түзіледі.Ортақ ядролардың тығыз теріс аймаққа тартылуы оларды жақындастырып,тұрақты сутек молекуласы түзіледі де,энергия ұтымы болады.