Қ
арама-қарсы спиндері бар жұптаспаған электрондар өзара қосылуы арқылы ковалентті полюссіз байланыс түзіледі.Ол былай жазылады.
+
s1 s1 1s2
Ковалентті полюссіз байланыс электртерістік шамасы аз ажыратылатын атомдар арасында түзіледі.Бұндай байланыс түрі жиі кездеседі.Бұл жағдайда электрон жұбы электртерістігі көп элемент атомына қарай ығысады,мысалы су молекуласында оттек атомына қарай ығысады:
Н2 О,
Коваленттік байланыс химиялық элемент атомдарын энергиялық тиімді ,тұрақты конфигурацияға ауыстырады.
Коваленттік байланыс еселігі ортақ электрондық жұптың санына тәуелді. Хлор, сутек молекулаларында бір байланыс; оттекте -екі байланыс;азотта –үш еселі байланыс.
:N +N: = N ::: N
Полюсті
|
Полюссіз
|
Электрондық бүркесу аймағы электртерістілігі үлкен атомға ығысқан.Мысалы: хлорсутек молекуласы, электрон жұбы сутекке қарағанда электртерістілігі үлкен хлор атомына қарай ығысқан.
|
Ковалентті полюссіз байланыс электртерістік шамасы бірдей атомдар арасында түзіледі
Мысалы: екі атомды молекулалар.
| Коваленттік байланыс электрондық орбиталдардың бүркесу тәсілі бойынша ерекшеленеді.Егер байланыстың электрондық бұлты атомдардың ядроларын қосатын түзуде жатса,онда берік -байланыс алынады.
Р-орбитальдар бүйір жақтарымен бүркескенде берік емес - байланыс түзіледі.
Лабораториялық тәжірибе №3: су молекуласын жинаңдар.
Коваленттік байланыстың маңызды екі сипаттамасы бар:байланыс ұзындығы және байланыс энергиясы. Байланыс ұзындығы ядроаралық қашықтықтың шамасына сәйкес келеді.Байланыс ұзындығы неғұрлым қысқа болса,соғұрлым химиялық байланыс берік болады.Байланыс энергиясы молекуладағы бар байланысты үзуге қажетті энергияға тең. Ол кДж/моль –мен өлшенеді.
|
16-17
|